Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет20/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Көрсеткіш:

оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары қызметімен ЖОО-ғы оқитындардың қамтылуы

1. ЖОО-да спорт секцияларын дамыту, ЖОО-ның ішінде және бір-бірінің арасында спорт жарыстарын өткізу

2. Спорт секцияларға сұраныс өсуі

3. Студенттерге спорт кешендерінің қол жетімсізділік

4. Спортзал, спорт алаңымен спорт жабдықтарының жетіспеушілігі бар

5. Әлеуметтік мәдени өзгерістер – спорттық өмір салты қоғамда құндылық болады.

6. Олимпиядаларда және басқа халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарындағы жеңістер



2015 жылы жоо-ғы спорттық секцияларға 67 915 студент қамтылды, ол студенттердің жалпы санының 20% құрады. Күндізгі бөлім студенттерінің жалпы контингенті 339578 адамды құрайды.

Индикатор:

барлық жастағы адамдар үшін әртүрлі білім беру нысандары мен типтері енгізіледі

1. Барлық жастағылар үшін білім берудің әртүрлі нысандары мен типтерге арнаған құрылымының болмауы

2. Халық өмір бойы оқу туралы ақпарат алмауы, және тұрақты білімін жетілдіру туралы азаматтық түсінушілік деңгейі төмен



Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті түрдегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді.

Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, әрбір білім алу деңгейіне қол жеткізуге жағдай жасалуына байланысты оқу ішкі, кешкі, сыртқы, экстернат түрінде және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту түрінде жүзеге асырылады.

Жұмыскерлердің техникалық мамандықтар бойынша біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарына арналған 20 модульдік оқу бағдарламасы әзірленіп, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына тартылған 89 ТжКБ оқу орнында іске асырылуда.


Көрсеткіш:

жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны

1. Әлеуметтік әріптестертермен ынтымақтастықтың негізінде колледжде өз бағдарламаларын дамытады

2. Модульдік бағдарламаларды құрау туралы заң күшіндегі актілер өзгертілді

3. Компанияларда қызметкерлердің қайта дайындау біліктілігін арттыруға сұраныс бар


Техникалық және қызмет көрсету еңбегімен айналысатын жұмыскерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін Жол картасы шеңберінде жұмыс берушілермен бірлесіп 20 модульдік оқу бағдарламасы әзірленді.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына тартылған 89 ТжКБ оқу орнында іске асырылуда.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік банк займы есебінен іске асырылатын «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде «Социента Италиана Ди Монитораджио Социета Пер Азиони» АҚ консультант-фирмасымен «Үлгілік оқу жоспарларын, білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу» 2014 жылғы 11 мамырдағы № KZTVEM-QCBS-02 келісімшарт жасалды. Фирма қазақстандық мамандар тобын жалдады, оның құрамына халықаралық сарапшы Марио Пиотровскийдің басшылық етуімен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 69 әзірлеуші кіріп (арнайы пәндердің оқытушылары, өндірістік оқу мастерлері, әдіскерлер, директордың орынбасарлары), онда 133 модульдік білім беру бағдарламасы әзірленді.

133 модульдік білім беру бағдарламасын курстық дайындық үшін пайдалануға болады.



Индикатор:

жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі



  1. Аймақтарда жастар ұйымдарының дамытуы

  2. ҚР Заңы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» (9 ақпан 2015 ж. № 285-V), "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және 2013-2015 жылдарға іс-шараларының жоспары қабылданды

  3. Әлеуметтік маңызды жобаларды орындау үшін мемлекеттік тапсырыстар бар

  4. Халықаралық жастар форумдарды ұйымдастырып өткізу

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтанушылық зерттеу деректері бойынша 2015 жылы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысқан жастардың үлесі 52% құрады.

Жас респонденттердің 34,5%-ы маңызды күндерге, оқиғаларға, мерекелерге арналған біржолғы акцияларға, іс-шараларға қатысты.

Сауалнама жүргізілгендердің үштен бірінен азы экологиялық жалпы қалалық/аудандық/ауылдық іс-шараларға қатысты. 22%-ы – спорттық бұқаралық жарыстарға қатысты. Жас респонденттердің 15%-ы азаматтық қоғам үшін маңызды ақпаратты таратуға, 11,8%-ы жастар ұйымдарының жұмысына, 13,3%-ы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие іс-шараларына қатысты.

13,3%-ы сотқа алқаби ретінде қатысып, тағы да осындай пайызы – төтенше жағдайға ұшыраған адамдарды құтқаруға көмектестік, 14,2%-ы әкімдердің, депутаттардың есеп беру кездесулеріне қатыстық, жастардың 9,1%-ы бұқаралық әлеуметтанушылық және ғылыми зерттеулерге қатыстық деп жауап берді.



Көрсеткіш:

депутаттардың жалпы санына шаққанда барлық деңгейлердегі өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі

Ұйымдастырушылық дағдысы көшбасшы сапасы бар, белсенді адамдар мен жастар ұйымдардың жетекшілерін оқыту, жобаларын жүзеге асыру («Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызметкерінің мектебі»)


Қазіргі таңда, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 30 жасқа дейінгі депутаттардың саны 53 адамды (1,6%), 35 жасқа дейінгілер – 105 адамды (3,1%) құрады. Барлық депутаттар – 3334 адам.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттарды халық 5 жыл мерзімге сайлайды. Конституциясының 50-бабының 5-тармағына сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаттары өкілеттіктерінің мерзімі – 5 жыл, Сенат депутаттары өкілеттіктерінің мерзімі – 6 жыл. Тиісінше бұл көрсеткіш келесі сайлау өткізілгенге дейін өзгеріссіз қалады.

Бұл көрсеткішке қол жеткізу ҚР БҒМ ЖСД қызметіне тікелей байланысты емес екендігін атап өткен жөн. Бұдан басқа, ҚР Конституциясына сәйкес республика азаматтарына сайлануға және:

- жиырма бес жастан бастап Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты (төменгі палата) (33-бап);

- жиырма жастан бастап Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты (жергілікті өкілдік орган) (86-бап) болып сайлану мүмкіндігі беріледі.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚРЗ-ға сәйкес, жастар – бұл ҚР 14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі азаматтары. Осыған байланысты, бұл көрсеткіш ұлғаю жағына қарай жыл сайын өзгере алмайды.



Көрсеткіш:

жастар ұйымдарының қызметіне

1. Әкімшілікпен бірге мемлекеттің аймақтарында жастар ресурстық орталықтары құралған

2. ҚР БҒМ Аймықтық жастар ресурстық орталықтар туралы типтік жобалар және қызметінің ұйымдастыру туралы типтік ұсыныстар дамытылған

3. Әлеуметтік мәдени өзгерістер – әлеуметтік желіні дамыту және еріктілікті насихаттау


«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтанушылық зерттеу деректері бойынша 2015 жылы жастар ұйымдарының жұмысына қатысқан жастардың үлесі 48% құрады. Жастар көбіне «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты (35,3%), «Жасыл ел» (16,2%) және «ЖасҰлан» (15,9 %) сияқты ұйымдарының жұмысына қатысады.

Астана қаласында 2015 жылдың 23-24 сәуірінде Астана қаласы жастар саясаты мәселелері бойынша Басқармасының колдауымен, «SOS Астана балалар деревнясы» МЕБМ негізінде қызмет атқаратын Жастар қор орталығы жасөспірімдердің 15 жасынан басталатын «тәуекел тобы» үшін «Өзіне-өзі кол жұмсаудың алдын алу, күйзелу жағдайларынан шығу жолдары» тақырыбында 2 күндік семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг жастарда күйзелу жағдайларын жеңу дағдыларын жетілдіруге, күйзелу және жағымсыз әсерлерден адам ағзасын қорғаудың жаңа жеке тәсілдерін қалыптастыруға, өздігінен даму уәждемелерін қалыптастыруға және бекітуге бағытталған.

2015 жылдың 8 мамырында, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында атырау қаласында «Ерліктенелдікаялдамасынадейін» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 500-ден астам адам қатысты.

2015 жылдың 13 мамырында, Ақмола облысы Астрахань ауданында аудандық Мәдениет үйінің колдауымен «Астрахань ауданының жастар қор орталығы» КММҰлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына арнап «Соғыстанқайтқансолдаттар» атты патриоттық ән байқауын өткізді. Бұл іс-шараға ауданның ауылдық округтерінен келген орындаушылар қатысты.

2015 жылдың 16 маусымында, Павлодар облысындағы Жастарға қызмет көрсету Орталығында (ЖҚКО) жастарға және Павлодар жастар саясаты Кеңесінің мүшелеріне арналған экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында ЖҚКО 5 қызметі көрсетілді:


  1. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру және оқыту кезінде жәрдемдесу қызметі;

  2. Жастарды жұмысқа орналастыру кезінде жәрдемдесу қызметі;

  3. Жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу қызметі;

  4. Жастар және жас отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу кезінде жәрдемдесу қызметі;

  5. Психологиялық және заңдық көмек көрсету қызметі;

Жастар іс-шараларға және Орталықтың қоғамдық өміріне үлкен қызығушылық танытты, Орталықтың қызметкерлеріне арнап флэш-моб дайындады.

2015 жылдың 27 маусымында Маңғыстау облысында халықаралық есірткіге тәуелділікпен күрес күніне орай үлкен іс-шара өткізілді, облыстық Жастар қорының орталығы, Салауатты өмір салтының ұлттық орталығы және Ішкі істер департаменті бұл іс-шаралардың ұйымдастырушылары болып табылады. Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі және «Диалог Ақтау» Жастар қоры іс-шараға қолдау көрсетті.

2015 жылдың 4 және 11 шілде аралығында жастар саясатын, жастар бағдарламаларын және жастарға арналған қызметтерді (ЖҚО арналған семинар) жобалау және жүзеге асыру бойынша Еуропаның озық тәжірибесін зерттеу үшін ҚР БҒМ ЖСД директорының орынбасары Л. Раисованың Ұлыбританияғы (Лондон қ.) оқу-таныту іс-сапары болып өтті.

А.ж. 29-30 шілделерінде Астана қ. Жастар қоры орталықтарының қызметкерлері үшін 2 күндік семинар-тренинг өткізілді.

2015 жылдың 24 тамызында Ақмола облысы Астрахань ауданында Жастар қорының орталығы «Жас келсе, іске» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, оқу орындарының жас мамандары қатысты. Дөңгелек үстелдің жұмысында мемлекеттік жастар саясатының мәселелері және қазіргі заманғы мемлекеттің қалыптасуында жастардың алатын орны талқыланды.

2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жастар» ҒЗО» ЖШС «Жастарға мейірімді мекен» сынамалы жобасын іске қосты. Жобаға сынамалы түрде бірқатар қалалар мен аудандардың жастар қорының орталықтары енді. Басты мақсаттары: ЖҚО қызметкерлердің тиімді уәждеме жүйесін енгізу, ЖҚО қызметкерлері есебінен жастар саясаты бапкерлерінің тобын құру, ЖҚО, ЖСБ, ІСБ, әкімшілік жанындағы жастар жұмысының Кеңесі, жастар ұйымдарының өзара тиімді әрекеттесу тетіктерін жетілдіру.жергілікті деңгейдегі МЖӘ аясында ведомствоаралық әрекеттесуді қамтамасыз ету.

А.ж. 7 қыркүйегінде Алматы облысында жастар қор орталығы ауыл жастарын Ұлт Жоспары жайында ақпараттандыру үшін «Елбасы мен жастардың 100 қадамы» жастар ақпараттық- насихаттау тобының сапарларын ұйымдастырды. «Ақмола медиа орталығы» пресс-орталығындағы брифингте Жастар ақпараттық-насихаттау тобының жұмыс нәтижелерін қорытындылады.

2015 жылдың 17 қыркүйегінде «Радуга взаимного сотрудничества» облыстық жобасының шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыру аясында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыретін арттыру мақсатымен «Жастар ынтасын дамыту орталығы» КММ-де Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жастар қор орталықтарының инспекторларына арналған әдістемелік күн өткізілді.

ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Жастар ҒЗО» ЖШС «Оқыту және тәжірибе алмасу және мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың, жастармен жұмыстарды қамтамасыз ететін жастар МЕҰ өкілдерінің біліктілігін арттыру» жобасының аясында 2015 жылдың 8 және 9 қазан аралығында Ақтау қ. және 2015 жылдың 22-23 қазанында Тараз қ. жастар қор орталықтарының қызметкерлеріне, жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың өкілдеріне арналған «ҚР 2020 жылға мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын 2 кезеңде жүзеге асыру мәнмәтінінде жастар қор орталықтарының өзекті жұмыс бағыттары» семинар-тренингтерін өткізді. Семинарда «Жастарға мейірімді мекен» сынамалы жобасын жүзеге асыру мәселелері және жастармен жұмыс істеудің әртүрлі пішімдері қарастырылды.


Көрсеткіш:

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған республикалық жастар ұйымдарының үлесі

ҚР Заңы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» (9 ақпан 2015 ж. № 285-V), «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және 2013-2015 жылдарға іс-шараларының жоспары қабылданды


2015 жылы 1 млрд. 094 млн. 072 теңге сомаға 34 әлеуметтік маңызы бар жобаны, олардың ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде - 225 млн. 410 мың теңге сомаға 16 жобаны іске асыру жоспарланды.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған республикалық жастар ұйымдарының үлесі 20,6% құрады.

2015 жылдың шілде айынан бастап «ЖасОтан» Жастар қанатының Республикалық қоры» Бірлескен қоры «Жастар кадрлік қоры» жобасын жүзеге асыруды бастады.

1-кезеңнінаясында а.ж. 4 шілдесі мен 10 тамызының арасында қатысу үшін жобаның сайтында 3024 қатысушы тіркелген. Оның ішінде 1656 қатысушы іріктеу турын өтті.

11 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында барлық аймақтарда байқау комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасу өткізілді. Сұхбаттасу нәтижесінде, а.ж. 19 және 26 қазан аралығында ҚР Президентінің мемлекеттік басқару академиясы және «НұрОтан» Партиясының саяси менеджмент Мектебінің негізінде өткенбілім беру модулі үшін 32 қатысушы таңдап алынды. А.ж. 26 қазан және 8 қараша аралығында мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда жоба қатысушыларына арналған 2 апталық тағылымдама өткізілді.

ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Еуразиялық келісім қоры» қоғамдық қоры «жобаларды жүзеге асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға арналған іс-шараларды жүзеге асыру» жобасының аясында 2015 жылдың 17-18 қазанында Астана қаласында промо-акция өткізді. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету үшін қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қайырымдылық жәрмеңкесіне MEGA Astana ОСО қонақтары қатысты.

А.ж. 26 қазанында «Бірге өмір сүру» - ең тату, өнерлі, интернационалдық жас отбасы байқауы республикалық фестивалі өтті. Байқаудың мақсаты – отбасы қарым-қатынастарының рөлін жетілдіруге, қалың көпшіліктің арасында қайырымдылықтың рөлін, және отбасылар арасындағы достық бәсекелестікті ұстап отыруға қоғамның назарын аудару.

27 қазан күні Ақмола облысы жастар саясаты жөніндегі Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «ЖасОтан» ЖК бөлімшесі «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – облыс орталығының көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларын әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету.














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет