Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет19/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Индикатор:

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны

1. ЖОО халықаралық рейтингтерінің талаптарына сәйкес келу

2.Рейтингтердің ішінде қатысуы ақылы болғанмен, ЖОО қаржыландыруы



QS WUR әлемнің озық университеттері рейтингінде 2015 жылы 9 қазақстандық ЖОО белгіленді:

1. әл-Фараби ат. ҚазҰУ (топ-300);

2. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (топ-400);

3. Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ (топ 551-600);

4. Абай ат. ҚазҰПУ (топ 601-650);

5. Букетов ат. ҚарМУ (топ 701+);

6. Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ (топ 701+);

7. КБТУ (топ 701+);

8. М. Әуезов ат. ОҚМУ (топ 701+);

9. С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ (в топ 701+).

Осы ЖОО 2015 жылы Шығыс Еуропа және Орталық Азияның QS University Rankings EECA (Eastern Europe and Central Asia) жаңа өңірлік рейтингіне алғаш рет қатысқанын да атап өту қажет. Бұл ретте ҚР ЖОО жалпы саны 14-ті құрады:

1. әл-Фараби ат. ҚазҰУ (топ-30);

2. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (топ-40);

3. Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ (топ-50-60);

4, 5. КБТУ және ҚазҰАУ (топ-60-70);

6. Абай ат. ҚазҰПУ (топ-70-80);

7. М. Әуезов ат. ОҚМУ (топ-80-90);

8. Букетов ат. ҚарМУ (топ-100);

9. Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ (топ-100-110);

10,11. ҚарМТУ, ШҚМТУ (топ 111-120);

12-14. СҚМУ, АТУ, Қорқытата ҚМУ (топ-131-150).

Webometrics рейтингіне 2015 жылы 35 ЖОО қатысты. Ең үздік көрсеткіштер ЕҰУ (1455-орын) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1711-орын) белгіленді.



Индикатор:

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

1. ЖОО-лардың аккредиттеуден өтуге құштарлық

2. Аккредиттеуден өтуге ынталандыру механизмдер дамыту



1 Ұлттық тізілімге енгізілген қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде институционалдық аккредиттеу рәсімінен 72 ЖОО (64,3%), оның ішінде: БСҚТҚА-де – 46 ЖОО; АРТА-да 26 ЖОО өтті.

Болон процессі және академиялық мобильділік орталығы 2-нші жартыжылдықта ЖОО және білім беру бағдарламаларының аккредитациясы бойынша мониторинг жүргізді. Нәтижелері осы жылдың желтоқсан айының екінші жартысында ұсынылады.



Индикатор:

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі

1. ЖОО-лардың аккредиттеуден өтуге құштарлық

2. Аккредиттеуден өтуге ынталандыру механизмдер дамыту



Ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден 343 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша барлығы 55 ЖОО (49%) өтті.

Индикатор:

отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі.

ЖОО-лардың инновациялық қызметін дамытуға құштарлық


16 ЖОО-да ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері) ашылды.

Отандық ғылыми қызметкерлерді, технологияларды коммерцияландыру офистерінің мамандарын, ғалымдарды, инноваторларды және басқаларын қолдау және олардың технологиялар мен бизнес идеяларды жылжыту, әріптестер мен әлеуетті инвесторларды іздеу бойынша технологияларды коммерцияландыру туралы хабардарлығы деңгейін арттыру мақсатында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ай сайынғы Ақпараттық бюллетень әзірленген. Осы бюллетень 1500-ден артық абонентке таратылады.

Технологияларды коммерцияландыру офистері «ТКО» ЖШС технологиялық аудит жүргізуіне белсенді қатысты және http://portal.cest.kz/ ғылыми порталында орналастыру үшін өз жобаларын ұсынды.

Технологияларды коммерцияландыру орталығы CRDF Global Америка азаматтық зерттеулер және дамыту қорымен бірлесіп Қазақстанда технологияларды коммерцияландыру процесіне барлық қатысушылар үшін әдістемелік құралдар әзірледі:

1. ЖОО мен старт-ап компаниялар үшін зияткерлік шығармашылық қызмет құру, құқықтық қорғау және нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі практикалық ұсынымдар;

2. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға арналған технологиялық стартаптарды құру мен дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдар.

Желтоқсанның екінші жартысында материалдар жүктеу үшін қол жетімді болады және ЖОО-ға, ҒЗИ-ге, коммерцияландыру офистеріне және басқа ұйымдарға жіберіледі.

2015 жылғы 13 қарашада өткізілген құрылтай съезінің қорытындылары бойынша «Технологияларды коммерцияландыру бойынша мамандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін тіркеуге құжаттар берілді. Қауымдастық елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне әкелетін Қазақстан Республикасында технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту және технологияларды коммерцияландырудың сапалы жобалары ағымын реттеу үшін бірлескен күш-жігерді шоғырландыру мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде университтер мен ғылыми ұйымдар жанындағы технологияларды коммерцияландыру офистері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, ғылыми парктер, венчурлық қорлар, технологиялық кәсіпорындар мен мүдделі ұйымдар қызметкерлерінің ерікті бірлестіктері болып табылады.

Құрылтай съезінің құрамына елдің ең ірі ЖОО коммерцияландыру офистерінің өкілдері енді.

Металлургиялық коксобрикет өндіру зауытының ресми ашылуында «Технологияларды коммерцияландыру орталығының гранттық бағдарламасын іске асыру туралы» конференция өткізілді, онда ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың технологияларды коммерцияландыру офистерінің, жоғары оқу орындарының өкілдері, технопарктер инновациялары, бизнес-инкубаторлар, ұлттық компаниялардың менеджерлері Қазақстанда технологияларды коммерцияландыру жүйесінің қалай дамып келе жатқанын нақты мысалдармен көре алды.



Индикатор:

соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі

1. ПОҚ және ғылыми жұмыскерлердің арасында ағылшын тілін білмеусіздіктен шетел журналдардың дерекқорын іздеуге қиыншылдық тудырылады

2. ThompsonReuters дерекқорында басылымының шарттарын қатаңдату және Scopus дерекқорын ұсынысталған журналдарынан қатарынан алу

3. Ғылыми мақалалар жазу туралы шетел әдістер мен стандарттардың болмауы

4. Импакт-факторлы ғылыми журналдар авторлық құқықпен қорңанылған материалдарға жазбаша рұқсат қағаз болуын талап етеді, бірақ авторлардың көбісі қолжетімді емес, сол себептен мақалалардың саны көбейе алмайды



2011-2015 жылдар кезеңінде ЖБББЖ деректері бойынша импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдары бар ПОҚ саны 3854 адамды құрады.

Көрсеткіш:

орындарының үлесі бакалавриаттың мемлекеттік тапсырыс көлемінен магистратура бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар үлесі



2015-2016 жылғы оқу жылына Үкіметтің 2015 жыл 17 маусымдағы №453 қаулысымен жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс бекітілді.

2015 – 2016 оқу жылына магистратураға мемлекеттік тапсырыс 7241 орынды құрады, бұл бакалавриат көлемінен 27,7%-ды құрайды (бакалавриатқа мемлекеттік тапсырыс 26118 орынды құрайды).



Анықтама: 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс 33 359 грантты құрады (магистратура және бакалавриат).

2013-2014 оқу жылына арналған кадрларды даярлауға бакалавриатқа мемлекеттік тапсырыс 35 053 грантты, магистратураға – 6959 орынды, PhD докторантурасына 520 орынды құрады.

Көрсеткіш:

оның ішінде, бакалавриаттың мемлекеттік тапсырыс көлемінен біржылдық магистратура бағдарламалары бойынша оқитындар үлесі

Біржылдық магистратураны қаржыландыру


2013-2014 жылдары бейінді бағыт магистрлерін дайындауға мемлекеттік тапсырыс бөлінген жоқ. Ғылыми педагогикалық кадрларды дайындауға басымдық берілді.

ИИДМБ іске асыру мақсатында 2015-2016 оқу жылдарыбейінді бағыт бойынша магистрлерді дайындау басталады.

Осы бағдарламаға барлығы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 11 базалық жоо үшін 1900орын көзделді.

Бұл бакалавриат бойынша мемлекеттік тапсырыстың 7,3% құрайды.



Көрсеткіш:

2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстың жылдағы өсуімен PhD докторлық бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар үлесі



PhD докторлар бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар саны 2015 жылы 2001 адамды құрады (2014 - 2063 адам, 2013 - 1892 адам). Мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы ұлғаюы 2014 жылға дейін жүзеге асырылды. Алайда 2015 жылыPhD докторларын дайындауға мемлекеттік тапсырыс бюджетті секвестрлеуге байланысты қысқарды.

Көрсеткіш:

Қазақстан Республикасында кредиттерді ауыстырудың еуропалық үлгісі (ECTS) бойынша кредитті қайта ауыстырудың қазақстандық моделін енгізген ЖОО үлесі

1. Болон процессін еңгізу үшін Болон процессі мен академиялық мобильділік орталығы ашылды

2. ЖОО Еуропалық кеңістікке кіруге құштарлық көрсетуде



Кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі үлгісі бойынша Қазақстандық кредиттерді қайта тапсыру моделін (ЕСTS) Қазақстанның барлық жоо енгізді (100%).

Болон процессі мен академиялық мобильділікорталығы 2015 жылдың 2-нші жарты жылдығына ҚР ЖОО-ларында Болон процессінің параметрлеріненгізудің бақылауын жүргізді. Талдау Болон процессі міндетті параметрлерін жүзеге асыру кезінде кейбір жетістіктерге жеткенімізді көрсетті. Жоғарғы білімнің үш деңгейлі жүйесі енгізілді, ҚР барлық азаматтық ЖОО-да кредиттік оқыту жүйесі енгзілді, ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық үлгісі жетілдірілді. Бюджет қаражаты есебінен «ЖОО студенттерінің, оқытушыларының және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильділігі» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Білім алушылардың мобильділік бағдарламасы аясында 2,5 мыңнан астам қазақстандық студенттер 1 семестр бойы шетелдерде білім алды (Анықтама: 2011 жылы – 350 адам, 2012 жылы – 662 адам; 2013 жылы - 746, 2014 жылы - 805 білім алушы,2015 жылдың мәліметтері өңделуде). Шетелдік ғалымдарды ҚР ЖОО-ға тарту бағдарламалары аясында Еуропа, АҚШ, Шығыс Азия және Ресейден шамамен 7 мың ғалым және профессор лекция оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келді (Анықтама: 2009 жылы – 389 адам,2010 жылы - 418 адам, 2011 жылы – 1717 адам, 2012 жылы – 1349 адам, 2013 жылы - 1326 адам, 2014 жылы – 1726 адам, 2015 жылдың мәліметтері өңделуде).

Дипломға қосымшаны тілегі бойынша ЖОО-ның 30%-ы береді, барлық студенттерге автоматты түрде - 10%; студенттердің белгіленген санына - 2%; зерттеулердің белгіленген салаларында - 2%. ЖОО-ның 47%-ы дипломға қосымшаны бермейді. Қазақстан тәуелсіз аккредитация жүйесін құруда айтарлықтай алдыға жылжыды. Мемлекеттік мамандандырылған аккредитацияны жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім берудің 343 мамандығы бойынша 54 ЖОО өтті, халықаралық мамандандырылған аккредитацияны жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім берудің 252 мамандығы бойынша 30 қазақстандық ЖОО өтті. Білім және ғылымды біріктіруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. ЖОО-лар шетелдік ЖОО-серіктестермен 453 келісімшарт жасасты, ҚР ЖОО-ларында ТМД және алыс шетелден келген 5821 шетелдік азаматтар білім алуда. ҚР ЖОО-лары 443 ортақ білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда, оның 275-і – бакалавриат, 142 – магистратура және 26 – докторантура.

Студенттерді ЖОО-ның білім беру саясатына тарту жұмыстары жүргізілуде, тұрмыс жағдайы төмен студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету жетілдірілуде. Өмір бойы білім алуды жүзеге асыру шарттарын жетілдіру өзекті мәселе болып тұр.



Көрсеткіш:

2015 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, бакалавриатта – бір семестрден бір академиялық жылға дейін оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді

«Болашақ» бағдарламаға Республикалық бюджетінен қаржыландыру


1994 жылдан бастап 2015 жылдары аралығында 11 352 стипендия тағайындалды, 8 265 маман дайындалды (2 521 - бакалавриат бағдарламасы бойынша, 168 маман, 3 787 - магистратура, 36 – аспирантура, 5 – интернатура, 91 – клиникалық ординатура, 88 - докторантура, 1 569 – тағылымдама ).

1 395 стипендиат оқуда, олардың 201 - бакалавриат, 1 053 – магистратура, 3 – аспирантура, 75 - докторантура, 1 - клиникалық ординатура бағдарламалары бойынша, 62 адам тағылымдамадан өтуде.

Ұлыбритания және Ирландия жоо-да оқып жатқан стипендиаттардың ең көп саны - 46%, АҚШ пен Канадада – 39,5%, Европа елдерінде - 7 %, Азия және Мұхит елдерінде– 4,5 %, Ресейде - 3%.

2015 жылдан бастап 226 стипендия тағайындалды, олардың ішінде 51 стипендиат – бұл білім беру және ғылыми-зерттеу орталықтары ұйымдарының ғылыми және педагогикалық қызметкерлері, 6 – техникалық бағыт мамандары, 24 – мемлекеттік қызметшілер, 14 - медициналық мамандықтар өкілдері, 7 – шығармашылық қызметкерлер мен БАҚ өкілдері және 124 жеке түскендер.



Көрсеткіш:

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі

1. ПОҚ және студенттердің РЖЭК туралы хабарландыру жұмыстың болмауы

2. Халықаралық библиотекалар одан көп және түрлі әдебиетпен дереккөзжерді ұсынады

3. Тоқсан сайын төлеу Ұлттық және Мемлекеттік ЖОО-ға 98000 теңге, жекеше ЖОО – 70000 теңге.


2010 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-лар Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен (бұдан әрі – РЖЭК, www.rmebrk.kz сайты) шарттар жасасты.

Бүгінгі күні 103 ЖОО РЖЭК-пен шарттар жасасты және қазіргі кезде база барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Электрондық кітапхананың құрылымында шарттық қатынастар шеңберінде пайдаланушыларға қолжетімді ПОҚ-ның электрондық кітапхана ресурстарын қамтитын бірнеше ақпараттық блоктар біріктірілді.

Қазіргі уақытта РЖЭК қоры 72 545 жуық ресурстарды қамтиды.

Сондай-ақ кітапхана «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы арқылы шетелдік үздік білім беру ресурстарына да қолжетімді.

Бұдан басқа, ЖОО-лар Web of Knowledge (Thomson Reuters)» тұғырнамасының «Қазақстанның Виртуалды ғылыми кітапханасына (ВҒК), «ЛАНЬ» баспасының «Электрондық-кітапхана жүйесіне» және басқа да ресурстарға қол жеткізе алады.

Тұтастай алғанда, РЖЭК электрондық базасына күн сайын орташа есеппен 500 астам пайдаланушы кіреді.

Перспективада РЖЭК оқу материалдары бар әмбебап ғылыми-білім беру базасын құруды, Қазақстанның қолда бар ғылыми-білім беру ресурстарын интеграциялауды және бірыңғай интерфейс арқылы оларға қол жеткізуді, сондай-ақ елдің ғылыми-білім беру мұрасының сақталуын қамтамасыз етуді және тағы да басқаларын жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні Министрлік қалған 9 жоғары оқу орнын РЖЭК электрондық базасына қосу мәселесін пысықтауда. Осылайша, электрондық кітапханалар құру бойынша 100% қамтуға қол жеткізілетін болады.


Көрсеткіш:

мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі типтік оқу жоспарларындағы жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту, таңдау компонентін ұлғайту

1. ЖОО Еуропалық кеңістікке кіруге құштарлық көрсетуде. Болон процессін еңгізу үшін Болон процессі мен академиялық мобильділік орталығы ашылды

2. Кредиттік технологиямен білім беру арқылы өтетін оқу процессінің ұйымдастыру ережелері еңгізілді



Бакалавриатта таңдау және міндеттілік бойынша құрамдауыштар арасындағы қатынас 70:30, магистратурада - 80:20, докторантурада - 90:10 құрады.

Көрсеткіш:

жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары бар Назарбаев Университетінің магистранттары мен докторанттарының үлесі

1. ЖОО магистрантпен докторанттардың жұмыстары жоғары импакт-факторылы ғылыми журналдарда шығаруға құштарлы

2. Шетел ЖОО-дан ПОҚ қатыстырылады



2015 жылы Назарбаев университетінде барлығы магистратура бағдарламасы бойынша 389 адам, докторантура бағдарламасы бойынша 66 адам білім алуда. Олардың Жоғары білім беру мектептерінде ғылыми журналдарда жоғары импакт-факторы бар 11% білім алушының жариялымы бар. Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде - 1,6%, Ғылым және технологиялар мектебінде - 4%.

Қорытынды: 455 студенттің (магистранттар мен докторлар) 5-нің ғана 2015 жылы жариялымы бар, ол 1%-ды құрайды.



Көрсеткіш:

жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитындардың үлесі

1. ЖОО-лардың арасындағы академиялық мобильділік келісім шарттарында қатысу

2. Үкіметаралық келісімдер және Болон процессіне қатысу

3. Коммерциялық негізінде оқу орындардың ішінде шетел ЖОО-ның тартымдысы

4. Шетелден келген студенттерге шәкіртақы/грант беру, және академиялық мобильділік бағдарламада қатысу



2015-2016 оқу жылында қазақстандық жоо-да 10 829 шетелдік білім алуда (күндізгі оқу бөлімі студенттерінің жалпы санының 3,2% – 339 578 адам).

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасында білім беру саласында әріптестік жайлы Келісім протоколына қол қою туралы қаулының жобасы жетілдірілді. Берілген құжат ҚР Қаржы министрлігінде келісім үшін қарастырылып жатыр.

2015-2016 оқу жылында халықаралық келісімдер шеңберінде еліміздің ЖОО-на жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 39 адам келді.

ҚХР-дан 37 адам ЖОО-\да білім алуда.



Көрсеткіш:

техникалық жоғары оқу орындарының жалпы санынан инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер, орталықтар құрған жоғары оқу орындарының үлесі

1. Қазіргі заман жабдықтары сатуп алу үшін мемлекеттік сатып алатын ғылыми ерекшелігін қарастырмайтын әкімшілік барьерлер бар

2. Инновациялық құрылысыныңмемлекеттік грант жүйесі арқылы қаржыландыруының жетіспеушілігі, инновациялық жобаларды дамытып жатқан ПОҚ материалдық ынталандыруға арналған тиімсіз жүйе



ТИГУ 8 млн. теңгеден астам сомаға «Стандарттау, метрология және сертификация», «Биология», «Физика», «Химия» мамандықтарына арналған зертханалық инвентарь сатып алды. Магистранттар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен шарт жасалды.

Семей қаласында Шәкәрім атындағы МУ студенттері, магистранттары, докторанттары практикадан өтеді, ғылыми зертханалар базасында диплом жұмыстарын орындайды.

Жәңгірхан атындағы БҚАТУ инженерлік бейініндегі биотехнолоиясы зертханасы базасында мемлекеттік бюджеттік гранттық және бюджеттен тыс шаруашылық шарттық жұмыстар орындалады, зертханалық-практикалық оқулар жүргізіледі және студенттер, магистранттар және докторанттар өндірістік практикадан өтеді.

2015 жылғы 1 жартыжылдықта 10 мамандық бойынша: «Зоотехния», «Ветеринарлық санитария», «Биотехнология», «Экология», «Топырақтану және агрохимия», «Қайта өңдеу өндірісі технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Азық-түлік өнімдері технологиясы», «Агрономия», «Жерге орналастыру» 40 магистрант ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Топырақтану және агрохимия», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Экология», ««Қайта өңдеу өндірісі технологиясы» мамандықтары бойынша 12 студенттік зерттеу жұмыстары орындалуда. Зертхана базасында индустриалдық аквакультура бойынша Ульяновск мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясының (РФ) 2 қызметкері ғылыми тағылымдамадан өтті.

Зертхана базасында ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландыратын 7 гранттық жобаны орындау кезінде Ресей Федерациясынан 11 ғалым қатысады, олардың 2 - жобалардың бірлескен жетекшілері, 6 – жетекші ғылыми қызметкерлер (ғылыми консультанттар), 1 жетекші маман, 1 ғылыми қызметкер және 1 жас маман.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми жобасын іске асыруға жетекші ғылыми қызметкер ретінде Ресей Федерациясының 5 ғалымы қатысады.



Көрсеткіш:

жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлесі

1. Ғылыми потенциалы және денігейі бар ПОҚ

2.Қаржыландыру. Ғылыми және жоба-конструкторлық ұйымдардың МТБ-мен нашар жабдықтануы



2015 жылы 7 жоо-ның: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚарМТУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ өндірісте өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін енгізу үшін инновациялық құрылымы болды.

Сондай-ақ осы жоо-да ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері) ашылды және жекеменшік инвесторлар қаражатын тарту жолымен ғылыми және жабалау-конструкторлық ұйымдармен бірлескен құрылымы құрылды.



Көрсеткіш:

магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі

1.Коммерциялық секторының бәсекелесуге қабілетті ақыны ұсынғаннан үшін бітірушілердің ЖОО-да, ғылыми ұйымдарында қалдыру, өзін-өзі таныту механизмдерінің болмауы

2. Нашар қаржыландыру. Еңбек ақының деңгейі төмен, магистратура және докторантура бітірушілерді қалдыру механизмдердің болмауы



2015 жылы магистратура мен докторантура түлектері10 056 адамды құрады (магистратура - 9591, докторантура – 465).

Ғылым ұйымдарына 59 докторант және 959 магистрант жұмысқа орналасты.

Қазіргі кезде жұмыспен қамтылған магистранттер мен докторанттардаң үлесі 10,1% құрайды.


Көрсеткіш:

азаматтық жоғары оқу орнының білім беру қызметін мемлекеттік жеке әріптестік есебінен қаржыландырудың үлесі

Жекеменшік секторының МЖӘ арқылы білім беретін қызметтерді қаржыландыруға ынталандыру механизмдердің болмауы


2015 жылы МЖӘ есебінен 111 жоо білім беру қызметін қаржыландыру үлесі азаматтық жоо қаржыландырудың жалпы көлемі – 87,8 млрд. теңгеден 8,8 млрд. теңгені құрады).

Көрсеткіш:

азаматтық жоғары оқу орнының ғылыми және инновациялық қызметін мемлекеттік-жеке әріптестік есебінен қаржыландырудың үлесі

Жекеменшік секторының МЖӘ арқылы ғылыми және инновациялық жобаларды қаржыландыруға ынталандыру механизмдердің болмауы


Техникалық мамандықтар бойынша қызметті жүзеге асыратын барлық ұлттық ЖОО-ларда МЖӘ есебінен ғылыми қызметті қаржыландыру жұмысы жүргізілуде. Бұдан басқа, ЖОО-лар ғылым жөніндегі шаруашылық шарттарының жұмыстарын жүргізуде.

2015 жылы ЖОО-ның ғылыми және инновациялық қызметін қаржыландырудың жалпы көлемі (мың теңге) РБ-дан - 2,8 млрд.теңге, МЖӘ қаржыландыру көлемі - 308 млн. теңге болды.

Тұтастай алғанда, жеке инвесторларды тарту есебінен ЖОО-лардың оқу-зертханалық базасын жаңарту баяу қарқынмен және шағын көлемдермен жүзеге асырылуда.

Мәселен, Гуманитарлық-техникалық академияда Темпус 544601 – TEMPUS-1-2013-1-DE- TEMPUS – SMGR жобасын іске асыру шеңберінде 5 492 700 теңге сомаға жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖОО оқу зертханалары ашылса, олардың кейбіреулері жеке инвесторлардың қаражаттарын тарту есебінен ашылды.

Тұран-Алматы университетінде есепті кезеңде «Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС компаниясының қаражаты есебінен жалпы сомасы 4 991 807 теңге Smart Class жабдықталды. Smart Class заманауи электрондық жабдықпен және бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет