Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет14/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Іс-шара орындалды

2015 жылғы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы «БИИК» стадионында «Көктем - Күз 2015» атты футболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының ашылу салтанаты болып өтті.

Турнирге Оңтүстік Қазақстан облысының ЖОО командалары қатысты.

Бұдан басқа, 2015 жылғы 20 мамырда ЖСД мен «Жастар» ҒЗО өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.М. Бегентаевтің ҚМЭБИ университетінің студенттерімен және магистранттарымен кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері талқыланды.

2015 жылғы 25 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Елбасымен бірге жастардың жүз қадамы» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың жастармен кездесуі өтті.

Іс-шараға республикалық жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, ЖОО тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, облыстық білім және жастар саясаты басқармаларының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БАҚ қатысты.

2015 жылғы 8 - 12 маусым аралығында Павлодар облысында «Қазақстан студенттерінің альянсы» атты республикалық студенттік қозғалыс «Болашақ біздің қолымызда!» форумын өткізді, оған ҚР ЖОО мен колледждерінің студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қалалық және облыстық БАҚ қатысты.

Аталған форумның міндеттері: елдегі студент жастарды шоғырландыру және белсенді ету, Болон процесінің мақсаттарын іске асыру, ҚР Президенті Н. Назарбаев жүргізіп жатқан реформалар бағытын қолдайтынын көрсету, белсенді студенттік өмірге тарту және көшбасшылық дағдыларға үйрету.

Форумға 8 облыстан делегаттар қатысты, іс-шараларда жалпы 60 адам қамтылды. Форум шеңберінде семинар- тренингтер, мастер-кластар ұйымдастырылды.

2015 жылғы 4 тамызда Қарағанды облысында «Жас Отан» ЖҚ-ның «Еркін пікір» жобасы шеңберінде «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асырудағы жастардың рөлі» тақырыбына пікірталас клубының отырысы өткізілді.

Пікірталас клубының отырысына «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдардың басшылары, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелері, студенттер, жұмысшы жастар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – облыс жастарын ұлт жоспарының іске асырылу барысы жөнінде хабардар ету, ҚР Президентінің идеяларын танымал ету, белсенді жастар қалыптастыруға жәрдемдесу.

2015 жылғы 21 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес болып өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды:

«Дипломмен - ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және бағдарламаны іске асыру барысында жас мамандарда туындаған өзекті мәселелер туралы».

«Жастар практикасы»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы».

Сондай-ақ жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі көшпелі өңірлік семинар шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктерін айқындауға және әзірлеуге, консультациялық-кеңес беру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимыл жасау жүйесін нығайтуға бағытталған 4 семинар болып өтті.

Семинар жұмысына қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жастар бастамалары орталықтары мен үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

2015 жылғы 25 қыркүйекте Қостанай облысында әкім орынбасарының төрағалық етуімен Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оған жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары, БАҚ қатысты. Кеңес отырысында «Қазақстан – 2020: болашаққа бастар жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы аясында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы мен міндеттері туралы мәселелер мен міндеттер талқыланды.

2015 жылғы 28 - 30 қыркүйекте Астана қаласында мерейтойлық X Еуразиялық KAZENERGY форумы шеңберінде «Жастар. Ғылым. Инновациялар» VIII KAZENERGY Жастар форумы өтті.

Форум шеңберінде инноваторлар өз әзірлемелері мен жаңа технологияларын таныстырған инновациялық жобаларды әзірлеушілер көрмесі өткізілді.

Жастар форумының шеңберінде мұнай-газ секторының ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері, саладағы инновациялар мен энергия тиімділігі, жастардың мұнай-газ индустриясының инновациялық құрамдас бөлігіне қосқан үлесі, халықаралық ынтымақтастық, шикізат өңдеу тиімділігін арттыру және экологияны сақтау мәселелері талқыланды. Форум жұмысына ЖОО студенттері мен жас ғалымдары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

2015 жылғы 5 қазанда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысының Ішкі саясат департаменті мен Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша Гуманитарлық-техникалық академия студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты Қазақстан халқына Жолдауын, мемлекеттік жастар саясатын іске асырумен байланысты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау және түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болды.

2015 жылғы 7 қазанда Ақтөбе облысының Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы жатақханаларда тұратын студенттермен кездесулер ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің жатақханада тұру жағдайларымен, студенттік кеңестер мен жатақханалардың жұмыс жоспарымен танысу. Тиімді жұмыс істеу үшін 7 жұмыс тобы құрылды, олардың құрамына Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың, жастар ресурстық орталығының өкілдері, облыс мәслихатының депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Алғашқы кездесулер К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жатақханаларында өтті.

2015 жылғы 13 қазанда Қостанай облысы әкімдігі Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының, «Жас Отан» корпоративтік қорының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Кеңес Орталығы» консультативтік көмек көрсету орталығы коуч ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның мақсаты - Қостанай облысының жастарын консалтинг-орталықтағы белсенді жұмысқа тарту, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы жөнінде хабардар болуын арттыру.

27 қазанда Қарағанды облысының әкімі Н.К. Әбдібековтың төрағалық етуімен Жастар ісі жөніндегі кеңестің үшінші отырысы болып өтті. Жастар ісі жөніндегі кеңестердің қызметі ең алдымен жастар арасындағы өзекті проблемаларды анықтауға және оларды шешуге бағытталған. Отырысқа облыстық Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары, өңірлердің әкімдері, ЖОО ректорлары мен ҮЕҰ және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

11 қарашада «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенттерімен «Еркін пікір» пікірталас клубының отырысын ұйымдастырды. Өткізілген отырыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты Қазақстан халқына Жолдауын, мемлекеттік жастар саясатын іске асырумен байланысты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау және түсіндіру, сондай-ақ жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша 16-20 қазан күндері Алматы қаласындағы «Достық» СК-да «Күз - 2015» атты футболдан Ұлттық студенттік лиганың мини-футбол ойындарының топтық кезеңі өткізілді.

25-27 қазан күндері Астана қаласында Назарбаев Университеті базасында «Күз - 2015» атты баскетболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының топтың кезеңі өткізілді.


191

185-іс-шара: Жастар арасында мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған іс-шараларды өткізу







БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.

БП 040

шеңберінде



25,5

25,5

РБ

040

Іс-шара орындалды

2015 жылғы 9-11 шілде күндері Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы курорттық аймақта КТК-ның «Жасыбай толкыны» атты кезекті республикалық жазғы фестиваліне бүкіл республикадан 17 қазақ тілді және 10 орыс тілді ең үздік КТК командалары қатысты.

2015 жылғы 18 маусымда Астана қаласындағы Жастар сарайында финалдың 1/4 шығуына арналған «Жайдарман» КТК ойындары финалының 1/8 өткізілді.

2015 жылғы 8 тамызда финалдың 1/2 шығуына арналған «Жайдарман» КТК ойындары финалының 1/4 өткізілді.

2015 жылғы 26-27 қыркүйекте – финалға шығуға арналған «Жайдарман» КТК ойындары финалының 1/2 өткізілді.

Жайдарман» КТК ойындарының финалы 2015 жылғы 14 қарашада өтті.



192

186-іс-шара: Алматы қаласының үлгісінде облыстардың, Астана қаласының жастар саясаты басқармаларының жұмысын құру және ұйымдастыру







ЖАО

2011-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармалар құрылып, олар 10 облыстың және Алматы және Астана қалаларындағы әділет органдарында тіркелген.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармалардың функциялары Ішкі саясат басқармаларына, Оңтүстік Қазақстан облысында Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына берілді.


193

187-іс-шара:Ұйымдастырушылық дағдысы және көшбасшылық қасиеттері бар студенттер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ жастар ұйымдарының басшыларын оқытуға бағытталған «Жастардың кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызметші мектебі» жобаларын іске асыру







ЖАО

2011-2015 жж.



БП 040

шеңберінде



14,1

14,1

РБ

040

Іс-шара орындалды

2015 жылғы шілдеден бастап «Жас Отан» Жастар қанатының республикалық қоры» корпоративтік қоры «Жастар кадрлық резерві» жобасын іске асыра бастады.

1-ші кезең шеңберінде 2015 жылғы 4 шілде -10 тамыз аралығында қатысу үшін жоба сайтына 3024 қатысушы тіркелді. Олардың ішінде 1656 қатысушы іріктеу турынан өтті.

11 тамыздан бастап 13 қыркүйек аралығында барлық өңірлерде конкурстық комиссияның мүшелерімен әңгімелесу өткізілді.

Әңгімелесулер қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі базасында білім беру модулі үшін 32 қатысушы іріктелді.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жоба қатысушыларына арналған 2 апталық тағылымдама өткізілді.



194

188-іс-шара:

Жыл сайынғы Ұлттық Дельфи ойындарын өткізу









БҒМ

2011-2015 жж.



БП 040

шеңберінде



35,4

35,4

РБ

040

Іс-шара орындалды

2015 жылғы 22 мамырда Павлодар қаласында облыстық Дельфий ойындары болып өтті. Ойындарға «Бейнелеу өнері», «Фортепиано», «Домбыра», «Қобыз» ұлттық аспаптары, «Эстрадамен ән айту», «Халық әндерін айту», «Эстрадалық билер», «Халық биі», «Тележурналистика» номинациялары бойынша 24 жасқа дейінгі жас адамдар қатысты.

Ойындарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Дельфий комитетінің қамқорлығымен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ, Павлодар облысының Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып, өткізді.

2015 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында Алматы экономика және статистика академиясы базасында Қазақстан халқының тұрақтылығы мен толеранттылығының негізі - «Мәңгілік ел» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді, бұл мемлекеттің орнықты әрі табысты іргетасы болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында ЖОО басшылығы мен ғалымдар «Мәңгілік ел» идеясының көпқырлы мазмұнын талқылады, оның мәні республика азаматтарының халқымыздың тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін және әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның рөлін терең әлеуметтік-психологиялық ұғынуды білдіреді.

Ғалымдар, оқытушылар және құрылымдық бөлімшелердің басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің дана бастамасын жаппай қолдап, келісімді одан әрі нығайту және тәуелсіз Қазақстанның әл-ауқатын дамыту жөніндегі өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысына ЖОО оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары, Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың өкілдері, Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қорының директоры, академияның профессор-оқытушы құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

2015 жылғы 4-5 маусымда Батыс Қазақстан Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының, «Нұр Отан» партиясының Жастар қанатының, «Жас экономист» қоғамдық бірлестігінің және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен Дельфий ойындары ұйымдастырылып, өткізілді. Конкурстың әртүрлі номинацияларында үш жүзден астам қатысушы өнер көрсетті.

2015 жылғы 14 маусымда Астана қаласында «Үйлесімділік бірлікте!» тақырыбымен ХІ Дельфий ойындары өткізілді. Іс-шара қаланың бес шығармашылық алаңында: Гумилев атындағы ЕҰУ-дің концерт залында, Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің концерт залында, Қазақ ҰӨУ-дің «Шопен» концерт залында, Гумилев атындағы ЕҰУ-дің сәулет кафедрасында және Қазақ ҰӨУ-дің Жамбыл Жабаев залында өтті. Дельфий ойындарының қатысушылары мынадай 12 номинация: бейнелеу өнері, фортепиано, халық аспаптары (қобыз және домбыра), қазіргі заманғы би және халық биі, эстрадалық вокал, театр, декоративтік-қолданбалы өнер, фотосурет, киім дизайны, қысқа метражды кино және бейнероликтер бойынша сайысты. Қатысушылар саны - 200 адамнан астам.

Ағымдағы жылы 19 маусымда Жамбыл облысының Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде ХІ Облыстық Жастар Дельфий ойындары өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігі «Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар орталығы» болып табылады. Дельфий ойындарының 19 номинациясы бойынша («Фортепиано», «Скрипка», «Халық аспаптары: домбыра, қыл қобыз, прима қобыз», «Домбыра халық аспабы», «Академиялық ән айту», «Халық әндерін айту», «Эстрадалық әндер айту», «Баян, аккордеон», «Театр», «Халық биі», «Қазіргі заманғы би», «Классикалық би», «Бал биі», «Киім дизайны», «Фотосурет», «Бейнелеу өнері», «Декоративті-қолданбалы өнер», «Тележурналистика», «Қысқа метражды кино-бейнеролик») облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан 150 адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «BAQORDA» ЖШС ағымдағы жылдың 20-24 қазан күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында республикалық деңгейде XI Ұлттық Дельфий ойындарын ұйымдастырды. Қазақстанның барлық түкпірінен 500-ден астам жас талант 20 номинацияда өздерін танытып, Халықаралық Дельфий ойындарына жолдамалар алу құқығы үшін күресті.

«Тарих толқынында» девизімен XI Ұлттық Жастар Дельфий ойындары өтті.



195

189-іс-шара:Жобаларды іске асыру арқылы жастар ортасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру







БҒМ

2011-2015 жж.



БП 040

шеңберінде



6,7

6,7

РБ

040

Іс-шара орындалды

ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Еуразиялық келісім қоры» қоғамдық қоры 2015 жылғы 17-18 қазанда Астана қаласында «Жобаларды іске асыру арқылы жастар ортасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» жобасы шеңберінде промо-акция өткізді.

Жоба шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау үшін қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Қайырымдылық жәрмеңкесіне Astana MEGA СОО-дан қонақтар қатысты.

«Бірге өмір сүру» республикалық фестивалі - ең тату, талантты, интернационалды жас отбасы конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – жұртшылықтың назарын отбасылық қарым-қатынастардың рөлін, қалың жұртшылық арасындағы қайырымдылықтың рөлін дамытуға, сондай-ақ отбасылар арасындағы салауатты достастық бәсекелестікті қолдауға аудару.

27 қазанда Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – облыс орталығындағы көп балалы және жағдайлары төмен отбасыларды әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету.


196

190-іс-шара:Еріктілер, әскери-патриоттық ұйымдар, әскери-спорттық, әскери-іздестіру және спорттық-техникалық клубтар желісін қалыптастыру арқылы студент жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді дамыту







БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.

254,08

42,2

39,6

РБ

040

Іс-шара орындалды

Барлық өңірлерде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Өңірлердің барлық білім беру ұйымдарында мынадай іс-шаралар өткізілді:

- 1941-1945жж. ҰОС арналған бірыңғай сабақ;

- 2015 жылғы 9 сәуір - 9 мамыр аралығында «Ұлы Жеңіс үшін рахмет!» (сурет салу, шығарма жазу, әскери-патриоттық әндер және т.с.с. конкурстары) еске алу айы өткізілді;

- әдеби кештер, еске алу сағаттары, «Ерлік сабақтары», «Бейбітшілік сабақтары» интерактивті сабақтар, спорттық-бұқаралық, мәдени-ойын-сауық және тәрбие іс-шаралары;

- ҰОС, тыл, Қарулы күштер ардагерлерінің және ерлік жасаған әскери қызметшілердің қатысуымен сынып сабақтары.

2015 жылғы 8 мамырда Астана қаласындағы Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс жолымен» атты ірі ауқымды жастар акциясы өтті.

Іс-шара шеңберінде гүл шоқтарын қою салтанаты, мерекелік концерт, шеру, әскери техника көрмесі болып өтті.

Сонымен қатар республиканың барлық өңірлерінде «Даңқы өшпес полкті» еске алу шарасы өткізілді.

Бұдан басқа, 2015 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысының ардагерлері «Қазақстан» ОКЗ, ҚР Ұлттық мұражайына, «Астана-Бәйтерек» монументіне, Астаналық циркке, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешеніне барып, ардагерлер үшін бос уақытты өткізу мәдени бағдарламасы ұйымдастырылды.

2015 жылғы 14 мамырда «Астана қаласындағы корейлердің этномәдени бірлестігі» ҚБ мен Астана қаласындағы Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарма «Мен - қазақстандықпын» атты Жастар форумын өткізді. Бұл форумның мақсаты - патриотизмді, адамгершілікті, толеранттылықты, бірлікті, еңбексүйгіштікті, денсаулықты, спортты насихаттау және жастар арасында экологиялық тәрбиені дамыту. Форум Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының, қоғам қайраткерлерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өтті.

2015 жылғы 30 сәуір - 19 мамыр аралығында «Балдәурен» РОСО базасында әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің және басқаларының өңірлік слеттерінің жеңімпаз командаларына арналған «Жеңіске теңдесу!» Республикалық әскери-патриоттық клубтар жиыны өткізілді.

2015 жылғы 4 маусымда Маңғыстау облысының мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктері оқу орындарында, әскери бөлімшелерде патриоттық форумдар, Мемлекеттік әнұранды орындау, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығын атап өту бойынша акциялар өткізді.

2015 жылы Павлодар облысында Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Шанырак» БСО» ЖҚБ Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында скауттық жасақтардың жұмысын жоспарлады.

Мамырда «Шанырак» БСО» ЖҚБ жұмыс тобы скауттық қозғалысты дамыту бойынша оқу тренингтерімен барлық аудандарға және 3 қалаға барды. Кездесулерге жас адамдар, мектеп оқушылары, білім, туризм және спорт саласының жұмыскерлері қатысты.

Құрылған скауттық топтар үшін неғұрлым өнімді жұмыс істеу үшін 2015 жылғы 28 маусым - 3 шілде аралығында Павлодар облысында шатырлық лагерь ұйымдастырылды, оның жұмысына өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан 60-тан астам адам қатысты.

Лагерь бағдарламасында – оқу тренингтері, спорттық-ойын-сауық бағдарламасы, табиғатта өмір сүру курсы, скаутинг негіздері және тағы басқалары.

Қазіргі уақытта «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығы түріндегі ЗТБ-мен «Ерікті қозғалысты дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу» қызметін көрсетуге арналған шарт жасалды.

2015 жылғы 8 шілдеде Қостанай облысында «Жас отбасының отбасылық бюджетін қалыптастыру» тақырыбына семинар өткізілді, оған жастар және жас отбасылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар мен жас отбасыларының экономикалық сауаттылығын қалыптастыру, үй шаруашылығы деңгейінде қаржыны жоспарлауға үйрету, қазіргі уақыттағы отбасы бюджетін оңтайландыру дағдыларына үйрету.

2015 жылғы 7 тамызда Алматы облысындағы Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарма «Жастар-Отанға!» жобасы шеңберінде «Айбын» спорт жарысын өткізді. Жарысқа қатысушылар – 18-23 жастағы жастар, өңірдің 8 ауданынан «Жас Отан» ЖҚ белсенділері. Жарыс Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған. Негізгі мақсаты – жастардың патриоттық тәрбиесі.

2015 жылғы 14 тамызда «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы шеңберінде Шекарашы күнінің құрметіне «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармамен бірлесіп жас отандықтар мен ҚР ІІМ ТЖК КТИ курсанттарының тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдар ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаттары – ұрпақтар диалогы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақтастық, патриотизм сезімін, дәстүрлер мен аға ұрпаққа деген құрметті нығайту.

Бұдан басқа, Астана қаласында 2015 жылғы 26 - 28 тамыз күндері 36-шы десанттық-штурмдық бригада аумағында ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен жастар ҮЕҰ өкілдері үшін «Жастар-Отанға!» атты Жастар лагері өткізілді.

Жастар лагерін ұйымдастырушы – «Ардагерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі. Ашылу мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру.

Лагерьдің 300 қатысушысы үшін үш күн ішінде әскери-патриоттық тақырыптарға дәрістер мен семинарлар, әскери бөлімдердің көрсетілімдік қойылымдары, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі, спорттық жарыстар, флеш-мобтар мен Отанын сатушылар әйелдерінің Ақмола лагеріндегі «Ақмол» мемориалдық кешеніне экскурсия (АЛЖИР) жоспарланды.

Тараз педагогикалық институтында Қазақ хандығы мерейтойының 550 жылдығы шеңберінде алғаш рет қазақ эпостық поэмалары мен ән жырларын орындаушылардың облыстық конкурсы өтті.

Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық университетінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы: халық тарихындағы әйелдің рөлі» тақырыбына ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын, Қазақ хандығының қалыптасуы және даму тарихы, хандар мен сұлтандардың, қазақ әйелдерінің тарихи рөлін зерттеулер және оларды танымал ету.

2015 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да осы жылдың маңызды мерекелерінің бірін – Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Іс-шараға студенттер, ғалымдар, жазушылар, ақындар, Қазақстанның қоғам қайраткерлері қатысты. Конференция шеңберінде сонымен қатар көрмелер ұйымдастырылды. Экспозициялардың бірінде бірегей тарихи құжаттар, фотосуреттер ұсынылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде Алматы қаласында Алматы локомотив пайдалану депосы базасында жұмысшы жастармен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның нығаюы мен дамуындағы жұмысшы жастардың рөлін айқындау.

2015 жылғы 26 қазанда «Қазақстан халқының Ассамблеясы» ұйымының ғимаратында «Егемен елдің еңсесі биік» тақырыбына әскери-патриоттық конкурс өтті. Конкурсты ұйымдастырушы - Ақтөбе облысының Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы.

Әскери-патриоттық әндерді насихаттау, азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, жастар мен жастар театрларының шығармашылық бастамасын дамыту конкурстың мақсаты болып табылады.

29 қазанда Астана қаласындағы Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Алаң» аула клубының ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі күні бұл клубта шахмат, тоғызқұмалақ, дзюдо және карате үйірмелері жұмыс істейді.

Жол картасына сәйкес ҚР БҒМ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп 2015 жылы Қазақстанда волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу жөніндегі әлеуметтік жоба іске асырылды:

24-28 қазанда «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде волонтерлік қызметке дайындық жөніндегі волонтерлер мектебі болып өтті, онда 150 супервайзер мен 200-ден астам волонтер оқытылды.

10 қарашада «Волонтерлік жөніндегі ең үздік жоба», «Волонтерлік қызметті жүзеге асырған ең үздік ұйым» және «Ең үздік волонтер» номинациялары бойынша «Ең үздік волонтер – 2015» республикалық конкурсы өтті.

5 қарашада Қарағандыда «Мәңгілік алау» әскери даңқ мемориалында Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп жас әскерге шақырылушыларды әскерге салтанатты түрде жөнелту рәсімі өткізді. Іс шараға Қарағанды облысының әкімі, ҰОС ардагерлері, ауғандық жауынгерлер, «Астана» және «Орталық» әскери қолбасшылық басшылары, облыс жастары қатысты.


197



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет