Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет17/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Көрсеткіш:

Мектепалды даярлықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың үлесі

1. Демография. Бала тууның өсуі жалпы білім беретін мектептердің контингентін, сонымен бірге мектепалды даярлық сыныптарының, өсуіне ықпал етеді.


2015-2016 оқу жылынан бастап 30 пилоттық мектеп негізіндегі 6 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін Мектепалды даярлықтың білім беретін бағдарламасын және ОӘК сынамалау басталды (24мектеп алды сыныптары 495 бала контингентімен).

2015-2016 оқу жылынан бастап 5 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепалды даярлығы енгізілген 77 бала бақша негізіндегі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының жобасын сынамалау басталды.

2015 жылы 5-6 жастағы балаларды мектеп алдындағы дайындықпен қамту осы санаттағы қамтылуы тиіс балалар санынан (411 396 адам) 99,7%-ды (410 139 адам) құрады.

Оның ішінде балабақшалардың мектепке дейінгі дайындық топтарында мектеп алдындағы дайындық бағдарламасын 147 698 (2014 - 154 976), мектепке дейінгі шағын орталықтарда - 41 268 (2014 - 46 237), мектептердің мектап алдындағы сыныптарында - 221 173 бала (2014 - 219 812) өтті.

Осылайша, мектепке дейінгі дайындықпен барлығы 1 257 бала (2014 - 1 711) қамтылмаған.

Олардың ең көп саны - Алматы облысында (991), ең аз саны - Алматы (63) қаласында.

Өңірлік салыстыру бойынша Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Костанайской, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында балаларды мектепке дейінгі дайындықпен 100% қамтуға қол жеткізілді.

Бұл көрсеткіш, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында (99,5%) және Алматы қаласында халықтың тығыз орналасуына қарамастан, осы өңірлерде де барынша жоғары (99,7%).



Көрсеткіш:

Балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі Мемлекеттік және жергіліктік бюджетінен мемлекеттік тапсырысқа шығарылған әдістері жекеменшік балабақшаларға арналуы басқа балабақшамен шағын орталықтар ашылуына себеп болады.



2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 241 балабақша жұмыс істейді, оның ішінде 1553 (36,6%) жеке меншік болып табылады (контингенті 141,7 мың бала).

Жалпы орын санынан мемлекеттік тапсырыс есебінен 111,6 мың орын (28,7%) мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарында орналастырылды (барлығы мемлекеттік тапсырыс - 388 мың орынды құрайды).



Көрсеткіш:

Жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіштің жетуіне ықпал ететін факторлар жоқ


2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалпы саны 80 857 адамды құрады. Оның ішінде:

- 15 832 – жас мамандар;

- 669 – зейнеткерлік жастағы педагогтер;

- 6 479 - толық күн жұмыс істейтін балабақшалар мен шағын орталықтардың меңгерушілері;

- 171- педагогикалық сынып бітіргендер;

- 550 – жалпы орта білімі барлар;

- 19 – ғылыми дәрежесі бар педагогтер;

- 2019 – арнайы түзету балабақшаларының педагогтері;

- 362 - жалпы үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтардың педагогтері.

Осылайша, біліктілік талаптарына сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс педагогтер саны 51 756 адамды құрады.

Оның ішінде 15 786 педагог жоғары және бірінші санатқа аттестатталды (ҚР БҒМ-нің 2013 жылғы 7 тамыздағы №323 бұйрығы).

Жоғары және бірінші санаты бар педагогтердің ең аз үлесі Қызылорда (18,9%), Оңтүстік Қазақстан (20,8%), Жамбыл (26,7%), Алматы (27,7%), Батыс Қазақстан (28,2%), және Шығыс Қазақстан (28,9%) облыстарында байқалады.

Олардың ең жоғары үлесі Алматы қаласында (49,1%), Қарағанды (42,2%) және Қостанай (37,5%) облыстарында байқалады.


Көрсеткіш:

Көп тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

Ағылшын тілін білетін педагогтердің жетпеусіздігі


2015 жылы көптілді білім беру жүйесін құру мақсатында барлық мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың МЖБС балаларға 3 жасынан бастап орыс, қазақ және шетел тілдерін оқыту енгізілді.

2015 жылы 4241 балабақшаның 625-сінде білім беру процесі көптілділікті есепке ала отырып құрылған.

30 пилоттық мектептің 24 мектепке дейінгі даярлық сыныбында көптілділік принципі бойынша әзірленген инновациялық интерактивті оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) сынақтан өткізу жүргізілуде.

Сынақтан өткізу қорытындылары бойынша «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес ОӘК «Оқулық» РҒПО-ға сараптамаға жіберіледі (ҚР БҒМ 2012 жылғы 24 шілдедегі №344 бұйрығы).



Көрсеткіш:

Инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

Көрсеткіштің жетуіне ықпал ететін факторлар жоқ


ҚР ҰЭМ бірлесіп әзірленген мектепке дейінгі ұйымдардың типтік жобаларында, еркшеліктердің бірі болып инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

4241 балабақшаның 387-сінде инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған (пандустар, кіреберістер, көтергіштер).

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін даму мүмкіндіктері шектеулі балалар контингенті 5 461 баланы құрайды.


Көрсеткіш:

Педаготтердің жалпы санындағы біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіштің жетуіне ықпал ететін факторлар жоқ


2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілікті арттыру курстарынан мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан (80 857 адам) 23 844 (29,5%) педагог өтті.

Көрсеткіш:

Балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, дойбы, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.б.)

Көрсеткіштің жетуіне ықпал ететін факторлар жоқ


Балаларды зияткерлік дамыту мақсатында барлық мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға арналған әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады (ертеңгіліктер, спорттық ойындар, ашық есік күндері, ашық сабақтар және т.б.).

2015 жылы «Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығы «Асфальттағы сурет» конкурсының өткізілуін, «Ханталапай», «Ән шырқайық бәріміз» зияткерлік ойындарын ұйымдастырды. Конкурсқа барлық мектепке дейінгі ұйымдар қатысты.

2015 жылы 706 балабақша (4241-ден) конкурстарға қатысты (жобалық қызмет, дойбы, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар).


Индикатор:

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған

1. МТБ. Оқудың ұзаққа созылуы жалпы білім беретін мектептердің контингентініне әсер тигізеді, сол себептен басқа мектептерді салуын талап етеді.

2. Қаржыландыру. Методологияны, нормативтік және ұыймдастыру салаларын дамытуға қаржыландыру тиіс.



Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы – 2050» стратегиясында: «Жалпы білім беретін мектептерді НЗМ-да оқыту деңгейіне тарту қажет. Мектеп оқушыларын оқыту нәәтижесі олардың сыни ойлау, дербес іздену және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі болуы тиіс» деген тапсырмасында НЗМ тәжірибесі ескеріле отырып, 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұны айқындалды.

Бұдан басқа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын арттыру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу 2016 жылдан бастап көзделген.

12 жылдық білім беруге толық көшуді 2020 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 пилоттық мектепте бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуды сынақтан өткізу басталды.

ҚР БҒМ:

- Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірледі және бекітті (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы);



- 12 жылдық білім беру моделінің құрылымын айқындады: мектепке дейінгі (1) + бастауыш мектеп (4) + негізгі мектеп (5) + жоғары мектеп (2);

- 2 бағыт бойынша (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бейінді оқыту көзделген негізгі және жоғары сыныптардың МЖС жобаларын әзірледі.



Индикатор:

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны



Барлығы 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істейді (Астана (2), Алматы (2), Көкшетау, Талдықорған, Семей, Өскемен, Орал, Қарағанды, Шымкент (2), Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Атырау, қктау, Қостанай, Петорпавл қалаларында).

2015 жылы 3 Назарбаев зияткерлік мектептері пайдалануға берілді:

- Петропавл қ.720 оқушылар орнына арналған химия-биологиялық бағыттағы мектеп (4 шілде 2015 ж.);

- Алматы қ. 960 оқушылар орнына арналған химия-биологиялық бағыттағы мектеп (11 тамыз 2015ж.);

- Ақтау қ. 720 оқушылар орнына арналған химия-биологиялық бағыттағы мектеп (27 тамыз 2015 ж.).


Индикатор:

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша жаңа эксперименттік бағдарламаларды ойлап табу


2015-2016 оқу жылының 1-ші жартыжылдығының қортындылары бойынша 1,4 млн. (61%) оқушы жаратылыстану-математика циклының оқу бағдарламасын сәтті меңгерді.

Индикатор:

PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері

1. Жыл сайын PISA, TIMSS қатысушы елдердің саны өзгеріп жатыр

2. Халықаралық сынақтамалардың біраз тапсырмалардың Қазақстандағы бастауыш мектептің оқу бағдарламасымен сәйкес келмейтіндік.



PISA және TIMSS нәтижелері 2016 жылғы желтоқсанда халықаралық ұйымдармен жарияланады.

2013 жылғы 3 желтоқсанда ЭЫДҰ PISA-2012 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық зерттеу нәтижелерін жариялады.

Қазақстанның позициясы: әлемнің 65 елінің арасында математикадан 49-орын, жаратылыстану-ғылыми пәндерден 52 және оқу сауаттылығынан 63-орын.

PISA-2009 салыстырғанда оқушылардың математика және жаратылыстану ғылымы бағытындағы функционалдық сауаттылығы барынша көрсеткіштері едәуір жақсарған (сәйкесінше 405-432 балл және 400-425 балл).

Халықаралық емтиханда 218 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 5808 оқушы қатысты (200 мектеп және 18 колледж).

PISA-2015:

PISA-2015 зерттеуінің ЭЫДҰ халықаралық іріктемесімен (KeyQuest) Қазақстаннан 232 білім беру ұйымдарынан 8 058 оқушы іріктеп алынды (189 мектеп, 27 колледж және 16 Назарбаев зияткерлік мектебі).

Іс жүзінде PISA-2015 негізгі зерттеуінде 232 білім беру ұйымдарынан7 842 15-жастағы оқушылар қатысты. Бұдан басқа, 232 білім беру ұйымдарының басшылары сауалнамаға қатысты. PISA-2015 барлық іс жүзіндегі қатысушылар саны 8 074 адамды құрайды.

TIMSS-2015:

IEA халықаралық іріктемесімен WinW3S бағдарламасының көмегімен 9 890 оқушы іріктеп алынды. Оның ішінде 179 мектептен 4-сыныптың 4 852 оқушысы және 8- сыныптың 5 038 – оқушысы бар. TIMSS-2015 негізгі зерттеулеріне қатысқан 4-ші және 8-ші сыныптардың шын мәнісіндегі оқушылар саны 9 579 адамды құрады (4-сыныптың 4 710 оқушысы және 8- сыныптың 4 869 оқушысы). Сауалнама жүргізуге сондай-ақ 4-сынып оқушыларының 4 710 ата-аналары, 179 мектеп директорлары, 8-сыныптардың 1 195 пән мұғалімдері және 4-сыныптардың239 мұғалімі қатысты.

TIMSS-2015 негізгі зерттеулеріне қатысушылардың барлық іс жүзіндегі саны 15 902 адамды құрады.


Индикатор:

Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі

1. Барьерсіз қолжетімді жағдайлар жасауға қаржы бөлу (пандустар, кіреберістер, көтергіштер, лифттер)

2. Ғылыми-техникалық ілгерілеу – дистанциялық білім алуға рұқсат ететін электронндық технологияларды еңгізу

3. Әлеуметтік мәдени өзгерістер – инклюзивті білім туралы халықты хабарландыруы (толеранттықты және түсімшілікті дамыту)


2015-2016 жылдары инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған (көтеру құрылғылары, пандустар, санитариялық бөлмелердегі арнайы жабдықтар, тіректермен, арнайы парталармен, үстелдермен жарақтандыру) күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны 3 210 құрады (жалпы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер санынан 44,8% - 7 158).

Олардың оң жоғары үлесі - Астана қаласында (68%), Қостанай (63%), Шығыс Қазақстан (62%), Қызылорда (59,7%), Батыс Қазақстан (59,1%) облыстарында, ең аз үлесі - Атырау (12,5%), Оңтүстік Қазақстан (26,5%), Алматы (28,9%) облыстарында.



Көрсеткіш:

бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі

Заңдар – осы көрсеткішке байланысты бейіндік мектептерді құрау 12 жылдық білім беру бағдарламаның шеңберінде болған. Бірақ осы бағдарлама жаңадан жоспарланды, сол себептен бейіндік мектептерді құрау жұмыстары басқа уақытқа аударылды.


Бейіндік мектептерді («Бейіндік мектеп») жалпы білім беретін пәндерді жоғары білім беру компонентімен интеграциялау шеңберінде 12 жылдық білім беруге көшу кезінде құру жоспарланған.

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050» Стратегиясындағы тапсырмасына сәйкес: «Жалпы білім беретін мектептерді НЗМ оқыту деңгейіне жеткізу керек, Оқушылардың оқу нәтижелері олардың сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік іздену және ақпаратты терең талдау дағдыларын иеленуі болуы тиіс» НЗМ тәжірибесін ескере отырып12-жылдық білім берудің жаңа мазмұны анықталды.

Бұдан басқа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын арттыру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу 2016 жылдан бастап көзделген.

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 пилоттық мектептердегі бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын сынамалау басталды. 12-жылдық білім беруге толық көшуді 2020 жылы жүзеге асыру жоспарланады.

Қазіргі уақытта Министрлікпен:

- 2015 жылғы 25 сәуірде №327 Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР ҮҚ әзірленді және бекітілді (ББМЖС);

- 12-жылдық білім беру моделінің құрылымы белгіленді: мектепалды (1) + бастауыш мектеп (4) + негізгі мектеп (5) + жоғары мектеп (2);

- негізгі және жоғары мектептің МЖӘ жобалары әзірленді, ол 2-бағыт бойынша бейінді оқытуды қарастырады: қоғамдық-гуманитарлық және табиғи-математикалық.

Осылайша,бейіндік оқытуды «Бейіндік мектеп» бағдарламасын есепке алмай 2020 жылдан бастап енгізу жоспарланады.


Көрсеткіш:

мектептердің жалпы санынан сервистік қызмет көрсететін жаңа модификациялы кабинеттері (химия, биология, физика, лингафондық және мультимедиалық кабинеттер) бар мектептердің үлесі

Республикалық және жергілікті бюджеттерінен кабинеттерді жабдықтау (физика, химия, биология, лингафонды мультимедиалық кабинеттер)


7 222 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептен 3562 мектеп жаңа модификация кабинеттерімен жарақтандырылды.

Оның ішінде, физика кабинеттерімен - 3468, химия - 2986, биология - 2904, лингафонды мультимедиялық кабинеттермен - 4 085.

Көрсеткіш:

мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы мектептердің үлесі

1.Мектеп ғимараттарының тозуы, апатты жағдайдағы мектептердің орнына басқа мектептерді салу

2. Мектептердің күрделі жөндеуі жергілікті бюджеттерінің шығыстарының ең үлкен бөлігін алады (әсіресе аймақтарда)



2015 жылғы 1 қазанға 69 мектеп (0,97%) апатты жағдайда болған. (Барлығы 7 160 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде Астана қаласының 2 білім беру ұйымының жеке ғимараттары жоқ.).

Көрсеткіш:

оқушы орнының тапшылығы

Әлеуметтік мәдени өзгерістер, демографиялық өзгерістер, көші-қон, қаланың жеке бөлшектердегі халықтың тығыздығы және мектептептердің сол жерлерде жетіспеу


2015-2016 оқу жылында оқушы орындарының тапшылығы 39 896 орынды құрады.

Оқушы орындары тапшылығының төмендеуіне 2011-2015 жылдар кезеңінде 529 мектептің салынуы ықпал етті.

2015 жылы 130 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде ҰҚ есебінен – 1, ЖБ – 68, РБ – 61.


Көрсеткіш:

үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі

Әлеуметтік мәдени өзгерістер, демографиялық өзгерістер, көші-қон, қаланың жеке бөлшектердегі халықтың тығыздығы және мектептептердің сол жерлерде жетіспеу, сонымен қатар мектептердің комплектациялары екі ауысымда оқуға жол бермейді


2015 жылғы 1 қазанға 86 мектепте сабақ үш ауысымда жүргізілген (1,2%).

Үш ауысымдық мектептер 2015-2016 жылдары 8 өңірде жұмыс істейді (Алматы (49 мектеп), Оңтүстік Қазақстан (23 мектеп), Жамбыл (5 мектеп), Ақтөбе (3 мектеп), Шығыс Қазақстан (2 мектеп), Қарағанды (2 мектеп), Солтүстік Қазақстан (2 мектеп) және Маңғыстау (1 мектеп) облысытарында).

Сонымен қатар, Министрлікпен үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында 2011-ден 2015 жылдар кезеңі ішінде
529 мектеп салынды.

2015 жылы 130 мектеп пайдалануға берілді, олардың ішінде ҰҚ қаражаты есебінен – 1, ЖБ – 68, РБ – 61. Осымен бірге олардың саны баяу қарқынмен азаюда. Бұл экономикалық, демографиялық және миграциялық процесстермен түсіндіріледі.

Елбасы 2017 жылдың соңына дейін апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді толықжоюды, бұл мақсаттар үшін Ұлттық қордан 70 млрд. теңге қарастырып қамтамасыз етуді тапсырды.

Елбасының «Нұрлыжол - Путь в будущее» Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұл мәселелерді шешу үшін Ұлттық қор есебінен 2015 жылы 34 мектептің құрылысы басталды (8 – апатты жағдайдағылар орнына, 26 – үш ауысымдықты жоюға), оларды 2016 жылы тапсыру жоспарланған.



Министрлікпен апатты жағдайдағы және 3-ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін Ұлттық қор есебінен 23 мектеп құрылады(8 – апатты жағдайдағылар орнына, 15 – үш ауысымдықты жоюға),оларды бастау 2016 жылға жоспарланған.

Мектептер құрылысы Алматы (6), Оңтүстік-Қазақстан (11), Жамбыл (2), Шығыс-Қазақстан облыстарында (2), Ақтөбе облыстарында (1), Астана қ. (1)басталады.



Осыған сәйкес 2017 жылдың соңына дейінүш ауысымды оқытатын мектептердің мәселесін толық шешу жоспарланады.

Көрсеткіш:

көлікпен жеткізуге мұқтаж балалардың жалпы санынан мектепке және мектептен үйлеріне сапалы әрі ыңғайлы тасымалдаумен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі

Тасымалдауды қаржыландыру және мектептердің автобустарын сатып алу – осы көрсеткіштің ең маңызды факторлары болып саналады.


2015 жылы тасымалдауды ұйымдастыру үшін 813 (2014 - 937) автокөлік бірлігі пайдаланылды. Ағымдағы жылы әкімдіктермен 32 (2014 - 40) автокөлік бірлігі сатып алынды.

Бүгінгі күні қажеттілік 187 (2014 - 283) автокөлік бірлігін құрайды.



Анықтама: республикада білім беру ұйымдары жоқ 1 523 елді мекендер есептеледі. Оларда мектеп жасындағы 27 363 бала тұрады. Оның ішінде 3 738 бала мектеп жанындағы интернатта тұрады және оқиды (тасымалдау аптасына бір рет жүзеге асады), 628 – туысқандарында тұрады, 88 – пәтерлерде, 1 744 – мектепке өздігінен жетеді және 21 165 – күн сайын тасымалдаумен қамтылған.

Елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы 27 363 балалар ішінен, 24 903 бала (91%), соның ішінде мектеп жанындағы интернатта тұратын және оқитын 3 738 бала, мектепке тасымалдаумен қамтылған..

Жайлы тасымалдаумен ең аз қамтылу Қызылорда (52%), Алматы (70%) облыстарында байқалады.

Көрсеткіш:

«тірек мектептер» – ШЖМ-ға арналған ресурстық орталықтар саны



  1. Заңдар – «тірек мектептердің» мәртебесін және оның қаржыландыруын анықтайтын заң күшіндегі актілер керек

2. Қаржыландыру – «тірек мектептерді» ұстау үшін әдістер керек

Барлығы 160 тірек мектептері жұмыс істейді (ресурстық орталықтар), олар 475 магнитті мектептерге бекітілген.

Ағымдағы жылы 40 ресурстық орталықтар ашылған.



Анықтама:Барлығы 3 161 шағынжиынтықты мектептер (737 бастауыш мектеп, 848 негізгі мектеп, 1576 орта мектеп) жұмыс істейді,бұл жалпы мектептер санының 44,1% құрайды (7160). Оларда 214 551 оқушы оқиды (мектеп оқушыларының жалпы контингентінің 7,9%).

Көрсеткіш:

оқушылардың жалпы санынан білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары қызметімен қамтылған орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі

1. Оқушылардың спорт секцияларға қызығушылық танытқандықтан мектептерде спорт секцияларының саны өсіп жатыр. Бірақ, спортзал, спорт алаңымен спорт жабдықтарының жетіспеушілігі бар

2. Спорт кешенінің балалармен жасөспірімдерге қол жетпестігі

3. Әлеуметтік мәдени өзгерістер – спорттық өмір салты қоғамда құндылық болады.

4. Олимпиядаларда және басқа халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарындағы жеңістер



Жалпы білім беретін мектептердегі спорт секцияларының жұмысымен оқушылардың 27,9%-ы қамтылды (766 534 жалпы оқушылар санынан - 2 746 492).

2014 жылмен салыстырғанда спорт секцияларының жұмысымен қамтылған оқушылар саны 53 мың балаға өсті (0,6%).

Соңғы жылдарда спортпен айналысатындардың тұрақты өсуі өскелең ұрпақ арасында спорттың танымалдығы есебінен және халық арасында салауатты өмір салтының нормаларын бекітумен қамтамасыз етіледі.

2015 жылдың 1 қазанына 4 366 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі спорт залдары стандарттық жабдықтармен жабдықталған. 6 294 мектепте спорт алаңдары бар.

Мектептердің спорт залдарын спорттық бұйымдармен және жабдықтармен қамтамасыздандыруды одан ары жақсарту мақсатында облыстар, Астана және алматы қалалары әкімдерінің рейтингіне спорттық-сауықтыруға арналған ғимараттарды қазіргі кездегі спорттық жабдықтармен жабдықтау мәселесін енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасады.


Көрсеткіш:

оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі

Балалар-жасөспірімдер спорт мектепбінің саның өсіру


Балаларды балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен қамту 13%-ды немесе 335 442 баланы құрады. Оның ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 294 003 бала оқиды, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарда 3030 адам, спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттарда – 2 130 адам, балаларға арналған балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында 36 282 бала оқиды. Спортпен айналысатын оқушылар санының өсуі өскелең ұрпақ арасында спорттың танымалдығы есебінен және халық арасында салауатты өмір салтының нормаларын бекітумен қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, мәдениет және спорт жүйесінде 422 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді (279 356 бала).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет