Сыртқы әсердің факторлары және олардың нысаналы индикаторлар/нәтижелердің көрсеткіштерін жетуіне әсері
Қабылданған шаралар
Индикатор:
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі
1. ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру (бұдан әрі – ЖҚ) тетіктері енгізуі бірталай қаржыларды талап етеді.
2. 2015 жылда ЖҚ мектеп, техникалық және кәсіптік білім орталықтарында еңгізілген жоқ.
Мектепке дейінгі ұйымдар ЖҚ механизмі арқылы мемтапсырысты орналастыру жолымен қаржыландырылады. 63 жалпы білім беру мекемелерде ЖҚ сынамалауы жалғастырылып жатыр. ТжКБ-да еңгізілген жоқ, себебі ЖҚ методикасы кеш дайындалған (қабылдауы – 2016 ж.).
Мектепке дейін білім беру.
8 834 (100%) мектепке дейінгі ұйым бір балаға арналған есеп бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ЖҚ тетігі арқылы қаржыландырылады.
Жалпы орта білім беру.
Сынақ қорытындылары (2013-2014жж.) ЖҚ-ның басты принципі – оқушылар үшін мектептер арасындағы бәсекелестікті дамытуды іске асыруға - 1-9 сыныптарға мектепке оқушыларды аумақтық қабылдау нормативтерінің кедергі жасайтынын көрсетті.
Осыған байланысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметі Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының жұмыс істеп тұрған 63 пилоттық мектебінің (5 276 оқушы) 10-11 сыныптарында ғана ЖҚ-ны сынауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен кеңесте (2015 жылғы 25 желтоқсандағы) ҚР БҒМ-ге ҚР ҰЭМ-мен, Қаржыминімен, ҚР Әділетминімен, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, ОҚО және ШҚО әкімдерімен бірлесіп, 2016 жылдан бастап 12 пилоттық мектептің (63 мектептен) 1-11 сыныптарында (мектепалды даярлығын қоса алғанда) 2016 жылға арналған РБ қарастырылған қаражат шегінде ЖҚ-ны одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
ҚР ҚМ, ҚР ҰЭМ және ҚР ӘМ мектептердің қажеттілігіне бюджет қаражатын дербес бөлу құқығын беретін ЖҚ енгізілген мектептердің ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша ұсыныстар әзірлесін.
2015 жылы «Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 24 сәуірдегі № 282 қаулысы қабылданды(ҚР БҒМ 10-11-сыныптарда білім беру процесіне қатысатынорта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жалақы төлеу шарттарын және ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызметінің нәтижелеріне байланысты анықтау құқығы).
ЖҚ сынамалаудың жаңа тәсілдемелерін түсіндіру үшін барлық пилоттық өңірлерде педагогикалық қоғамдастық және Білім беру басқармалары басшылықтарымен көшпелі консультациялық кездесулер өткізілді.
ЖАО өкілдерінің,пилоттық мектептердің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен 2015 жылғы 24 тамызда білім беру педагогикалық қызметкерлерінің Республикалық Тамыз кеңесінде «Жан басына қаржыландыру: жетістіктері, мәселелері және келешегі» панелдік сессиясы ұйымдастырылды.
ТжКБ. ЖҚ жүйесі енгізілмеген. ТжКБ ұйымдарының ЖҚ Әдістемесінің жобасы 2015 жылғы желтоқсанда ҚР ҰЭМ мен ҚР Қаржыминіне келісуге енгізілді.
Көрсеткіш:
Педагогтердің жалпы санына шаққанда біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің үлесі
2. Біліктілікті арттырудан өткен педагогтерге үстемеақы қойылады.
Көрсеткішке қол жеткізілді
2012 жылдан бастап 53 069 педагог жаңа жүйе бойынша курстық даярлаудан өтті:
- 2012 жыл – 7 648
- 2013 жыл – 15 126
- 2014 жыл – 17 037
- 2015 жыл – 13 258
Бұл жоғарыда аталған курсқа жіберілетін педагогтерге қойылатын талаптарға сәйкес 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жас мамадар мен педагогтерді есептемегенде, жалпы мұғалімдер санының (176 690 адам) 30%-ын құрайды («Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығы және «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №447 бұйрығы).
Индикатор:
Педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлердің үлесі
1. Заңдар. ҚР «Білім туралы» Заңында 5 жылда 1 рет біліктілікті арттыруды, және жаңартылған аттестаттаудың ережелері, уақытынан бұрын дәрежені жоғарту мүмкіндігімен бірне қарастырылған.
2. Қаржыландыру. Дәрежелерге қатысты устемақы қойуының жүйесі.
2015 жылы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің жалпы саны 291 237 адамды құрады. Олардың ішінде 56 767 мұғалімнің жоғары және 88 379 мұғалімнің бірінші санаты бар.
Жоғары және бірінші санаты бар мұғалімдердің ең төмен үлесі Маңғыстау (44%), Оңтүстік Қазақстан (45%) және Ақтөбе облыстарында (45%).
Ең жоғары үлес – Павлодар облысында (58%), Астана (57%) және Алматы (56%) қалаларында.
Көрсеткіш:
Педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі
1. Білім беру мекемелердегі жалақының төмен деңгейі.
2. Білім беру салаға жатпайтын мекемелер одан жақсы ақы шарттарын ұсынады.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы білім беретін мектептерге 13 112 жас маман келді, бұл мұғалімдердің жалпы санынан 4,5%-ды құрайды - 291 237.
Педагог мәртебесін арттыру және мұғалімнің жалақысын орташа айлық жалақыға жақындату мақсатында экономиканың жеке секторында еңбекақының жаңа үлгісі әзірленді. ҚР БҒМ 2016-2017 жылдардағы бюджеттік өтінімінде бұл іс-шараларға жыл сайын 21,5 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген(1.01.2016 жылдан бастап енгізуді ескере отырып).
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы 29% пайызға дейін көбейтіледі.
Көрсеткіш:
Жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі
1. ЖОО-ның тек аз саны жаратылыстану-математика цикліның ағылшын тілінде беретін педагогтерді дайындайды. Ең алғашқы шығаруы 2017. жылы болуы тиіс. Бірақ, бітіріп шыққан студенттердің барлық саны білім беретін мекемелерге баратынына сенім жоқ.
2.Оқытушы мамандығының ажарсыздығы. «Болашак» бағдарламалардағы жаратылыстану-математика циклның оқып бітірген бітірушілер білім беру мекемелерге жатпайтын ұйымдарды таңдайды.
2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің саны 69 305 құрады. Оның ішінде 1 202 мұғалім (1,7%) ағылшын тілінде сабақ береді.
Педагогтер мәртебесі мен жалақысының төмендігіне байланысты көрсеткішке қол жеткізілмеді. Бұдан басқа, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге үстеме ақы берілмейді.
Бастауыш мектеп мұғалімінің орташа айлық жалақысы - 58 541 теңгені (ел бойынша орташа жалақыдан 47%), негізгі орта және жоғары мектептерде – 76 005 теңгені (ел бойынша орташа жалақыдан 61%) құрады. Ал ел бойынша орташа айлық жалақы 124 137 теңгені құрайды (ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша).
Мемлекеттік бағдарламада көзделген педагог қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделі (еңбекақы төлеуді енгізудің нәтижеге бағдарланған тетігі мен біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақы мөлшерін есептеу үшін қолданылатын сараландырылған коэффициенттерді енгізу) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қана енгізіледі (жалақыны 29%-ға дейін көтеру).
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамын іске асыру мақсатында («Білім беру жүйесінде – жоғары мектеп пен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу») ҚР БҒМ ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу шараларын әзірледі.
Бұдан басқа, Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде 400 пән мұғалімін ағылшын тіліне оқыту жөніндегі пилоттық жоба қаржыландырылады.
Премьер-Министрдің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның хаттамалық тапсырмаларына сәйкес (2015 жылғы 15 қазандағы және 25 желтоқсандағы) ҚР БҒМ-ге 2016-2017 оқу жылынан бастап ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер үшін ынталандыру компонентін қарастыру және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін ағылшын тілін білу талаптарын (IELTS, TOEFL) енгізу тапсырылған.
Көрсеткіш:
Академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі
1. Кадрлар. «Өрлеу» БАҰО АҚ және «НЗМ» ДББҰ ПШО-дағы аса білікті мамандар арқылы біліктілігін арттыру курстарын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
2015 жылы «Өрлеу» АҚ БАҰО филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ) 777 оқытушыны құрады. Олардың ішінде ғылым докторы дәрежесі бар - 40 адам (5,1%), PhD докторы - 6 адам (0,8%), ғылым кандидаттары - 106 адам (13,6%), академиялық магистр дәрежесі бар - 156 адам (20%).
«НЗМ» ДБҰ ПШО ПОҚ 78 адамды құрады, оның ішінде 11 – ғылым кандидаты, 7- магистр.
Біліктілікті арттыру жүйесінде барлығы 855 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 326 адамның академиялық және ғалым ддәрежелері бар (38,1%).
Көрсеткіш:
Біліктілігін арттыру мен тағылымдамадан өткен, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар базасында, ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының үлесі
1. ТжәнеКБ ұйымдары біліктілігін арттыру жолдарын әріптес колледждерінде, Қазақстандағы және шетелдегі кәсіпорындарда іздестіріп жатыр.
2. Технологияларының өзгеруімен, мамандықтарының жаңартуымен, жаңа материалдардың пайда болуымен қызметкерлердің біліктілігін арттыруы маңызды болып жатыр.
2015 жылы 43 112 ИПЖ-дан 8622 адам (20%) біліктілікті арттырудан өтті.
Солардың ішінде:
- «Өрлеу» Біліктілікті көтеру ұлттық орталығы» АҚ базасында - 2325 адам,
- «Кәсіпқор» Холдингі» КАҚ базасында - 177 адам,
- «Техникалық және кәсіби білімді жаңғырту» ЖБТ Дүнииежүзілік Банктің қарызы есебінен – 150 адам,
- «Туран-Профи» КАМ базасында - 650 адам (ҚР БҒМ мемлекеттік сатып алуы) және «New Technologies Company» ЖШС - 350 адам (ҚР БҒМ, мемлекеттік сатып алуы),
- халықаралық жобалар шеңберінде - 45 адам,
- салалар бойынша әртүрлі курстарда - 3040 адам,
- кәсіпорындар базасындағы тағылымдамалар - 1885 адам.
Көрсеткіш:
Елімізде біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткен жоғары оқу орындарының профессор-педагог кадрларының үлесі, жыл сайын
1. ЖОО серіктес ЖОО-да, Қазақстандағы және шетелдегі кәсіпорындарда біліктілігін арттырып жатыр.
2. ББДМБ арқылы «Болашак» бағдарламаны қаржыландыруы ЖОО-ның оқытушылардың тағылымдамаларын шетелде өткізуге мүмкіндік береді.
2015 жылы елде біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту курстарынан 11 246 ПОҚ өтті, оның 8 546-сы жоғары технологиялы кәсіпорындар мен ұйымдар, «Өрлеу» БАҰО АҚ және ЖОО базасында өтті.
Бұдан басқа, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ негізіндегі IGIP Орталығымен 2015 жылы ИИДМБ-2 аясында «Инженерлік жоо халықаралық оқтыушысы» сертификаты және атағы берілетін жалпы көлемі 20 ECTS кредитінің ПОҚ біліктілігін арттыру бағдарламасы басталды(ING-PAED IGIP).
Индикатор:
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған
1. НҚА. қамқоршылық кеңестерінің нормативтерін анықтау керек, ең алдымен, оларға қаржы ресурстарын басқару өкілетін беру.
2. Қамқоршылық кеңестер әрекеттерінің тиімділігін тексеру жолдары және қамқоршылық кеңестерінің құрамын мониторингке механизмдері жоқ.
2015 жылы 4 377 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде қамқоршылық кеңестері құрылды (2013 ж. - 3 259).
Қамқоршылық кеңестері сондай-ақ барлық 462 мемлекеттік колледж бен 65 азаматтық жоғары оқу орнында да құрылды.
Индикатор:
Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлықтан өткен
1. ББДМБ басшылар құрамына менеджмент салаларында біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
2011-2015 жылдар кезеңінде менеджмент мәселелері бойынша даярлық курсынан барлығы 19 313 адам (68,6%) өтті.
2015 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында білім беру ұйымдарының 3300 басшысы біліктілігін арттырудан өтті. 2013 жылы «НЗМ» ДББҰ ПШО базасында – 243, 2014 жылы 1000 мектеп директоры оқудан өтті.
Білім беру ұйымдары басшыларының жалпы саны 28 166 адамды құрайды. Оның ішінде балабақша меңгерушілері – 2 688, мектеп директорлары – 6 299, мектеп директорларының орынбасарлары – 17 793, ТжКБ директорлары – 462, колледж директорларының орынбасарлары - 924.
Көрсеткіш:
Азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару принциптерін енгізу
1. Корпоративті басқару принциптерінің еңгізу деңгейін тексеру үшін көрсеткіштер жоқ.
Корпоративтік басқару принциптері (қызметті жүзеге асырудағы алқалық, дербестік, нәтижелер бойынша есептілік, ашықтық және жауапкершілік) 9 мемлекеттік жоғары (байқау кеңестері) және 65 азаматтық (қамқоршылық кеңестері) оқу орнында енгізілді.
Көрсеткіш:
Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады
1. Мектептермен колледждердегі ескірген ITинфрақұрылым. Интернет провайдерлер ескірген инфрақұрылымның кесірінен ауылдық аймақтардағы білім беретін мекемелерге кең жолақты интернет жүргізе алмайды.
2014 жылы жоба алдындағы талдау, Техникалық тапсырманы және ТЭН түзету себепті электронды оқыту жүйесіне қосылу жүзеге асырылмады.
Анықтама: 2011-2013 жылдары электронды оқыту жүйесіне тек 1 075 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп пен 84 мемлекеттік колледж қосылды. Қаражаттың қысқаруына байланысты 2013 жылы жоспарланған 926 білім беру ұйымының тек 578-і ғана жарақтандырылды және жүйеге қосылды.
2013 жылы 2016-2020 жылдардағы жаңа Электронды оқыту тұжырымдамасы жобасы әзірленген. 2014 жылдың сәуірінде Тұжырымдама ҚР үкіметімен мақұлданды (16.04.2014ж. № 20-5/И-248 хаттама) және БҒМ Бұйрығымен бектілді(06.11.14ж. № 453).
Электронды оқыту тұжырымдамасы аясында акценттер техникалық жабдықтаудан контентті жабдықтауға жылжытылған (сандық білім беру ресурстары).
Бұдан басқа, 2014 жылы 2016-2020 жылдардағы жаңа ТЭН жобасы әзірленген және меморгандарға келісуге жіберілген. Сондай-ақ ИДМ инвестициялық ұсыныс келісуге жіберілді (28.02.2015 жылғы №01-3-02-8/594-И).
2015 ж. 31 наурызда ИДМ-мен ескертулер және ұсыныстары бар хат жіберілді (31.03.2015 жылғы №30-30-13/3281).
Ү.ж.15 тамызында ИДМ ескертулерін ескере отырып инвестициялық ұсыныс қайтадан жіберілді. Қазіргі кезде құжат келісілуде.
Бұдан басқа,ҰЭМ, «2016-2020 жылдардағы орта білім беруді ақпараттандыру» инвестициялық ұсынысы жөнінде мынаны жеткізеді, онда ҚР мемлекеті басшысының тапсырмасына сәйкес, негізгі өндірістік және қаржылық қуаттар іске қосылған ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады, сондай-ақ РБ өскелең жүктемесі мен мемлекеттік қарыз, ИДМ салалық сараптамасының қорытындысында көрсетілген ескертулерді жоюды есепке ала отырып, «2011-2014 жылдардағы электронды оқыту»ақпараттық жүйесін құру» жобасының 1 кезеңі іске асырылғаннан кейін ұсынылған Жобаны қарастыруға қайтып оралуды мақсатты деп санайды. Бұдан басқа, «Штатты кеңейтуге, жалақыны арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жаңа бастамаларға қаражат бөлуге мораторий белгілеу туралы»ҚР Президентінің 2015 жылғы 19 қазандағы №10137/1.2-08/15363 Жарлығына сәйкес, қаражат жеткіліксіздігі және кіріс базасын ұлғайту мүмкіндіктерін ескере отырып жаңа жобаларды іске асыруға байланысты 2018 жылға дейін әртүрлі бастамларға мораторий белгіленді.
Көрсеткіш:
Оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің үлесі
1. Қаржыландыру. Біліктілігін арттыру курстарын, сонын ішінде АКТ курстары, жылма-жылдық қаржыларындыру.
Оқытуда АКТ қолдану бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің жалпы саны 2011-2015 жылдар кезеңінде 261 649 адамды құрады. Оның ішінде:
- 2011 жылы - 8 000 педагог,
- 2012 жылы - 82 500 педагог және 8 000 – электронды оқыту шеңберінде,
- 2013 жылы - 65 726 педагог және 8 000 - электронды оқыту шеңберінде,
- 2014 жылы - 26 923 педагог және 8 000 - электронды оқыту шеңберінде,
- 2015 жылы - 54 500 педагог, оның ішінде 9 200 коммерциялық негізде.
2015 жылдан бастап барлық білім беру қызметкерлері санаттарының біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарының технологиялық модулінің мазмұнына оқытуда АКТ қолдану жөніндегі міндетті дәрістер енгізілді (көлемі 4 сағат).
Көрсеткіш:
1 компьютерге келетін оқушылардың саны
1. Мектептерде МТБ (компьютерлік техника) есептен алуы реттелген жоқ, себебі мектептердің ерекшелігін (сақтау, салықты төлеу, пайдалану және т. б.) қарамайтын бірнеше НҚА нұсқау реттінде қолданады.
2015-2016 оқу жылы бір компьютерді пайдаланатын оқушылар саны 10 құрайды.
Республикалық көрсеткіштен төмен көрсеткіш 8 өңірде тіркелген (Маңғыстау (17), Оңтүстік Қазақстан (14), Атырау (13), Ақтөбе (12), Жамбыл (11), Алматы (11) облыстарында және Алматы (12) мен Астана (12) қалаларында).
Индикатор:
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту
1. ББДМБ шегінде қаржыландыру
2. МЖӘ шегінде жеке мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы.
3. Жеке мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттің тапсырмаларын көбейту
2015 жылы мектепке дейінгі орындардың жетіспеушілік мәселесі желіні 367 бірл. ұлғайту арқылы,соның ішінде: 60 балалар бақшасынсалу есебінен шешілді (РБ - 39, ЖБ - 21).
011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы аясында 2010-2015 жылдары 396,6 мың орынға мемтапсырыс орналастырылды.
2015 жылы Ұлттық қор қаражатынан 54 мың орынға мемтапсырыс, сондай-ақ мемтапсырысты қолдауға 2010-2014 жж. 46,6 мың орын орналастырылды. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 296 мың орынға мемтапсырыс қамтамасыз етілді.
ҚР БҒМ ЖАО бірлесіп Мектепке дейінгі ұйымдарды ашудың жол картасын әзірлеген, ол бойынша МЖӘ есебінен 18 бала бақша және 324 – жеке инветорлармен және 7 ірі компаниялармен ашылады.
МЖӘ негізінде мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамытуға қажетті норматитвті-құқықтық базасы қалыптасқан. Шығындарды өтеу, кірістер алудың жаңа құралдар қатары және концессионерді мемлекеттік қолдау шаралары енгізілген,сондай-ақ МЖӘ жобаларын дайындау және іске асыру бойынша ЖАО барлық қажетті өкілеттіктері ұсынылған.
Білім берудегі МЖӘ жобалары мына өңірлер ішінде қарастырылған: СҚО (11 бірл.),Маңғыстау облысы(3бірл), СҚО (3 бірл).
Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» ҚРЗ әзірленген,оның құрамында мектепке дейінгі білім беру саласында оңайлатылған процедуралар және жобаны дайындау мерзімін қысқарту бойынша жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін МЖӘ жаңа түрлері бар.
Анықтама: 2015 жылдың 1 қазанына мектепке дейінгі ұйымдар желісі 8 834 құрады, оның ішінде бала бақшалар - 4 241 (1 553 жеке)және 4 593 шағын-орталықтар (222 жеке).
2014 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 367 бірл. көбейді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйыдарындағы балалар контингенті 758 772 баланы құрады. Оның ішінде балалардың 43,6%-ы (330 580) мектепке дейінгі ұйымдарға ауылдық жерлерде барады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жалпы санынан (758 772) балалардың 76%-ы (576 631) балабақшаларға және балалардың 24%-ы (182 141) шағын орталықтарға барады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың контингенті 658 312 (81,6%) баланы құрады. Қазақстан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға жататын осы жас тобындағы балалардың жалпы саны 806 662 баланы құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымдармен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтудың ең жоғары көрсеткіштері - Павлодар (100%), Қостанай (99,6%), Қарағанды (97,9%), Батыс Қазақстан (97,9%), Шығыс Қазақстан (97,9%), Солтүстік Қазақстан (94,2%) облыстарында.
6 өңірдегі көрсеткіштер республикалық көрсеткіштен төмен – Астана қаласы (64,5%), Маңғыстау (68,7%), Алматы қаласы (69,9%), Алматы (72%), Жамбыл (75%) және Оңтүстік Қазақстан (75,5%) облыстары.
Көрсеткіш:
Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі
1. Типтік балабақшалардың кұрастыруы өсіп жатқан мектепке дейін білім беретін ұйымдарына қараған кезекке үлгермейді
2. Ел сұранысқа жауап ретінде жекеше шағын орталықтар ашылып жатыр. Олардың типтік балабақшалардан қарағанда талаптары аз.
3. Типтік балабақшаны құрастыруы жергіліктік немесе мемлекеттік бюджетінен қаржылай құыйылымды талап етеді.
Мектепке дейінгі қызметтер сапасын арттыру мақсатында ҚР БҒМ ЖАО-мен бірлесіп, толық күн жұмыс істейтін және тиісінше жарақтандырылған типтік балабақшалар мен шағын орталықтарды дамыту есебінен шағын орталықтар желісін азайту бойынша жұмыс жүргізуде.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 балабақша іске қосылған, соның ішінде РБ есебінен – 39 және ЖБ – 21.
Ұлттық қордың трансферттері есебінен 2015-2016 жылдары 17 балабақшалар тізілімі құрылған.
Білім беру нысандарының құрылысы барысын бақылауды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің төрағалық етуімен Балабақшалар және мектептерді салу барысы мен оның сапасының мониторингі, бақылауын ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады, оның құрамына ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің өкілдері, облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары енгізілген (ҚР БҒМ 21.07.2014 ж. №294 бұйрығы). ВАК отырысы тоқсан сайынғы негізде өткізіледі, онда облыс әкімдері орынбасарларының қаражатты тиімді пайдалану және бюджетті орындау туралы есептері тыңдалады. Ү.ж. 30 қазандағы ВАК отырысында ұлттық қор есебінен салынатын балабақшалар мен мектептер құрылысының барысы бойынша мәселелер қарастырылды.
Анықтама: 2015 жылы республикамызда 4 593 шағын-орталық қызмет көрсетеді (2014 – 4 635), контингенті 182 141 адам (2013 – 185 880). 4 593 шағын-орталықтың 222-сі жеке шағын-орталықтар.
Шағын орталықтар контингенті мектепке дейінгі ұйымдарға баратын жалпы балалар санынан (758 772) 24%-ды (182 141) құрайды.
Толық күн жұмыс істейтін шағын орталықтар саны 2 238 шағын орталық, бұл олардың жалпы санынан 48,7%-ды құрайды.
Толық күн жұмыс істейтін шағын орталықтардың ең көп саны Алматы (352), Оңтүстік Қазақстан (334), Солтүстік Қазақстан (273), Шығыс Қазақстан (251) облыстарында.
Толық күн жұмыс істейтін шағын орталықтар желісі Атырау облысында (1), Алматы қаласында (53), Ақтөбе облысында (15) нашар дамуда.