Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет15/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

192-іс-шара:Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету







БҒМ

ЖАО


2011-2015 жж.




777,2

775,5

ЖБ




Іс-шара орындалды

Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларға көмек көрсету үшін республиканың 16 өңірінде 18 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді.

КБО-ларға 7 054 кәмелетке толмағандар түсті, оның ішінде 902 – ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар, 5 990 - қадағалаусыз және панасыз қалғандар, 71 - девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жолданатындар, 91 – өмірлік қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандар.

Орталыққа түскен кәмелетке толмағандар қатарынан 6 787 бала орналастырылып, олардың ішінен 5 980 кәмелетке толмағандар отбасыларына берілді, 571-і жетім балалар мен АҚҚ балаларға арналған ұйымдарға жолданды, 88-ін адамдар өз қамқорлығына алды, 20-сы патронатқа, 76-ы арнайы мектепке жолданып, 36-сы басқа облыстардың КБО-ларына берілді, 9-ы басқа елдердің КБО түріндегі ұйымдарына және 7-уі қонақ отбасына берілді.

Барлық КБО-ларда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларға көмек көрсететін Отбасына қолдау көрсету қызметтерінің жұмысы ұйымдастырылған.

Көрсетілген кезең ішінде Қызметтер 414 ата-анаға және 678 кәмелетке толмағандарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетіп, 1 546 ата-анаға және 1 335 балаға консультациялар берді. 340 отбасына, 103 оқу орнына және 89 жетім балаларға арналған ұйымға шығулар жүзеге асырылды.

КБО-лардағы Отбасына қолдау көрсету қызметтерінің құрамында КБО қызметкерлері, ювеналды полиция инспекторлары бар мобилді топтары тұрғылықты жері бойынша жағдайы төмен отбасыларына патронаж жүргізеді.


198

193-іс-шара:Жоғары оқу орындары проректорларының, жастар ісі комитеттері өкілдерінің қатысуымен ЖОО-лардағы тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды өткізу







БҒМ

2011-2015 жж.







0

0

РБ

040

Іс-шара орындалды

2015 жылғы 25 мамырда Еуразия ұлттық университетінде «Елбасымен бірге жастардың жүз қадамы» жастар форумы өткізілді, оған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. Жастар мәселесі «Мәңгілiк ел» ұлттық идеясы және «5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» ұлттық жоспары шеңберінде қаралды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, республикалық жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, ЖОО тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары, облыстық білім және жастар саясаты басқармаларының басшылары және БАҚ қатысты.

2015 жылғы 27 қазанда «Мен Салауаттылықты таңдаймын!» девизімен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де, сондай-ақ ҚР ІІМ Қостанай облыстық академиясында психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу жөнінде семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушы жастар арасында психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу жөнінде ақпараттық науқан өткізу, салауатты өмір салтының принциптерін қалыптастыру.

2015 жылғы 26 - 29 қазан аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында Халықаралық студенттер күніне арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» өңірлік фестивалі өткізілді.

Фестиваль бірнеше бағыттар бойынша ұйымдастырылды: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы жастардың рөлі» тақырыбына дөңгелек үстел; әлеуметтік бейнероликтер конкурсы; қазіргі заманғы би конкурсы; пікірталас турнирі (қазақ, орыс лигалары); жастар арасындағы КТК ойындары (мемлекеттік және орыс тілдерінде); спорт сайыстары (жас жігіттер мен қыздар арасында волейболдан жарыс).

2015 жылғы 7 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында студенттік өмірді талқылауға және жастар саясатының мәселелеріне арналған «Жастар - болашақ үшін» атты І жастар Студенттік форумы өткізілді. Форумның жұмысына ЖОО, колледждер, мектептердің өкілдері, облыстың қоғам қайраткерлері, жастар мен студенттер ұйымдарының өкілдері, Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері, сондай-ақ Павлодар облысының білім басқармасының өкілдері қатысты.



Мекемеаралық өзара әрекеттесу сараптамасы


Нысаналы индикатор/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Әрекеттесудің талдауы

Индикатор:

Орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (жоспар - 50%, факт – 15%)



БҒМ

ЖАО


Индикаторға қол жеткізілмеді

2013 жылы электрондық оқыту Тұжырымдамасының жаңа жобасы өңделді. 2014 жылғы сәуірде ҚР Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған электронды оқыту тұжырымдамасын мақұлдады (16.04.2014ж. № 20-5/И-248 хаттама) және БҒМ бұйрығымен бекітілді (06.11.14ж. № 453).

Электронды оқыту тұжырымдамасы шеңберінде акценттер техникалық жарақтандырудан контентке қайта бағдарланды (цифрлық білім беру ресурстары).

Содан басқа 2014 жылы 2016-2020 жылдарға ТЭН жаңа жобасы өңделіп мемлекеттік органдарға келісім алуға жіберілді. Сонымен қатар ИДМ-ге келісім алуға инвестициялық ұсыныс жіберілді (28.02.2015 жылғы №01-3-02-8/594-И).

2015 жылдың 31 наурызда ИДМ ескерту мен ұсуныстар хаты жіберілген (№30-30-13/3281, 31.03.2015 жыл).

Осы жылғы 15 тамызда ИДМ-ның ескертулермен өзгертілген инвестициялық ұсыныс қайтадан жіберілді.

Содан басқа ҰЭМ «2016-2020 жылдары орта білім беруді ақпараттандыру» инвестициялық ұсыныс туралы ҚР мемлекет басшының тапсырмасы бойынша өндіріс және қаржы қуаттарының негізгі бөлімі іске қосылған үлкен инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр, сонымен қатар РБ және мемлекеттік борышқа жүктемесі қскенінен кейин ИДМ-ның салалық сараптаманың нәтижесінде айтылған ескертулерді жоюымен «Ақпараттық жүйе құру «Электрондық оқыту 2011-2014 жылдарда» жобаның 1 кезеңін орындаудан кейін осы Жобаға қыйтып келуін жөн көреді. Содан басқа «Штаттарды кеңейтуге, жалақыны ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мараторий белгілеу туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 19 қазандағы №10137/1.2-08/15363 Жарлығы бойынша 2018 жылға дейін қаржы жетімсіздігі және табыстық негізін өрістету мүмкіндігін беретін жаңа жобаларды іске асырудың себебінен басқа бастамаларға мораторий қойылды.

Анықтама: 2011-2013 жылдары электронды оқыту жүйесіне тек 1 075 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп пен 84 мемлекеттік колледж қосылды.

Қаражаттың қысқаруына байланысты 2013 жылы жоспарланған 926 білім беру ұйымының тек 578-і ғана жарақтандырылды және жүйеге қосылды.

2014 жылы электронды оқыту жүйесіне қосылу жоба алды талдауын жүргізуге, Техникалық тапсырма мен ТЭН-ді түзетуге байланысты жүзеге асырылмады.


Индикатор:

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған (жоспар – 1,5,11 сыныптары, факт - 1 сынып (апробация))



БҒМ

ЖАО


Индикаторға қол жеткізілмеді

Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы – 2050» стратегиясында: «Жалпы білім беретін мектептерді НЗМ-да оқыту деңгейіне тарту қажет. Мектеп оқушыларын оқыту нәәтижесі олардың сыни ойлау, дербес іздену және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі болуы тиіс» деген тапсырмасында НЗМ тәжірибесі ескеріле отырып, 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұны айқындалды.

Бұдан басқа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын арттыру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу 2016 жылдан бастап көзделген.

12 жылдық білім беруге толық көшуді 2020 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 пилоттық мектепте бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуды сынақтан өткізу басталды.

ҚР БҒМ:


- Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірледі және бекітті (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы);

- 12 жылдық білім беру моделінің құрылымын айқындады: мектепке дейінгі (1) + бастауыш мектеп (4) + негізгі мектеп (5) + жоғары мектеп (2);

- 2 бағыт бойынша (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бейінді оқыту көзделген негізгі және жоғары сыныптардың МЖС жобаларын әзірледі.


Көрсеткіш:

Магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі (жоспар - 10 % кем емес, факт – 0)



БҒМ

Көрсеткішке қол жеткізілмеді

Бейіндік мектептерді («Бейіндік мектеп») жалпы білім беру пәндерінің жоғары оқу орындарындағы құрамдауыштары бар интеграция шеңберінде 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде құру жоспарланды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын көтеру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуді 2016 жылдан бастау жоспарлануда.


Көрсеткіш:

Жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі (жоспар – 10%, факт – 1,7%)

БҒМ

Көрсеткішке қол жеткізілмеді

2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің саны 69 305 құрады. Оның ішінде 1 202 мұғалім (1,7%) ағылшын тілінде сабақ береді.

Педагогтер мәртебесі мен жалақысының төмендігіне байланысты көрсеткішке қол жеткізілмеді. Бұдан басқа, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге үстеме ақы берілмейді.

Бастауыш мектеп мұғалімінің орташа айлық жалақысы - 58 541 теңгені (ел бойынша орташа жалақыдан 47%), негізгі орта және жоғары мектептерде – 76 005 теңгені (ел бойынша орташа жалақыдан 61%) құрады. Ал ел бойынша орташа айлық жалақы 124 137 теңгені құрайды (ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша).

Мемлекеттік бағдарламада көзделген педагог қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделі (еңбекақы төлеуді енгізудің нәтижеге бағдарланған тетігі мен біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақы мөлшерін есептеу үшін қолданылатын сараландырылған коэффициенттерді енгізу) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қана енгізіледі (жалақыны 29%-ға дейін көтеру).

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамын іске асыру мақсатында («Білім беру жүйесінде – жоғары мектеп пен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу») ҚР БҒМ ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу шараларын әзірледі.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде 400 пән мұғалімін ағылшын тіліне оқыту жөніндегі пилоттық жоба қаржыландырылады.

Премьер-Министрдің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның хаттамалық тапсырмаларына сәйкес (2015 жылғы 15 қазандағы және 25 желтоқсандағы) ҚР БҒМ-ге 2016-2017 оқу жылынан бастап ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер үшін ынталандыру компонентін қарастыру және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін ағылшын тілін білу талаптарын (IELTS, TOEFL) енгізу тапсырылған.



Көрсеткіш: Бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі (жоспар – 15 % кем емес, факт – 0)

ЖАО,

БҒМ


Көрсеткішке қол жеткізілмеді

Бейіндік мектептерді («Бейіндік мектеп») жалпы білім беретін пәндерді жоғары білім беру компонентімен интеграциялау шеңберінде 12 жылдық білім беруге көшу кезінде құру жоспарланған.

Бұдан басқа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын арттыру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу 2016 жылдан бастап көзделген.


Көрсеткіш:

Жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары бар Назарбаев Университетінің магистранттары мен докторанттарының үлесі (2015: жоспар –10%, факт – 1%)



БҒМ

«Назарбаев Университеті» ДББҰ



Көрсеткішке қол жеткізілмеді

2015 жылы Назарбаев университетінде барлығы магистратура бағдарламасы бойынша 389 адам, докторантура бағдарламасы бойынша 66 адам білім алуда.

Олардың Жоғары білім беру мектептерінде ғылыми журналдарда жоғары импакт-факторы бар 11% білім алушының жариялымы бар. Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде - 1,6%, Ғылым және технологиялар мектебінде - 4%.

Қорытынды: 455 студенттің (магистранттар мен докторлар) 5-нің ғана 2015 жылы жариялымы бар, ол 1%-ды құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет