Іс-шара орындалды
2012 жылы нақты салалар үшін базалық оқу орындарын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді.
Нәтижесінде, 104 колледж индустрияның әрбір жобасы үшін базалық болып айқындалды.
ЖАО деректері бойынша 2014-2015 жылдары 48 колледж 4 жақты шарт негізінде, оның ішінде Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларында бизнес қамқорлығына алынды.
154
|
128-іс-шара:
Жалпы орта білім негізінде қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізе отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары жіктеуішін қайта қарау
|
|
|
БҒМ
2014-2015 жж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
Қолданыстағы ТжКБ мамандықтарының жіктеуіші 2008 жылы әзірленген және тұрақты негізде жаңартылады.
2014 жылы Жіктеуішке 23 мамандық (техникалық – 20, қызмет көрсету саласы – 2, білім беру - 1), 149 біліктілік (техникалық – 129 оның ішінде 7 қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізе отырып кіші инженерлер біліктілігі (ВТШ), ауылшаруашылығы – 2, білім беру -9, қызмет көрсету саласы – 9) енгізілді.
2015 жылы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнен кейінгі мамандықтардың бірыңғай жіктеуішінің жобасы әзірленген.
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білім беру орнынан кейінгі мамандықтардың интеграцияланған жіктеуішінің құрылымы Халықаралық стандартты білім беру жіктеуішіне сәйкес бес сатылы жіктеуіш болып табылады.
Мамандықтардың интеграцияланған жіктеуіші жобасы ҚР ДСӘДМ-ге келісуге жіберілді (2015 жылғы
24 қарашадағы №01-3-03-3/4013-И).
Бұдан басқа, білім беру деңгейлері бойынша мамандарды даярлау жүйесіне жұмыс берушілердің бірыңғай талаптарын енгізу үшін Бірыңғай ұлттық жіктеуішті әзірлеу жоспарлануда (Дүниежүзілік банк қарызы есебінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы).
|
155
|
129-іс-шара:Колледждерде жұмыс істеу үшін шетелдін оқытушыларды тарту, жыл сайын 60 адам
|
|
|
ЖАО,
БҒМ
2011-2015 жж.
|
|
46,6
|
46,6
|
ЖБ
|
|
Іс-шара орындалды
«Кәсіпқор» холдингі» КАҚ жобасы шеңберінде – «APEC Petrotechnic» Жоғары техникалық мектебі Оңтүстік Альберта Технологиялар институтының (SAIT Polytechnic, Канада) оқытушыларын тартты.
2015 жылғы қаңтар - маусым аралығында SAIT Polytechnic 45 канадалық нұсқаушыны ұсынды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы тамыздан бастап 35 жаңа канадалық нұсқаушы тартылды.
Барлығы 80 шетелдік оқытушы тартылды.
|
156
|
130-іс-шара:
ЖОО-ларды бітірушілердің жұмыс берушілер қоғамдастығының тәуелсіз сараптамасынан өтуі
|
|
|
ЖОО,
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП
(келісу бойынша)
2014-2015 жж.
|
ЖОО қаражаты
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазХҚжӘТУ, Семей қ. ММУ, ҚазМемҚыздарПУ және ҚҚЭУ құрылды және Жұмыс берушілер кеңестері жұмыс істейді.
Жұмыс берушілер кеңесінің қызметі сапалы білім беру ортасын қалыптастыру, еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін нығайту саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған.
2015 жылы техникалық мамандық бойынша 28 мың түлектен 10 мың адам өндірістік практика шеңберінде тәуелсіз сертификаттаудан өтті.
|
157
|
131-іс-шара: Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу
|
|
|
БҒМ,
ЖОО
2014-2015 жж.
|
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
2015 жылы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Республикада ұлттық біліктілік жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық база қалыптастырылған және жұмыс істейді.
Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу мақсатында ұлттық біліктіліктер шеңбері, Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу, қолдану және бекіту қағидалары, Кәсіптік стандарттар тізілімінің нысаны бекітілген.
ЖОО-да модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына, «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына, еңбек нарығының талаптары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖБС-ны, сондай-ақ Еуропалық және Ұлттық біліктілік шеңберлерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Салалық шеңберлер негізінде 345 кәсіптік стандарт әзірленді. Оның ішінде 33 кәсіптік стандарт бойынша 18 бұйрық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жеті бағытына жатады (ауылшаруашылығы ғылымдары; технологиялық ғылымдар және технологиялар; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар; құқық; көрсетілетін қызметтер; ветеринария). ЖОО-ның барлық білім беру бағдарламалары Дублиндік дескрипторларға және оларды қалыптастырудың модульдік принципіне сәйкес әзірленеді, бұл оқытудың икемді траекториясын таңдауға ықпал етеді және білім алушыларға өз карьерасын қалыптастыруға көмектеседі.
Мамандықтар бойынша модульдік білім беру бағдарламалары: МБББ паспортын; модульдік жұмыс оқу жоспарын; түлектің біліктілік моделін; білім беру бағдарламасының картасын, білім беру бағдарламасының даму жоспарын қамтиды.
Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде білім беру бағдарламаларын жобалау кезінде еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктерді алуға әкелетін оқыту траекториясын құру үшін әртүрлі деңгейдегі бағдарламалардың сабақтастығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
ЖОО әзірлеген модульдік білім беру бағдарламаларының жалпы саны 1 025 құрады, оның ішінде 691 - бакалавриат, 242 – магистратура, 92 – докторантура бағдарламаларының мамандықтары бойынша.
ЖОО-лар жұмыс берушілермен бірлесіп, баламалы пәндер каталогын әзірлейді және оқу бағдарламаларын келіседі.
Жұмыс берушілер СҒЗЖ және МҒЗЖ бағыттарын айқындауға қатысады, өндіріс қажеттіліктерін ескере отырып, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізеді және енгізеді (енгізу актілері).
|
158
|
132-іс-шара:
Бакалаврлар, магистрлер және PHD докторлар біліктілігін Дублин дескрипторына сәйкестендіру
|
-
|
Ұсыныс-тар
|
БҒМ
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
ЖОО-ның барлық білім беру бағдарламалары Дублиндік дескрипторларға және оларды қалыптастырудың модульдік принципіне сәйкес әзірленеді, бұл оқытудың икемді траекториясын таңдауға ықпал етеді және білім алушыларға өз карьерасын қалыптастыруға көмектеседі.
Мамандықтар бойынша модульдік білім беру бағдарламалары: МБББ паспортын; модульдік жұмыс оқу жоспарын; түлектердің құзыреттілік моделін; білім беру бағдарламасының картасын, білім беру бағдарламаларының даму жоспарын қамтиды. Модульдік білім беру бағдарламасында бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, кәсіптік біліктілікті қалыптастыру үшін қажетті және жеткілікті кәсіптік біліктіліктер құрамы айқындалған, жалпы кәсіптік біліктілік үшін қажетті барлық кәсіптік біліктілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін модулдердің жиынтығы мен жүйелілігі айқындалған.
Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде білім беру бағдарламаларын жобалау кезінде еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктерді алуға әкелетін оқыту траекториясын құру үшін әртүрлі деңгейлердегі бағдарламалардың сабақтастығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, 2014 жылы ЖОО әзірлеген модульдік білім беру бағдарламаларының жалпы саны 1025 құрады, оның ішінде 691 - бакалавриат, 242 – магистратура, 92 – докторантура бағдарламаларының мамандықтары бойынша.
Қалалар мен облыстардың ұйымдарымен және кәсіпорындарымен тығыз жұмыс жүргізілуде. Кафедралар жұмыс берушілермен бірлесіп, элективті пәндер каталогын әзірлейді және элективті пәндердің оқу бағдарламаларын келіседі. Жұмыс берушілер өндіріс қажеттілігін ескере отырып, СҒЗЖ және МҒЗЖ бағыттарын айқындауға қатысады, ҒЗЖ-ге, зерттеулердің нәтижелері сынақтан өткізілетін және енгізілетін зерттеу жүргізу базаларна өтінім береді, бұл туралы СҒЗЖ және МҒЗЖ нәтижелері бойынша енгізу актілері растайды.
|
159
|
134-іс-шара:
2013 жылға дейін магистрлер (5000 адамға дейін) мен докторларды (500 адамға дейін) даярлауға мемлекеттік тапсырысты және 2014 - 2015 жылдары магистратура (бакалавриат тапсырысының көлемінен 20 %) мен докторантура (кемінде 1000 бірлік) бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың үлесін ұлғайту
|
|
|
БҒМ
2011-2015 жж.
ІІІ тоқсан
|
23832,722
2364,933
|
9507,2
|
9507,2
|
РБ
|
|
Іс-шара ішінара орындалды
2015-2016 оқу жылына Үкіметтің 2015 жылғы 17 маусымдағы №453 қаулысымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді.
Магистратураға мемлекеттік тапсырыс көлемі 7 241 орынды құрады, ол бакалавриат көлемінен 22,5%-ды құрайды. Докторантурада 623 орынды құрады.
|
160
|
135-іс-шара: ҮИИДМБ басымдықтарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша бакалавриаттың мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту
|
|
|
БҒМ
ИДМ
2011-2015 жж.
|
Мемтапсырыс шеңберінде
|
4367,2
|
4367,2
|
РБ
|
020
|
Іс-шара орындалды
«Техникалық ғылымдар мен технология» бағыты бойынша бакалавриат бағдарламалары бойынша техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 12600 грантты құрады. Осы гранттар ИИДМБ басымдықтарына сәйкес келеді.
Мемтапсырыс көлемі гранттың орташа құнынан есептегенде - 346,6 мың теңге.
|
161
|
136-іс-шара:
Білім беру ұйымдары, кәсіпорындар және ҮИИДМБ жобалары үшін мамандарды даярлайтын ЖОО-ларда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер арасында практикадан өту және еңбекке орналасу жөніндегі шарттар жасасу
|
|
|
ЖОО,
ЖАО
2012-2015 жж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
ИИДМБ-2 шеңберінде кәсіптік практика мен жұмысқа орналастыру базаларымен кепілдікті қамтамасыз ету үшін Республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына кіретін ЖОО, магистранттар және ИИДМБ-2 кәсіпорындары арасында үшжақты шарттарға қол қою көзделген.
2015 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша ЖОО, магистранттар және ИИДМБ-2 кәсіпорындары арасында 1444 шарт жасалды, олардың:
- Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша - 130 шарт; «Ғарыш техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша - 69 шарт. Жалпы 210 білім алушыдан 199 магистрант шарт жасасты (95%);
- Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша - 150 шарт; «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша - 54 шарт. Жалпы 350 білім алушыдан 204 магистрант шарт жасасты (58%);
- Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ-да «Машина жасау» мамандығы бойынша - 84, «Органикалық заттардың химиялық технологиялары» мамандығы бойынша - 32, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша - 54 шарт. Жалпы 350 білім алушыдан барлық магистранттар шарт жасасты (49%);
- ҚазҰАУ-да «Азық-түлік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша - 85, «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша - 32 шарт. Жалпы 190 білім алушы магистранттың барлығы шарт жасасты (62%);
- М Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша - 60, «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша - 60, «Қиын балқытылатын металл емес және силикат материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша - 60 шарт. Жалпы 180 білім алушы магистранттың барлығы шарт жасасты (100%);
- А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да «Технологиялық машиналар мен жабдық» мамандығы бойынша - 62, «Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша - 62 шарт. Жалпы 124 білім алушы магистранттың барлығы шарт жасасты (100%);
- ҚарМТУ-да «Металлургия» мамандығы бойынша - 62, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша - 62 шарт. Жалпы 124 білім алушы магистранттың барлығы шарт жасасты (100%);
- С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да «Азық-түлік өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша - 62, «Технологиялық машиналар мен жабдық» мамандығы бойынша - 61 шарт. Жалпы 124 білім алушы магистранттың 123-і шарт жасасты (99%);
- С. Торайғыров атындағы ПМУ-да «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша - 62, «Металлургия» мамандығы бойынша - 62 шарт. Жалпы 124 білім алушы магистранттың барлығы шарт жасасты (100%);
- Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Машина жасау» мамандығы бойынша - 45, «Металлургия» мамандығы бойынша - 25 шарт. Нәтижесінде, 124 білім алушыдан 70 магистрант шарт жасасты (56%);
Сондай-ақ ИИДМБ-2 шеңберінде кадрларды даярлау үшін Атырау мұнай және газ институтына бакалавриат бойынша 123 грант, оның ішінде: «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша - 48, «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша 75 грант бөлінді. Олардың ішінде 9 үш жақты шарт жасалды (сәйкесінше 6 және 3). Нәтижесінде, ЖОО бойынша шарт жасау 7%-ды құрайды.
Осылайша, білім алушылардың барлық санынан (2023 адам) 1444 шартқа қол қойылды, бұл 71 %-ды құрайды.
Базалық ЖОО осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.
|
162
|
137-іс-шара:
Болон процесі шеңберінде студенттердің ұтқырлығын, сондай-ақ студенттердің шетелде ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы есебінен білім алуын (барлық оқу кезеңінде 1 семестрден кем емес) қамтамасыз ету
|
|
|
БҒМ,
ЖОО,
«Болон процессінің және академия-лық мобильділік орталығы» ШЖҚ РМК, «Халықара-лық бағдарла-малар орталығы» АҚ (келісім бойынша)
2011-2015 жж.
|
342,000
|
15621,2
|
15621,2
|
РБ
|
020, 028
|
Іс-шара орындалды
2015 жылы ҚР БҒМ-нің 9 маусымдағы №369 бұйрығымен 48 ЖОО-ға академиялық ұтқырлықты дамытуға 583 білім алушының АҚШ, ЕО және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде оқуы үшін 619 723 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінді.
41 ЖОО 614 білім алушыны шетелге жіберді, оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 493 адам және магистратура бағдарламасы бойынша 121 адам жіберілді.
Еуропалық өңірге 567, АҚШ-қа – 42, Шығыс Азияға 5 білім алушы кетті.
Жалпы бюджеттен ЖОО бөлінген қаражаттың шамамен 74,7%-ға жуығын, яғни 463 105,5 мың теңгені игерген.
|
163
|
138-іс-шара:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау үшін кафедрааралық байланыстар бойынша ЖОО-лар арасында шарттар жасасу және олардың одан әрі ынтымақтастығы
|
|
|
ЖОО
2011-2015 жж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
Болонс процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ағымдағы жылғы 26 мамырда кафедрааралық байланыстар бойынша мониторингті іске қосты.
Мониторингке 85 қазақстандық жоо қатысты, олардың 9-ы - ұлттық, 28-і - мемлекеттік, 1-уі - халықаралық, 16-сы - акционерленген және 31-сі жеке меншік жоо.
|
164
|
142-іс-шара:
Болон процесінің міндетті, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін орындау
|
|
|
ЖОО
2011-2015 жж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ҚР ЖОО-да Болон процесі параметрлерінің енгізілуіне мониторинг жүргізді.
Талдау Болон процесінің міндетті параметрлерін іске асыруда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсетті.
Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі енгізілді, ҚР-ның барлық азаматтық ЖОО-да оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық моделі әзірленді.
Бюджет қаражаты есебінен «ЖОО студенттерінің, оқытушыларының және әкімшілік персоналының академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы іске асырылуда.
Білім алушылардың ұтқырлығы бағдарламасы шеңберінде 3,4 мыңнан астам қазақстандық студент 1 семестр ішінде шетелде оқудан өтті (2011 жылы – 350 адам, 2012 жылы – 662 адам; 2013 жылы - 746, 2014 жылы- 805 білім алушы, 2015 – 900 адам).
ҚР ЖОО-ға шетелдік ғалымдарды тарту жөніндегі бағдарлама шеңберінде Еуропа, АҚШ, Шығыс Азия және Ресей елдерінен 7 мыңнан астам ғалымдар мен профессорлар дәріс оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келді (2009 жылы – 389 адам, 2010 жылы - 418 адам, 2011 жылы – 1717 адам, 2012 жылы – 1349 адам, 2013 жылы - 1326 адам, 2014 жылы– 1726 адам, 2015 жылы – 547 адам).
Сұрату бойынша дипломға қосымшаны ЖОО-ның 30%-ы, автоматты түрде барлық студенттерге – 10%-ы; автоматты белгіленген студенттер санына – 2%-ы; кейбір зерттеу салаларында – 2%-ы береді, ЖОО-ның 47%-ы дипломға қосымшаны бермейді.
Қазақстан тәуелсіз аккредиттеу жүйесін құруда едәуір ілгері жылжыды. Ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 343 мамандығы бойынша 54 ЖОО өтті, халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 252 мамандығы бойынша 30 қазақстандық ЖОО өтті.
Білім мен ғылымды интеграциялауды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. ЖОО шетелдік әріптес ЖОО-мен 453 шарт жасасты, ҚР ЖОО-да ТМД елдерінен және алыс шетелдерден 5821 шетел азаматтары білім алады.
ҚР ЖОО 443 бірлескен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде 275 – бакалавриат, 142 – магистратура және 26 – докторантура бағдарламаларын іске асырады.
ЖОО-ның білім беру саясатына студенттерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде, аз қамтамасыз етілген студенттерді әлеуметтік қолдау дамуда. Өмір бойы білім алуды іске асыру үшін жағдайларды дамыту өзекті мәселе болып табылады.
|
165
|
143-іс-шара:
ЖОО-лардың мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларында академиялық еркіндігін кеңейту, таңдау компоненті мен міндетті компоненттер арасындағы арақатынасты белгілеу: бакалавриатта - 70:30, магистратурада - 80:20, PhD докторантурада - 90:10
|
|
|
БҒМ
2011-2015 жж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Іс-шара орындалды
Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларында ЖОО-ның академиялық еркіндігін кеңейту бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.
Таңдау және міндеттілік бойынша компонент арасындағы арақатынас бакалавриатта - 70:30, магистратурада - 80:20, докторантурада 90:10 құрады.
|
166
|
144-іс-шара:
Қазақстан ЖОО-ларының әлемдік рейтингтерге қатысуы
|
|
|
БҒМ,
ЖОО
2011-2015 жж.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |