МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ 5
Университет туралы жалпы мәлімет 6
Университет миссиясы, көрінісі, басым бағыттар мен стратегиялық мақсаттар 7
1 Алматы технологиялық унивеситетінің білім алушысына арналған ішкі тәртіп ережелері 8
2 Жастар кеңесі 12
3 «Технолог» газеті 13
4 Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері 14
5 Білімді басқарудың автоматтандырылған «PLATONUS» жүйесінде жұмыс жасауға арналған нұсқаулық 27
6 Ғылыми кітапхана қызметін пайдаланудың жалпы ережелері 29
7 Білім беру қызметінің төлемақы тәртібі 32
8 Алматы технологиялық университетінің халықаралық ынтымақтастығы 32
9 2015-2016 оқу жылына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспары 37
10 Қысқаша анықтамалық ақпарат 38
Университет туралы жалпы мәлімет
Алматы Технологиялық Университеті (АТУ) бүгінде – Қазақстан мен Орталық Азиядағы тағам және жеңіл өнеркәсібі, бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлылық индустриясы салалары бойынша білім мен ғылымның жетекші орталықтарының бірі. АТУ Болон Декларациясы мен Лиссабон Конвенциясының қағидаларына сәйкес бакалавриаттың – 22, магистратураның – 19 және PhD докторантураның – 11 білім беру бағдарламалары бойынша көп деңгейлі үздіксіз кәсіптік білім беру үлгісін табысты жүзеге асырады.
Халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу мақсатында АТУ 2010 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) қол қойып, Болон үдерісінің толық құқылы мүшесі болды.
АТУ Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU), Еуразия университеттері Одағының (EURAS), Еуропа ректорлары клубының (СRE), Халықаралық студенттермен алмасу жөніндегі қауымдастығының (IAESTE) мүшесі болып табылады.
Еуропалық Университеттер Қауымдастығы Кеңесінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен Алматы Технологиялық Университеті Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EAU) мүшесі ретінде тіркелді.
2014 жылы Алматы Технологиялық Университеті Халықаралық ISEKI-Food (IFA) Қауымдастығына кірді.
2014 жылдан бастап Алматы Технологиялық Университетінде Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институтымен (HTMi, Швейцария) бірлесе «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары бойынша қосдипломдық бағдарлама іске асырылуда.
АТУ әлемнің 86 университетімен келісімшарт жасасып, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығымен қоса оқу бағдарламаларын реформалауды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және халықаралық бағдарламаларға қатысуды көздейтін білімді интернациоландыру үдерісінің белсенді серіктесіне айналды.
АТУ «Биотехнология және азық-түлік» (BIO-NCP) бағыты бойынша FP7 ЕуроОдақ бағдарламасының үйлестірушісі болып тағайындалған.
АТУ-дың білім беру және ғылыми қызметінің жоғары сапасы: еуро-инженер EUR-ACE® белгісін табыс ету құқығын беретін ASIIN агенттігіндегі (Германия) Бейінді бағдарламаларды халықаралық аккредиттеумен; Институционалды аккредиттеумен; Мемлекеттік аттестаттаумен; Бакалавриат, магистратура және докторантураның барлық білім беру бағдарламаларын мамандырылған аккредиттеумен; ISO 9000 Сапа менеджменті жүйесінің сертификатымен; “EUROPEAN QUALITY” номинациясы бойынша халықаралық марапаттарымен, Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін Халықаралық қорының (Швейцария), Өнеркәсіпке қолдау қауымдастығының (Франция) алтын медальдарымен расталған.
2015 жылғы Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінде АТУ 5 орынды; 2015 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Тәуелсіз рейтингісінде 10 орынды иеленді, ал тамақ және жеңіл өнеркәсібі, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясы саласы бойынша негізгі бейінді мамандықтары Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының Бас рейтингісінде жыл сайын бірінші орындарға ие.
Кәсіпорындардың ұлттық бизнес-рейтингісінде АТУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында «Өтімділік көрсеткіштері» номинациясында 2-ші орында тұр.
АТУ-дың жабдықталған материалдық-техникалық базасы бар: оқу-ғылыми-өндірістік орталықтар, өзекті бағыттар бойынша жұмыс жасайтын ҒЗИ, дәрісханалар мен зертханалар, заманауи компьютерлік кластар, кітапхана және оқу залдары, жатақханалар, асханалар, мәжіліс және спорт залдары, дәрігерлік бөлім және баспахана. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда интернетке (WiFi) тегін кіруге мүмкіндіктер бар.
Миссия: Білімді, ғылымды және өндірісті ұштастыру мен үздік халықаралық тәжірибелер негізінде Қазақстан Республикасының тағам, қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, бизнес, туризм, қонақжайлылық индустриясын кадрлық және ғылыми-инновациялық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу.
|
Көрінісі: Алматы технологиялық университеті – бәсекеге қабілетті сапалы мамандарды үздіксіз, көпдеңгейде дайындау үшін білім бағдарламаларын жүзеге асыратын және ел экономикасының түрлі салаларының индустриалды инновациялық тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулер жүргізетін жаңа үлгідеге зерттеуші университет.
Басым бағыттар мен стратегиялық мақсаттар
Ұлттық және халықаралық талаптарға сай университеттің білім беру қызметін жаңғырту.
Мақсат: білім беру сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру.
Ғылыми-зерттеу үдерісін және инновациялық қызметті жаңғырту.
Мақсат: ғылымды, білімді және өндірісті ұштастыруға бағытталған университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жетілдіру.
Тиімді менеджмент ұйымдастыру және корпоративті басқару принциптерін енгізу.
Мақсат: университеттің барлық бағыттағы жұмыстарында сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыру, диагностикалау және жетілдіру.
Университет инфрақұрылымын жаңғырту.
Мақсат: университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Жастарға азаматтық патриоттық тәрбие беруді жетілдіру.
Мақсат: университет түлегін жоғары мәдениетті, әлеуметті-жауапты тұлға ретінде қалыптастыру.
| 1 Алматы технологиялық унивеситетінің білім алушысына арналған ішкі тәртіп ережелері
Білім алушы құқылы:
мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде және ақылы негізде білім алуға;
оқу үдерісіне қатысуға қажетті ақпаратты еркін алуға;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға;
студенттік өзін-өзі басқару органының жұмысына және мәдени-көпшілік шараларға қатысуға;
өзінің жұмыстарын АТУ-да және басқа басылымдарда жариялауға;
бос уақытында оқуды еңбекпен ұштастыруға;
оқудағы, ғылыми және шығармашылық жетістіктері үшін ынталандыру шараларына ұсынылуға;
ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдерін бұздыру туралы шағым беруге.
Білім алушы міндетті:
ҚР Конституциясы мен заңдарын, АТУ-дың Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін, жатақханада тұру Ережелерін және басқа да нормативтік актілерді сақтауға;
ҚР мемлекеттік рәміздерін, ұлттық мәдениетті, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттілігін қадірлеуге және құрметтеуге, университет дәстүрлерін мұқият сақтап, молайта түсуге;
елдегі тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған ақпаратты таратпауға, рұқсат берілмеген жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, ереуілдерге қатыспауға;
ұқыпты, таза, жалпыға ортақ қалыптасқан киім үлгісімен киінуге міндетті;
сабақтың барлық түрлеріне кешікпей, оқу кестесіне сәйкес қатысуға;
сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіріп қоюға;
сабақ үстінде сөздерімен, жүрісімен оқытушыға бөгет жасамауға;
денсаулығына немесе басқа да дәйекті себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге;
оқу тобының, курстың, факультеттің жұмысына қатысуға ұмтылуға;
оқу пәндері бойынша СӨЖ-ін жасауға;
университет мүлкіне, кітапханалық-ақпараттық және басқа да ресурстарға ұқыпты болуға;
оқу ғимараттарында шылым шекпеуге, ластамауға, сағыз шайнамауға, тәртіп пен тазалық сақтауға;
университет жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада тұру ережелерін сақтауға.
Университет ғимаратында қатаң тыйым салынады:
сырт және бас киіммен жүруге;
сабақ үдерісі кезінде аудиторияда немесе коридорда қатты сөйлеуге, балағат сөздер айтуға, шулауға;
оқу ғимаратында темекі шегуге, алкогольдік сусындар ішуге, нашақорлық немесе токсикологиялық күйде жүруге, наркотик немесе психотропты заттарды таратуға;
университетте, жатақханада студенттік билетсіз жүруге;
университеттін мүлкіне зиян келтіруге, рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынады.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛУ ТӘРТІБІ
Басқа қаладан келген немесе шетелдік білім алушыларға жатақханадан орын беріледі.
Білім алушыларға жатақханалардағы орындарды факультеттердің декандары береді. Ол үшін білім алушы:
Факультет деканының атына өтініш толтырады.
Жатақханадағы орын мен келісуші жақтардың жауапкершілігі туралы университет басшылығымен келісім-шартқа отырады.
№ 1 жатақхананың екінші қабатында орналасқан денсаулық пунктінде дәрігерлік қараудан өтеді.
Ордер алғанға дейін жатақханада тұрудың төлем ақысының жалпы сомасының кем дегенде 50% -ын, ал қалған сомасын қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін «ЦентрКредит Банкі» АҚ арқылы төлейді.
Тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор арқылы жатақханаға электронды түрде тіркеледі.
Факультет деканының орынбасарынан жатақханаға тұру үшін ордер алады.
Жатақханадан бөлме алу үшін барлық құжаттармен комендантқа жолығады.
Жатақхана тұрғындарының құқығы:
ішкі тәртіп және келісімшарт ережелерін сақтаған жағдайда берілген орында оқу жылының соңына дейін тұруға;
жатақхананың санитарлы-тұрмыстық ғимараттарын, бөлмесін, жуынатын бөлме, дәретхана және т.б. пайдалануға;
декандардың орынбасарлары мен коменданттың жазбаша рұқсатымен ғана бір бөлмеден екінші бөлмеге ауысуға;
жатақхананың Студенттік Кеңесін сайлауға және сайлауға түсуге, Студенттік Кеңестің жұмыстарына қатысуға, жатақхананың тұрмыстық өмірін жақсартуға үлес қосуға.
Жатақхана тұрғындарының міндеттері:
жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға;
электр энергиясын, газ бен суды үнемдеп жұмсау. Бөлмеден немесе жатақханадан шыққанда ыстық және суық су шүмектерін жауып, терезе, есіктерді жауып, жарықты және электрқұрылғыларын сөндіріп кетуге;
бөлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына өткізуге, жатақхананы тек тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бөлмені бөтен адамға бермеуге;
жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға, көпшілік орындарда тазалық пен тәртіпті қатаң ұстауға, тұрғылықты бөлмеде жиі тазалық жұмыстарын жасауға;
жатақхананың мүлкіне материалды жауапкершілікте болуға, жатақхананың мүлкіне зиян келген жағдайда материалдық шығынның ақысын өтеуге;
жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға;
университет әкімшілігінің, коменданттың рұқсатынсыз жатақханаға бөтен адамды кіргізбеуге.
Жатақхана тұрғындарына қатаң тыйым салынады:
декандардың орынбасарларының жазбаша рұқсатынсыз өз еркімен бір орыннан екінші орынға ауысуға. Ордерде көрсетілген бөлмеде тұрмаған жағдайда, ол білім алушы жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін бұзған болып саналады;
жатақхана комендантының рұқсатынсыз жеке пайдалануға берілген мүліктерді өз еркімен бір бөлмеден екінші бөлмеге тасуға;
жатақханаға кіру рұқсат қағазын жатақханаға кіру үшін бөтен адамға беруге;
жатақхананың кез-келген жерінде темекі шекпеуге, жатақханада алкогольді, нашақорлық күйде келуге, сонымен қатар есірткі, психотропты, алкогольді заттарды таратпауға және пайдалануға;
аудио, теле және видеоаппаратура қондырғыларын барлық қатты дауыста қоюға;
үй жануарларын пайдалануға, бауырымен жорғалаушы және құстарды асырауға;
жатақхана айналасын ластауға, ас әзірлейтін бөлмеде, көпшілік пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға;
электрқондырғыларын пайдалануға, соның ішінде сапа сертификаты жоқ электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға;
шатырға шығуға, көтерілуге, балкон мен терезелерге асылып тұруға, отыруға;
құмар ойындар ойнауға, балағат сөздер сөйлеуге, ұрыс-төбелес ұйымдастыруға;
басқа тұрғындардың бөлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге;
жоғарыда көрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзған жатақхана тұрғындары, сонымен қатар техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді, жатақханада тұру келісімшартын бұзған, жатақхана қызметкерлерін, студенттік кеңес мүшелерін, қабат жауаптыларын сыйламағандар жатақханадан шығарылып, жатақханада тұру үшін төленген ақша қайтарылмайды.
Жатақханаға кіру тәртібі мен қонақтарды кіргізу тәртібі
Жатақханаға кіру тәртібі комендант берген арнайы үлгідегі рұқсат қағазының көмегімен жүзеге асырылады.
Рұқсат қағазы – жатақханаға кіруге рұқсат беретін негізгі құжат болып табылады, ол жоғалған жағдайда қайта жасату керек. Жатақханаға кіру уақыты жаз уақытында 07:00-ден 23:00-ге дейін, ал қыс уақытында 07:00-ден 22:00-ге дейін.
Жатақханаға 22:00 мен 07:00 аралығында кіру тек рұқсат қағазы немесе жұмыс орнынан берілген анықтамада декан мен тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың бұрыштамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.
БІЗДІҢ ДӘСТҮР
Сіз көп жылғы тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жоғарғы оқу орны – Алматы технологиялық университетінің студенті атандыңыз. Алдағы 4 жыл ішінде ол Сіздің екінші үйіңіз болып кетеді. Университет табалдырығын аттаған жағдайда, жалпыға ортақ арнайы тәртіп ережелерімен жүру керек. Оларды сақтау – табыс пен түсіністіктің кепілі.
Университетке жинақы киініп келіңіз – себебі, Сіздің сырт келбетіңізге қарап, білім алушы екеніңізді кез-келген адам түсіну керек.
Жан-жағыңыздағы адамдарға сыйластық танытыңыз – егер кіре/шыға беріс есікте көп адамдар жиналып қалса, жігіттер қауымы қыз балаларға жол беруі керек, ал білім алушылар – университет қызметкерлерін өткізіп жіберуі тиіс. Университетке кіргенде жігіттер қауымы бас киімдерін шешіп, ал сырт киімді барлық білім алушылар гардеробқа өткізу керек. Лифтке кірерде білім алушылар университет қызметкерлері мен оқытушыларға, жігіттер – қыздарға, кішілер - үлкенге жол беруі тиіс. Көпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сөйлесуге, барлық дауыста музыка тыңдауға тыйым салынады.
Вахтадан өтерде күзет қызметкеріне студенттік билетіңізді немесе жеке бас куәлігін көрсетуді ұмытпаңыз. Университетке келудегі мақсатыңызды айтыңыз. Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз университетке кіре алмайсыз. Көпшілік ортада романтикалық қатынастарыңызды, құшақтасып, сүйісуді ысырып қойыңыз. Себебі, бұл Сіздің айналадағы адамдарды сыйламайтындығыңызды көрсетеді.
Кіммен қалай сөйлесу керектігін ұмытпаңыз: өз ойыңызды анық жеткізіңіз, жаргон сөздерді қолданбауға тырысыңыз! Оқытушымен сөйлескенде өте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен қатар, университетте қалай болса солай сөйлеуге болмайтынын ескертеміз!
Сабаққа уақытында келіңіз: білім алушылар аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып, кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Есіңізде болсын, оқытушы Сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! Бұл жағдайда оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол бермеңіз!
Оқу ғимаратында тазалық сақтаңыз – университетте кез-келген қоқысты тастауға арналған орындар бар.
Университет қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсететін суреттер салуға, шимайлауға тыйым салынады. Бұл Сіздің тәрбиесіздігіңізді көрсетеді және сіз университетті материалдық шығынға ұшыратасыз.
Университетте рұқсат берілмеген хабарландыруларды ілуге тыйым салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат ілгіңіз келсе, тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың рұқсатын алу қажет.
Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады. Қандай жағдай болмасын, Сіз Алматы технологиялық университетінің студенті атанып, өмірдің бір сатысына көтерілдіңіз!
Сіздің көмегіңізбен біз мықты боламыз!
Достарыңызбен бөлісу: |