Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет1/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп


Есеп беру кезеңі:

2015 жыл

Бекітілген:




Мемлекеттік орган:

ҚР Білім және ғылым министрлігі


2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)


Болашаққа инвестиция ­– орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру.



1. Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат


р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның коды

Орындалуы туралы ақпарат

Базалық (бастапқы) мәні

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  1. Білім беруді қаржыландыру

Мақсат 1.1. Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру

1

Индикатор:

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарына жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі



%

БҒМ деректері

БҒМ

ЖАО


60

60

66,9







Индикатор орындалды

Мектепке дейінгі білім беру. 8 834 (100%) мектепке дейінгі ұйым бір балаға арналған есеп бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ЖҚ тетігі арқылы қаржыландырылады.

Жалпы орта білім беру.

Сынақ қорытындылары (2013-2014жж.) ЖҚ-ның басты принципі – оқушылар үшін мектептер арасындағы бәсекелестікті дамытуды іске асыруға - 1-9 сыныптарға мектепке оқушыларды аумақтық қабылдау нормативтерінің кедергі жасайтынын көрсетті.

Осыған байланысты 2015 жылғы
1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметі Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының жұмыс істеп тұрған 63 пилоттық мектебінің (5 276 оқушы) 10-11 сыныптарында ғана ЖҚ-ны сынауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен кеңесте (2015 жылғы 25 желтоқсандағы) ҚР БҒМ-ге ҚР ҰЭМ-мен, Қаржыминімен, ҚР Әділетминімен, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, ОҚО және ШҚО әкімдерімен бірлесіп, 2016 жылдан бастап 12 пилоттық мектептің (63 мектептен) 1-11 сыныптарында (мектепалды даярлығын қоса алғанда) 2016 жылға арналған РБ қарастырылған қаражат шегінде ЖҚ-ны одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

ҚР ҚМ, ҚР ҰЭМ және ҚР ӘМ мектептердің қажеттілігіне бюджет қаражатын дербес бөлу құқығын беретін ЖҚ енгізілген мектептердің ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша ұсыныстар әзірлесін.

ТжКБ. ЖҚ жүйесі енгізілмеген. ТжКБ ұйымдарының ЖҚ Әдістемесінің жобасы 2015 жылғы желтоқсанда ҚР ҰЭМ мен ҚР Қаржыминіне келісуге енгізілді.

Индикаторды есептеу формуласы:
(8 834 + 63 + 0) / (8 834 + 3 999 + 462)* 100% = 66,9%


2. Педагог мәртебесі

Мақсат 2.1 Педагог мамандығының беделін көтеру

2

Индикатор: Педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі

%

Әкімшілік есептілі-гінің деректері

ЖАО

БҒМ



47

49

49,8







Индикатор орындалды

2015 жылы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің жалпы саны 291 237 адамды құрады. Олардың ішінде 56 767 мұғалімнің жоғары және 88 379 мұғалімнің бірінші санаты бар.

Жоғары және бірінші санаты бар мұғалімдердің ең төмен үлесі Маңғыстау (44%), Оңтүстік Қазақстан (45%) және Ақтөбе облыстарында (45%).

Ең жоғары үлес – Павлодар облысында (58%), Астана (57%) және Алматы (56%) қалаларында.



Индикаторды есептеу формуласы:

145 146 / 291 237 = 49,8%






3. Білім беру менеджменті

Мақсат 3.1 Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру

3

Индикатор:

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған



%

БҒМ-дың есеп беру ақпараты


ЖАО,

ЖОО,

БҒМ


45

45


63,4







Индикатор орындалды

2015 жылы 4 377 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде қамқоршылық кеңестері құрылды (2013 ж. - 3 259).

Қамқоршылық кеңестері сондай-ақ барлық 462 мемлекеттік колледж бен 65 азаматтық жоғары оқу орнында да құрылды.

Индикаторды есептеу формуласы:

(4 377 + 462 + 65) / (7 160 + 462 + 112)) * 100% = 63,4%



4

Индикатор:

Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен



%

«НЗМ» ДББҰ және «Өрлеу» БАҰО АҚ-тың деректері

БҒМ


50

50


68,6







Индикатор орындалды (2015 жылға қарай өсу үлесімен)

2011-2015 жылдар кезеңінде менеджмент мәселелері бойынша даярлық курсынан барлығы 19 313 адам (68,6%) өтті.

2015 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында білім беру ұйымдарының 3300 басшысы біліктілігін арттырудан өтті. 2013 жылы «НЗМ» ДББҰ ПШО базасында – 243, 2014 жылы 1000 мектеп директоры оқудан өтті.

Білім беру ұйымдары басшыларының жалпы саны 28 166 адамды құрайды. Оның ішінде балабақша меңгерушілері – 2 688, мектеп директорлары – 6 299, мектеп директорларының орынбасарлары – 17 793, ТжКБ директорлары – 462, колледж директорларының орынбасарлары - 924.


Индикаторды есептеу формуласы:

(19 313 / 28 166) * 100% = 68,6%



4.«E-learning» электрондық оқыту

4.1. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету

5

Индикатор:

Орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады



%

ЖАО-ның деректері

БҒМ

ЖАО


50

50

15







Индикатор орындалмады

2011-2013 жылдары электронды оқыту жүйесіне тек 1 075 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп пен 84 мемлекеттік колледж қосылды.

Қаражаттың қысқаруына байланысты 2013 жылы жоспарланған 926 білім беру ұйымының тек 578-і ғана жарақтандырылды және жүйеге қосылды.

2014 жылы электронды оқыту жүйесіне қосылу жоба алды талдауын жүргізуге, Техникалық тапсырма мен ТЭН-ді түзетуге байланысты жүзеге асырылмады.

2014 жылғы сәуірде ҚР Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған электронды оқыту тұжырымдамасын мақұлдады (16.04.2014ж. № 20-5/И-248 хаттама) және БҒМ-нің бұйрығымен бекітілді (06.11.14ж. № 453).

Электронды оқыту тұжырымдамасы шеңберінде акценттер техникалық жарақтандырудан контентті жарақтандыруға қайта бағдарланды (цифрлік білім беру ресурстары).

2015 жылы ҚР БҒМ-мен «2016-2020 жылдарға арналған орта білім беруді ақпараттандыру» инвестициялық ұсынысын келісу бойынша жұмыс жүргізілді.

Индикаторды есептеу формуласы:

1 159 / (7 222 + 467) * 100% = 15%



5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мақсат 5.1: Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

6

Индикатор:

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту



%

Әкімшілік есептілі-гінің деректері

ЖАО

73,5

77,7

81,6








Индикатор орындалды

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйыдарындағы балалар контингенті 758 772 баланы құрады. Оның ішінде балалардың 43,6%-ы (330 580) мектепке дейінгі ұйымдарға ауылдық жерлерде барады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жалпы санынан (758 772) балалардың 76%-ы (576 631) балабақшаларға және балалардың 24%-ы (182 141) шағын орталықтарға барады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың контингенті 658 312 (81,6%) баланы құрады. Қазақстан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға жататын осы жас тобындағы балалардың жалпы саны 806 662 баланы құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдармен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтудың ең жоғары көрсеткіштері - Павлодар (100%), Қостанай (99,6%), Қарағанды (97,9%), Батыс Қазақстан (97,9%), Шығыс Қазақстан (97,9%), Солтүстік Қазақстан (94,2%) облыстарында.

6 өңірдегі көрсеткіштер республикалық көрсеткіштен төмен – Астана қаласы (64,5%), Маңғыстау (68,7%), Алматы қаласы (69,9%), Алматы (72%), Жамбыл (75%) және Оңтүстік Қазақстан (75,5%) облыстары.



Индикатордыесептеу формуласы:

(658 312 / 806 662) * 100% = 81,6%



6. Орта білім

Мақсат 6.1: Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу

7

Индикатор:

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған



%

БҒМ-дың есеп беру

БҒМ

ЖАО


1,5,11 сыныптары

1,5,11 сыныптары

1 сынып (апробация)







Индикатор орындалмады

Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы – 2050» стратегиясында: «Жалпы білім беретін мектептерді НЗМ-да оқыту деңгейіне тарту қажет. Мектеп оқушыларын оқыту нәәтижесі олардың сыни ойлау, дербес іздену және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі болуы тиіс» деген тапсырмасында НЗМ тәжірибесі ескеріле отырып, 12 жылдық білім берудің жаңа мазмұны айқындалды.

Бұдан басқа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76-қадамына сәйкес («ЭЫДҰ елдері стадарттарының негізінде адами капиталдың сапасын арттыру. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу, озық мектептерді ынталандыру жүйесін жасау»), 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу 2016 жылдан бастап көзделген.

12 жылдық білім беруге толық көшуді 2020 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 пилоттық мектепте бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуды сынақтан өткізу басталды.

ҚР БҒМ:


- Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірледі және бекітті (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысы);

- 12 жылдық білім беру моделінің құрылымын айқындады: мектепке дейінгі (1) + бастауыш мектеп (4) + негізгі мектеп (5) + жоғары мектеп (2);

- 2 бағыт бойынша (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бейінді оқыту көзделген негізгі және жоғары сыныптардың МЖС жобаларын әзірледі.


8

Индикатор:

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны



Ед.

«НЗМ» ДББҰ-ның деректері

БҒМ


20

20

20







Индикатор орындалды

2015 жылы химиялық-биологиялық бағыттағы 3 Назарбаев зияткерлік мектебі пайдалануға берілді:

- 720 оқушы орнына арналған (Петропавл қаласы, 2015 жылғы 4 шілде);

- 960 оқушы орнына арналған (Алматы қаласы, 2015 жылғы 11 тамыз);

- 720 оқушы орнына арналған (Ақтау қаласы, 2015 жылғы 27 тамыз).

Барлығы 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істейді (Астана (2), Алматы (2), Көкшетау, Талдықорған, Семей, Өскемен, Орал, Қарағанды, Шымкент (2), Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Атырау, қктау, Қостанай, Петорпавл қалаларында).



9

Индикатор:

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі



%

ЖАО-ның деректері

ЖАО

БҒМ



60


60

61







Индикатор орындалды

2015-2016 оқу жылының 1-ші жартыжылдығының қортындылары бойынша 1,4 млн. (61%) оқушы жаратылыстану-математика циклының оқу бағдарламасын сәтті меңгерді.



Индикаторды есептеу формуласы:

(1 468 034 / 2 398 470) * 100 = 61%



10

Индикатор:

PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері



место

БҒМ-дың есеп беру ақпараты

ЖАО

БҒМ


PISA - 50-55 орын, TIMSS - 10-15 орын

PISA - 50-55 орын, TIMSS - 10-15 орын

PISA 2012 нәтижелері:

Математика – 49 орын;

Оқу – 63 орын;

Жаратылыстану – 52 орын

TIMSS 2011: 4-ші сыныптары мат. -27-ші орын, жаратылыстану – 32; 8-ші сыныптары мат. -17, жаратылыстану - 20








Индикатор орындалды

2013 жылғы 3 желтоқсанда ЭЫДҰ PISA-2012 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық зерттеу нәтижелерін жариялады.

Оған 218 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 5808 оқушы қатысты (200 мектеп және 18 колледж).

Қазақстанның позициясы: әлемнің 65 елінің арасында математикадан 49-орын, жаратылыстану-ғылыми пәндерден 52 және оқу сауаттылығынан 63-орын.

PISA-2009 салыстырғанда оқушылардың математика және жаратылыстану ғылымы бағытындағы функционалдық сауаттылығы барынша көрсеткіштері едәуір жақсарған (сәйкесінше 405-432 балл және 400-425 балл).

PISA-2015-ке 232 білім беру ұйымынан 15 жастағы 7 842 оқушы қатысты (189 мектеп, 27 колледж және 16 Назарбаев зияткерлік мектептері).

Бұдан басқа, білім беру ұйымдарының 232 басшысы сауалнамаға қатысты. PISA-2015-ке қатысушылардың барлық нақты саны 8 074 адамды құрады.

TIMSS-2015-ке 9 579 адам қатысты (4-сыныптан 4 710 және 8-сыныптан 4 869 оқушы).

Сауалнамаға 4-сынып оқушыларының 4 710 ата-анасы, 179 мектеп директоры, 8-сыныптың 1 195 пән мұғалімдері және 4-сыныптың 239 оқытушысы қатысты.

TIMSS-2015 қатысушылардың барлық нақты саны 15 902 адамды құрады.

PISA-2015 және TIMSS-2015 нәтижелерін халықаралық ұйымдар 2016 жылғы желтоқсанда жариялайды.


11

Индикатор:

Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі



%

Әкімшілік есептілі-гінің деректері

ЖАО

БҒМ


30

30

44,8








Индикатор орындалды

2015-2016 жылдары инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған (көтеру құрылғылары, пандустар, санитариялық бөлмелердегі арнайы жабдықтар, тіректермен, арнайы парталармен, үстелдермен жарақтандыру) күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны 3 210 құрады (жалпы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер санынан 44,8% - 7 158).

Олардың оң жоғары үлесі - Астана қаласында (68%), Қостанай (63%), Шығыс Қазақстан (62%), Қызылорда (59,7%), Батыс Қазақстан (59,1%) облыстарында, ең аз үлесі - Атырау (12,5%), Оңтүстік Қазақстан (26,5%), Алматы (28,9%) облыстарында.

Индикаторды есептеу формуласы:

(3 210 / 7 158) * 100 = 44,8%



7. Техникалық және кәсіптік білім

Мақсат 7.1 Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу

12

Индикатор:

Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі



%

ТжКБ РҒӘО-ның аналити-калық есептеме


ЖАО,

БҒМ



75

75


86








Индикатор орындалды

2015 жылы 102 562 түлектің ішінен 88 305 (86%) түлек КДДБ рәсімінен бірден өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет