Индикаторды есептеу формуласы:
(88 305 / 102 562) * 100% = 86%
13
|
Индикатор:
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі
|
%
|
Стат. деректері
|
ЖАО,
БҒМ
|
78
|
78
|
78,2
|
|
|
Индикатор орындалды
2015 жылы ТжКБ бітірушілер саны 129,7 мың адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 76,7 мың адам*.
ЖАО деректері бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің (78,2%) 60,0 мыңы жұмысқа орналастырылды.
*Ескерту: күндізгі оқуды бітіргендер.
Индикаторды есептеу формуласы:
(60 018 / 76 702) * 100% = 78,2%.
|
14
|
Индикаторды:
Ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі
|
%
|
ББ-дың деректері
|
ЖАО,
БҒМ
|
10
|
10
|
2,6
|
|
|
Индикатор ішінара орындалды
2013-2015 жылдары өз қаражаты есебінен 16 колледж, оның ішінде
12 мемлекеттік колледж аккредиттеуден өтті (барлығы 807 колледж).
«Білім туралы» ҚР Заңының 9-1-бабына сәйкес білім беру ұйымдарын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылатынына және білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізілетініне байланысты жоспарлы мәнге қол жеткізілмеді.
ЖАО ТжКБ оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерін өткізуге арналған қаражат қарастырмаған.
Индикаторды есептеу формуласы:
(12 / 462) * 100% = 2,6%
|
8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
|
Мақсат 8.1: Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу
|
15
|
Индикатор:
Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ЖОО түлектерінің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі
|
%
|
|
БҒМ,
ЖОО
|
10
|
35
|
35,7
|
|
|
Индикатор орындалды
Техникалық мамандық бойынша 28 мың түлектің шамамен 10 мыңы өндірістік практика шеңберінде жұмыс берушілерде сертификаттаудан бірден өтті.
Индикаторды есептеу формуласы:
(10 мың / 28 мың) *100% = 35,7%
|
16
|
Индикатор:
Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі
|
%
|
Әкімшілік есептілі-гінің деректері
|
ЖОО,
БҒМ
|
78
|
78
|
82
|
|
|
Индикатор орындалды
ЖОО 138 мың түлегінің 71%-ы жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,6%-ға жоғары.
2015 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған студенттер 35 790 адамды құрады, олардың ішінде 29 442 адам жұмысқа орналастырылды.
Түлектерді жұмысқа орналастырудың сенімділігі үшін ҚР БҒМ мен ҚР ДСӘДМ-нің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығының ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы ҚР ДСӘДМ-мен бірлескен бұйрық әзірленді және бекітілді (ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 маусымдағы №496 және ҚР ДСӘДМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 маусымдағы №621 бұйрықтары).
Индикаторды есептеу формуласы:
(29 442 / 35 790) * 100% =82%
|
17
|
Индикатор:
Әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны
|
Ед.
|
БПжАМО-ның деректері
|
ЖОО
|
1
|
1
|
9
|
|
|
Индикатор орындалды
QS WUR әлемнің озық университеттері рейтингінде 2015 жылы 9 қазақстандық ЖОО белгіленді:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (топ-300)
2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (топ-400)
3. Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ (топ 551-600)
4. Абай атындағы ҚазҰПУ (топ 601-650)
5. Букетов атындағы ҚарМУ (топ 701+)
6. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (топ 701+)
7. ҚБТУ (топ 701+)
8. М Әуезов атындағы ОҚМУ (топ 701+)
9. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (топ 701+)
Осы ЖОО 2015 жылы Шығыс Еуропа және Орталық Азияның QS University Rankings EECA (Eastern Europe and Central Asia) жаңа өңірлік рейтингіне алғаш рет қатысқанын да атап өту қажет. Бұл ретте ҚР ЖОО жалпы саны 14-ті құрады:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (топ-30)
2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ(топ-40)
3. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ (топ-50-60)
4, 5. ҚБТУ және ҚазҰАУ (топ-60-70)
6. Абай атындағы ҚазҰПУ (топ-70-80)
7. М. Әуезов атындағы ОҚМУ(топ-80-90)
8. Букетов атындағы ҚарМУ(топ-100)
9. Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (топ-100-110)
10,11. ҚарМТУ, ШҚМТУ (топ 111-120)
12-14. СҚМУ, АТУ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ (топ-131-150).
Webometrics рейтингіне 2015 жылы 35 ЖОО қатысты. Ең үздік көрсеткіштер ЕҰУ (1455-орын) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1711-орын) белгіленді.
|
18
|
Индикатор:
Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі
|
%
|
БПжАМО-ның деректері
|
ЖОО,
БҒМ
|
50
|
50
|
64,3
|
|
|
Индикатор орындалды
1 Ұлттық тізілімге енгізілген қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде институционалдық аккредиттеу рәсімінен 72 ЖОО (64,3%), оның ішінде: БСҚТҚА-де – 46 ЖОО; АРТА-да 26 ЖОО өтті.
Индикаторды есептеу формуласы:
(72 / 112) * 100% = 64,3%
|
19
|
Индикатор:
Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі
|
%
|
БПжАМО-ның деректері
|
ЖОО,
БҒМ
|
20
|
20
|
49
|
|
|
Индикатор орындалды
Ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден 343 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша барлығы 55 ЖОО (49%) өтті.
Индикаторды есептеу формуласы:
(55 / 112) * 100% = 49%
|
20
|
Индикатор:
Отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі
|
%
|
БҒМ-ның есеп беру ақпараты
|
ЖОО,
БҒМ
|
10
|
10
|
14,3
|
|
|
Индикатор орындалды
16 ЖОО-да ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері) ашылды.
Отандық ғылыми қызметкерлерді, технологияларды коммерцияландыру офистерінің мамандарын, ғалымдарды, инноваторларды және басқаларын қолдау және олардың технологиялар мен бизнес идеяларды жылжыту, әріптестер мен әлеуетті инвесторларды іздеу бойынша технологияларды коммерцияландыру туралы хабардарлығы деңгейін арттыру мақсатында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ай сайынғы Ақпараттық бюллетень әзірленген.
Осы бюллетень 1500-ден артық абонентке таратылады.
Технологияларды коммерцияландыру офистері «ТКО» ЖШС технологиялық аудит жүргізуіне белсенді қатысты және http://portal.cest.kz/ ғылыми порталында орналастыру үшін өз жобаларын ұсынды.
Технологияларды коммерцияландыру орталығы CRDF Global Америка азаматтық зерттеулер және дамыту қорымен бірлесіп Қазақстанда технологияларды коммерцияландыру процесіне барлық қатысушылар үшін әдістемелік құралдар әзірледі:
1. ЖОО мен старт-ап компаниялар үшін зияткерлік шығармашылық қызмет құру, құқықтық қорғау және нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі практикалық ұсынымдар;
2. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға арналған технологиялық стартаптарды құру мен дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдар.
Желтоқсанның екінші жартысында материалдар жүктеу үшін қол жетімді болады және ЖОО-ға, ҒЗИ-ге, коммерцияландыру офистеріне және басқа ұйымдарға жіберіледі.
2015 жылғы 13 қарашада өткізілген құрылтай съезінің қорытындылары бойынша «Технологияларды коммерцияландыру бойынша мамандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін тіркеуге құжаттар берілді. Қауымдастық елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне әкелетін Қазақстан Республикасында технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту және технологияларды коммерцияландырудың сапалы жобалары ағымын реттеу үшін бірлескен күш-жігерді шоғырландыру мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде университтер мен ғылыми ұйымдар жанындағы технологияларды коммерцияландыру офистері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, ғылыми парктер, венчурлық қорлар, технологиялық кәсіпорындар мен мүдделі ұйымдар қызметкерлерінің ерікті бірлестіктері болып табылады.
Құрылтай съезінің құрамына елдің ең ірі ЖОО коммерцияландыру офистерінің өкілдері енді.
Металлургиялық коксобрикет өндіру зауытының ресми ашылуында «Технологияларды коммерцияландыру орталығының гранттық бағдарламасын іске асыру туралы» конференция өткізілді, онда ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың технологияларды коммерцияландыру офистерінің, жоғары оқу орындарының өкілдері, технопарктер инновациялары, бизнес-инкубаторлар, ұлттық компаниялардың менеджерлері Қазақстанда технологияларды коммерцияландыру жүйесінің қалай дамып келе жатқанын нақты мысалдармен көре алды.
Индикаторды есептеу формуласы:
(16 / 112) * 100% = 14,3%
|
21
|
Индикатор:
Соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі
|
%
|
Әкімшілік есептілі-гінің деректері
|
ЖОО,
БҒМ
|
2
|
2
|
9,9
|
|
|
Индикатор орындалды
2011-2015 жылдар кезеңінде ЖБББЖ деректері бойынша импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдары бар ПОҚ саны 3854 адамды құрады.
Индикаторды есептеу формуласы: (3 854 / 38 947) * 100 = 9,9%
|
9. Өмір бойы оқу
|
Мақсат 9.1 Өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
22
|
Индикатор:
Барлық жастағы адамдар үшін әртүрлі білім беру нысандары мен типтері енгізіледі
|
|
|
БҒМ
|
|
|
|
|
|
Индикатор орындалды
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті типтегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленеді.
Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейіне қол жеткізуге жағдай жасалуына байланысты оқу күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат түрінде және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту түрінде жүзеге асырылады.
Техникалық мамандықтар бойынша жұмыскерлердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарына арналған 20 модульдік оқу бағдарламасы әзірленіп, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына тартылған 89 ТжКБ оқу орнында іске асырылуда.
|
10. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
|
Мақсат 10.1 Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру
|
23
|
Индикатор:
Жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі
|
|
БҒМ-ның есеп беру ақпараты
|
БҒМ
|
27
|
31
|
52
|
|
|
Индикатор орындалды
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген социологиялық зерттеу деректері бойынша 2015 жылы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысқан жастардың үлесі 52%-ды құрады.
Жас респонденттердің 34,5%-ы маңызды күндерге, оқиғаларға, мерекелерге арналған біржолғы акцияларға, іс-шараларға қатысты.
Сауалнама жүргізілгендердің үштен бірінен азы экологиялық жалпы қалалық/аудандық/ауылдық іс-шараларға қатысты. 22%-ы – көпшілік спорттық жарыстарға қатысты. Жас респонденттердің 15%-ы азаматтық қоғам үшін маңызды ақпаратты таратуға, 11,8%-ы жастар ұйымдарының жұмысына, 13,3%-ы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие іс-шараларына қатысты.
13,3%-ы сотта алқаби ретінде қатысқанын, тағы да осындай пайызы – төтенше жағдайға ұшыраған адамдарды құтқаруға көмектескенін, 14,2%-ы әкімдердің, депутаттардың есеп беру кездесулеріне қатысқанын, жастардың 9,1%-ы көпшілік социологиялық және ғылыми зерттеулерге қатысқанын айтты.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Міндеті 1.1.1 Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу
|
24
|
Көрсеткіш: Педагогтердің жалпы санына шаққанда біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің үлесі (2015 – 30%, 2020 - 60%)
|
%
|
«НЗМ» ДББҰ және «Өрлеу» БАҰО АҚ-тың деректері
|
БҒМ
ЖАО
|
30
|
30
|
30
|
|
|
Көрсеткіш орындалды
2012 жылдан бастап 53 069 педагог жаңа жүйе бойынша курстық даярлаудан өтті:
- 2012 жыл – 7 648
- 2013 жыл – 15 126
- 2014 жыл – 17 037
- 2015 жыл – 13 258
Бұл жоғарыда аталған курсқа жіберілетін педагогтерге қойылатын талаптарға сәйкес 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар мен педагогтерді есептемегенде, жалпы мұғалімдер санының (176 690 адам) 30%-ын құрайды («Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығы және «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №447 бұйрығы).
Көрсеткішті есептеу формуласы:
(53069 / 176 690) * 100% = 30%
|
Міндет 2.1.1 Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету
|
25
|
Көрсеткіш:
Академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі
|
%
|
«НЗМ» ДББҰ және «Өрлеу» БАҰО АҚ-тыңдеректері
|
ЖАО
БҒМ
|
5
|
5
|
38,1
|
|
|
Көрсеткіш орындалды
2015 жылы «Өрлеу» АҚ БАҰО филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы (ПОҚ) 777 оқытушыны құрады. Олардың ішінде ғылым докторы дәрежесі бар - 40 адам (5,1%), PhD докторы - 6 адам (0,8%), ғылым кандидаттары - 106 адам (13,6%), академиялық магистр дәрежесі бар - 156 адам (20%).
«НЗМ» ДБҰ ПШО ПОҚ 78 адамды құрады, оның ішінде 11 – ғылым кандидаты, 7- магистр.
Біліктілікті арттыру жүйесінде барлығы 855 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 326 адамның академиялық және ғалым ддәрежелері бар (38,1%).
Көрсеткішті есептеу формуласы:
326 / 855 * 100% = 38,1%
|
26
|
Көрсеткіш:
Магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі
|
%
|
|
БҒМ
|
10 %-дан кем емес
|
10 %-дан кем емес
|
0
|
|
|
Көрсеткіш орындалмады
Бейіндік мектептерді («Бейіндік мектеп») жалпы білім беретін пәндерді жоғары білім беру компоненттерімен интеграциялау шеңберінде 12 жылдық білім беруге көшу кезінде құру жоспарланған.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдерінің стадарттары негізінде адами капиталдың сапасын арттыру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуді 2016 жылдан бастау жоспарлануда.
|
27
|
Көрсеткіш:
Жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі
|
%
|
Әкімшілік есептілі-гінің деректері
|
БҒМ
|
10
|
10
|
1,7
|
|
|
Көрсеткіш орындалмады
2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің саны 69 305 құрады. Оның ішінде 1 202 мұғалім (1,7%) ағылшын тілінде сабақ береді.
Педагогтер мәртебесі мен жалақысының төмендігіне байланысты көрсеткішке қол жеткізілмеді. Бұдан басқа, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге үстеме ақы берілмейді.
Бастауыш мектеп мұғалімінің орташа айлық жалақысы - 58 541 теңгені (ел бойынша орташа жалақыдан 47%), негізгі орта және жоғары мектептерде – 76 005 теңгені (ел бойынша орташа жалақыдан 61%) құрады. Ал ел бойынша орташа айлық жалақы 124 137 теңгені құрайды (ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша).
Мемлекеттік бағдарламада көзделген педагог қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделі (еңбекақы төлеуді енгізудің нәтижеге бағдарланған тетігі мен біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақы мөлшерін есептеу үшін қолданылатын сараландырылған коэффициенттерді енгізу) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қана енгізіледі (жалақыны 29%-ға дейін көтеру).
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамын іске асыру мақсатында («Білім беру жүйесінде – жоғары мектеп пен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу») ҚР БҒМ ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу шараларын әзірледі.
Бұдан басқа, Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде 400 пән мұғалімін ағылшын тіліне оқыту жөніндегі пилоттық жоба қаржыландырылады.
Премьер-Министрдің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның хаттамалық тапсырмаларына сәйкес (2015 жылғы 15 қазандағы және 25 желтоқсандағы) ҚР БҒМ-ге 2016-2017 оқу жылынан бастап ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер үшін ынталандыру компонентін қарастыру және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін ағылшын тілін білу талаптарын (IELTS, TOEFL) енгізу тапсырылған.
|