Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп



бет13/21
Дата06.07.2018
өлшемі245,61 Kb.
#47791
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

171-іс-шара:

Құқықтық дербестік бере отырып, ҒЗИ-ны зерттеу университеттеріне қосу туралы ұсыныстар әзірлеу









БҒМ

2014 г.


I тоқсан

-

-

-

-




Іс-шара орындалды

«Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ҒТУ» РМК базасында зерттеу университетін құру мақсатында жүргізілетін ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыру, сондай-ақ білікті мамандар мен ғылыми кадрлар даярлау жүйесін одан әрі дамыту үшін университетті «Парасат» ҰҒТХ» АҚ-мен біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Холдингтің еншілес ғылыми ұйымдары директор, оның орынбасарлары және ғалым хатшы басқаратын тәуелсіз басқарушы персоналы бар заңды тұлға мәртебесімен жекелеген ғылыми бөлімшелер болып құрылатын зерттеу университетінің құрылымына кіреді.

Бұдан басқа, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ (бұдан әрі – ҚазАТУ) әлемдік деңгейдегі ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеу университетінің (бұдан әрі – Зерттеу университеті) тұжырымдамасын дайындады, қолданыстағы ұйымдық-құқықтық нормалар шеңберінде бірлескен ынтымақтастық туралы бірыңғай ұстаным әзірледі.

ҒЗИ-ді зерттеу университеттеріне қосу жұмысы жалғасуда.


182

172-іс-шара:

Білім алушыларды және дипломдық жұмыстарды дайындау үшін 5 ұлттық және 15 инженерлік зертханалық жабдықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету









ЖОО,

ҒЗИ


2012-2015 жж.

ЖОО қаражаты

-

-

-




Іс-шара орындалды

Жетекші университеттердің инженерлік бейіндегі 15 ұлттық ғылыми зертханасымен және бес ашық үлгідегі ұлттық зертханамен ынтымақтастық жалғасуда.

ТГЗИ 8 млн. теңгеден астам сомаға «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Биология», «Физика», «Химия» мамандықтарына арналған зертханалық мүкаммал сатып алды. Магистранттардың зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен шарт жасалды.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ-де университет студенттері, магистранттары, докторанттары практикадан өтеді, ғылыми зертханалар базасында дипломдық жұмыстарын орындайды.

Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-да инженерлік бейіндегі биотехнолоиялар зертханасы базасында мемлекеттік бюджеттік гранттық және бюджеттен тыс шаруашылық шарттық жұмыстар орындалады, зертханалық-практикалық оқулар жүргізіледі және студенттер, магистранттар және докторанттар өндірістік практикадан өтеді.

2015 жылғы 1-жартыжылдықта 10 мамандық бойынша («Зоотехния», «Ветеринариялық санитария», «Биотехнология», «Экология», «Топырақтану және агрохимия», «Қайта өңдеу өндірісі технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Азық-түлік өнімдері технологиясы», «Агрономия», «Жерге орналастыру») 40 магистрант ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

(«Топырақтану және агрохимия», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Экология», «Қайта өңдеу өндірісі технологиясы») мамандықтары бойынша 12 студенттік зерттеу жұмыстары орындалуда.

Ульяновск мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясының (РФ) 2 қызметкері зертхана базасында индустриялық аквадақылдар бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Зертхана базасында ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландыратын 7 гранттық жобаны орындау кезінде Ресей Федерациясынан 11 ғалым қатысады, олардың 2 - жобалардың бірлескен жетекшілері, 6 – жетекші ғылыми қызметкерлер (ғылыми консультанттар), 1 жетекші маман, 1 ғылыми қызметкер және 1 жас маман.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми жобасын іске асыруға жетекші ғылыми қызметкер ретінде Ресей Федерациясынан 5 ғалым қатысады.


183

173-іс-шара:Техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру







ЖАО,

«РҒӘО» АҚ (келісу бойынша)

2012-2015 жж.


-

-

-

-




Іс-шара орындалды

Осы іс-шара 2014 жылы орындалды – Жол картасы шеңберінде техникалық мамандықтар бойынша жұмыскерлердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарына арналған 20 модульдік оқу бағдарламасы әзірленді.

Дүниежүзілік банк қарызы есебінен іске асырылатын «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде «Социента Италиана Ди Монитораджио Социета Пер Азиони» АҚ консультант-фирмасымен «Үлгілік оқу жоспарларын, білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу» 2014 жылғы 11 мамырдағы № KZTVEM-QCBS-02 келісімшарт жасалды.

Фирма халықаралық сарапшы Марио Пиотровскийдің басшылық етуімен қазақстандық мамандар тобын жалдады (69 арнайы пәндердің оқытушылары, өндірістік оқу шеберлері, әдіскерлер, директордың орынбасарлары). Топ 133 модульдік білім беру бағдарламасын әзірледі.



184

174-іс-шара:Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету







БҒМ

2014-2015 жж.



51,864

0

0

РБ




Іс-шара ішінара орындалды

Орталық құру жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік өтінімді РБК қолдамағандықтан, «ҚАЗТЕСТ» басқармасы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы жанынан құрылып, жұмыс істеп жатыр.



185

178-іс-шара:Тілдерді меңгерудің халықаралық стандарты негізінде «Балабақша-мектеп, колледж - жоғары оқу орны» мемлекеттік тілді оқытудың үздіксіз жүйесін енгізу







БҒМ

2012-2015 жж.



-

-

-

-

-

-Іс-шара ішінара орындалды

Техникалық және кәсіптік білім берудепедагог кадрларды даярлау 57 ТжКБ педагогикалық және гуманитарлық оқу орнында 11 білім беру мамандығы бойынша жүргізілуде, оның ішінде 23-і – мемлекеттік.

05-2008 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіші» ҚР МЖ-ге (Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 165-од бұйрығымен бекітілген) мынадай жаңа мамандықтар енгізілген:



- «Ағылшын тілін білетін мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі»,

- «Ағылшын тілін білетін бастауыш білімдегі информатика мұғалімі»,



- «Ағылшын тілін білетін математика мұғалімі»,

- «Ағылшын тілін білетін физика мұғалімі».

Колледждерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету үшін мынадай қызмет түрлері белгіленді:

- көптілді оқыту негізінде ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;

- шетелдік мамандарды тарта отырып, оқу әдебиетін, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару, оқу әдебиетін, оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды ағылшын тіліне аудару;

- ағылшын тіліндегі көп деңгейлі бағдарламаларды сатып алу, ағылшын тіліндегі шетелдік оқу бағдарламаларын қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу;

- авторлық топтар құру;

- ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бойынша пилоттық жобалар жасау.



186

179-іс-шара:Девиантты және деликвентті мінез-құлықты балалармен жұмысты күшейту







ЖАО

2011-2015 жж.



-

-

-

-




Іс-шара орындалды

ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша 2014 жылы 4212 кәмелетке толмағандар (2704 (2013ж. –3523) мектеп оқушылары, 1205 (2013ж.- 1235) – колледждердің студенттері және 371 (2013ж.- 465) ЖОО студенттері 3561 қылмыс жасаған (2013 жылы – 4284). Жасөспірімдердің қылмыс жасауы жыл сайын орташа есеппен 7%-ға азайып келеді, 2014 жылдың қорытындылары бойынша – 16,9%-ға төмендеген.

10 439 бала және 12469 жуық жағдайы төмен отбасы ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұр, 926 ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылды.

2015 жылғы 6 айда 1363 қылмыс тіркелген (2014 жылдың ұқсас кезеңінде – 1828). 25,4%-ға төмендегені байқалды.

Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық жұмысты 3231 учаскелік полиция инспекторы, 2074 мектеп инспекторы, 9084 психолог, білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер ұйымдарының 4346 әлеуметтік педагогы жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда (БҒМ-нің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 242, ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №263, ІІМ-нің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №407 бірлескен бұйрығымен бекітілді).

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді.

Өңірлерде білім беру мекемелері мен олардың маңындағы аумақтарда бейне-бақылау камераларын орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды пайдалана отырып, бақылау-өткізу режимін енгізу іс-шаралары жүргізілуде. Бейне-бақылау камералары 2461 оқу орнында орнатылған.

«Мектепке баратын жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Мен және менің полиция қызметкерім», «Жұмыспен қамту», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты республикалық акциялар және «Балалар еңбегінің ең төмен түрлеріне қарсы күрестің
12 күні», «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық» ақпараттық науқандары, «Жасөспірім», «Мектеп бітіру кештері», «Демалыстар» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

28 000 мектеп оқушысын қамти отырып, полицияның жас көмекшілерінің 3000 ерікті жасағы құрылды.

Республикада кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін 620 мыңнан астам баланы қамти отырып, қосымша білім беретін 833 ұйым жұмыс істейді, олардың ішінде ІІБ-де есепте тұрған 5 мыңға жуық бала және жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленетін 11 мыңнан астам бала бар. ІІБ-де есепте тұрған және жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленетін 4 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар аула клубтарына барады (республика бойынша барлығы 780 аула клубы бар). Жалпы білім беру ұйымдарының 59006 үйірмесі қызығушылығына қарай 900 мыңнан астам оқушыны қамтиды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысына ҮЕҰ белсенді қатысады. «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық штабымен және «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдар одағымен» ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. «150» нөмірімен Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефондық желісі жұмыс істейді («Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ).

Республикада үнемі құқық бұзушылықтар жасайтын кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында девиантты мінез-құлықты балаларға арналған жеті білім беру ұйымы жұмыс істейді (Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында) және ерекше ұстау режиміндегі бір білім беру ұйымы (Белоусовка ауылы, Шығыс Қазақстан облысы) бар. Аталған мекемелерде бүгінгі күні 149 кәмелетке толмағандар тәрбиеленуде (2014 ж. – 177, 2013 ж. – 225).

Республикада қиын өмірлік жағдайдағы балаларға көмек көрсету үшін 18 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді.

2015 жылдың 6 айында КБО-ларға 3838 кәмелетке толмағандар орналастырылды (487 – ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, 3254 – қадағалаусыз және панасыз қалғандар, 51 – қиын өмірлік жағдайдағы балалар, 46 – арнайы білім беру ұйымдарына жолданғандар). Барлық балаларға құжаттарды ресімдеуде көмек көрсетіліп, сондай-ақ психологиялық-түзету қолдауы көрсетіледі.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары жанында Отбасына қолдау көрсету қызметтері жұмыс істейді.



187

181-іс-шара:ЖОО-ларда тәрбие жұмысын ақпараттық-талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету







БҒМ

2011-2015 жж.



12,870

2,5

2,5

РБ

040

Іс-шара орындалды

ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Жастар» ҒЗО» ЖШС «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігі мен оның нәтижелерін бағалау әдістемесі» жобасы шеңберінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесінің тиімділігіне мониторинг жүргізді.

Жобаны іске асыру барысында тәрбие жұмысының стандарттары, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігі әдіснамасын қолдану жөніндегі оқыту бағдарламалары әзірленіп, тәрбие жұмысының тиімділігін мониторингілеудің кешенді жүйелері енгізілді. Аталған нәтижелер жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу міндеттерін сапалы деңгейде шешуге, оқу орындарында жастарды білім беру және шығармашылық процестеріне терең әрі толықтай тартуға, олардың әлеуетін барынша ашуға, жастардың өзін-өзі басқару процестерін жандандыруға ықпал ететін ахуалды қалыптастыру мен реттеуге мүмкіндік береді.

«Жастар» ҒЗО» ЖШС жұмысының қорытындылары бойынша оқу құралы дайындалды.



188

182-іс-шара: Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумын өткізу







БҒМ

2011-2015 жж.






5,9

5,9

РБ

040

Іс-шара орындалды

Барлық өңірлерде ҚР мемлекеттік рәміздерінің күнін атап өту жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

4 мамырда «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде «Рәміздерді құрметтейік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Жастар саясатының мәселелері жөніндегі, ішкі саясат басқармаларының өкілдері қатысты.

2015 жылғы 4 маусымда «Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де облыстың Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күніне арналған «Менiң Қазақстаным» атты облыстық форум өткізді. 5000-нан астам адам қатысты. Форум шеңберінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Мемлекеттілік негізі – батырлар жолымен» негізгі тақырыбы болған «МӘҢГІЛІК ЕЛ» театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.

Ақмола облысында «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық акция өткізілді. Салтанатты іс-шараны «Қазақ елі - Мәңгілік ел!» атты театрландырылған қойылым ашты.

Қостанай облысында Тарихи-өлкетану мұражайында жоғары сынып оқушылары мен колледждердің студенттеріне арналған «Мемлекеттің бастапқы негізі - біртұтастық пен бейбітшілік нышаны» атты сабақ өткізілді.

2015 жылғы 29 маусымда Астана қаласында елдің мемлекеттік рәміздерін танымал ету жөніндегі форум болып өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (ту, елтаңба) ұстаған жастардың елорданың көшесімен жүріп өтуі ашты. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР елтаңбасының авторы, оқу орындарының студенттері қатысты. Акциияға 500-ге жуық адам қатысты.


189

183-іс-шара: Жастар мен жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жастарға арналған консультациялық, ақпараттық-талдамалық және басқа да қызметтер көрсету







БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.

127,040

17,4

13,4

РБ

040

Іс-шара орындалды

2015 жылғы 23-24 сәуірде Астана қаласында «SOS  Астана балалар ауылы» МЕБМ базасында жұмыс істейтін Жастар ресурстық орталығы Астана қаласының Жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен 15 жастан жоғары жастағы «тәуекел тобының» жас адамдарына арналған «Суицидтің алдын алу, күйзеліс жағдайларынан шығу жолдары» тақырыбына 2 күндік семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг жас адамдардың бойындағы күйзеліс жағдайларын жеңу дағдыларын дамытуға, ағзаны теріс ықпал мен күйзелістен қорғаудың жеке жаңа тәсілдерін қалыптастыруға, өзін-өзі дамыту уәждемесін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған.

2015 жылғы 8 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Атырау қаласында «Ерліктен елдік аялдамасына дейін» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға 500-ден астам адам қатысты.

2015 жылғы 13 мамырда Ақмола облысының Астрахань ауданында «Астрахань ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ аудандық Мәдениет үйінің қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты патриоттық әндер конкурсын өткізді. Бұл іс-шараға ауданның ауылдық округтерінің орындаушылары қатысты.

2015 жылғы 16 маусымда Павлодар облысында Павлодарский ауылының жастары және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері үшін Жастарға қызмет көрсету орталығы (ЖҚО) бойынша экскурсия болып өтті. Экскурсия барысында ЖҚО-ның
5 сервисі ұсынылды:

1.Жастарды оқыту мен бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыруға жәрдемдесу сервисі;

2.Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу сервисі;

3.Жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу сервисі;

4.Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу сервисі;

5.Психологиялық және заңдық көмек көрсету сервисі.

Жастар Орталықтың іс-шаралары мен қоғамдық өміріне үлкен қызығушылық білдіріп, Орталық қызметкерлеріне арналған флеш-моб дайындады.

2015 жылғы 27 маусымда Маңғыстау облысындаесірткелік тәуелділікке қарсы халықаралық күрес күніне арналған ауқымды іс-шара болып өтті, оны ұйымдастырушылар облыстың Жастар ресурстық орталығы,Ұлттық салауатты өмір салты орталығы және Ішкі істер департаменті болып табылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Диалог Ақтау» жастар қоры іс-шараға қолдау көрсетті.

2015 жылғы 4 - 11 шілде аралығында жастар саясатын, жастар бағдарламаларын және жастарға арналған көрсетілетін қызметтерді жоспарлау мен іске асыру бойынша еуропалық озық тәжірибені зерделеу үшін ҚР БҒМ ЖСД директорының орынбасары Л. Раисованың Ұлыбританияға (Лондон қ.) оқу-таныстыру сапары болып өтті (ЖРО арналған семинар).

Ағымдағы жылғы 29-30 шілдеде Астана қаласында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг өткізілді.

2015 жылғы 24 тамызда Ақмола облысының Астраханск ауданында Жастар ресурстық орталығы «Жас келсе, іске» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, оқу орындарының жас мамандары қатысты. Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік жастар саясатының мәселелері мен қазіргі заманғы мемлекеттің қалыптасуындағы жастардың рөлі талқыланды.

2015 жылғы қыркүйекте ҚР БҒМ «Жастар» ҒЗО» ЖШС-нің қолдауымен «Жастарға мейірімді мекен» пилоттық жобасын іске қосты. Жобаға пилоттық режимде бірқатар қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтары кірді.

Басты міндеттері: ЖРО жұмыскерлерін уәждеудің тиімді жүйесін енгізу, ЖРО жұмыскерлерінің қатарынан жастар саясаты жаттықтырушыларының пулын қалыптастыру; ЖРО, ЖСБ, ІСБ, әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестердің, жастар ұйымдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімді тетіктерін пысықтау, жергілікті деңгейде МЖС саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте Ақмола облысында облыстық жастар ресурстық орталығы ауыл жастарын Ұлт жоспары жөнінде хабардар ету мақсатында «Елбасымен жастардың 100 қадамы» жастар ақпараттық-насихаттау тобының шығуларын ұйымдастырды. Жастар ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы «Ақмола медиа орталығы» баспасөз орталығының брифингінде қорытындыланды.

2015 жылғы 17 қыркүйекте «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де «Өзара ынтымақтастық шұғыласы» облыстық жобасы шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының инспекторларына арналған әдістемелік күн болып өтті.

ҚР БҒМ тапсырысы бойынша «Жастар» ҒЗО» ЖШС «жастар арасындағы жұмыстарды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың, жастар ҮЕҰ өкілдерін оқыту мен тәжірибе алмасу және біліктіліктерін арттыру жөніндегі» жоба шеңберінде 2015 жылғы 8 - 9 қазан аралығында Ақтау қаласында және 2015 жылғы 22-23 қазан күндері Тараз қаласында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың жастармен жұмыс істейтін өкілдері үшін «ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың 2-кезеңі мәнмәтініндегі жастар ресурстық орталықтары жұмысының өзекті бағыттары» атты өңірлік семинар-тренингтер өткізді. Семинарда «Жастарға мейірімді мекен» пилоттық жобасын іске асыру мәселелері және жастармен жұмыс істеудің алуан түрлі форматтары қаралды.



190

184-іс-шара: Студенттік кеңестердің, қызығушылықтар бойынша клубтардың, жастар ісі комитеттерінің және жастар ҮЕҰ қызметін дамыту жөнінде жағдайлар жасау арқылы студенттерді ЖОО-лардағы тәрбие жұмысына тарту







БҒМ,

ЖАО


2011-2015 жж.

133,400

52,9

40,3

РБ

040


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет