Кеш гестоздар. Клиникасы, емдеу жолдары.
Жүктіліктің екінші жартысында гестоздың таза және аралас түрін ажыратады.
Гестоздың таза түрі – дені сау екіқабат әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы.
Аралас түрі –сырқат екіқабат (жүрек,өкпе, бауыр, бүйрек т.б аурулармен ауратын) әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы.
Жүктілік шемені – жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың алғашқы сатысы.
Жүктілік шеменінің негізгі белгісі – ісіну және зәрдің азаюы, оныың үш дәрежесі бар:
Ісіну сирақта ғана болады
Ісіну сирақ пен қатар, алдыңғы іш перде қабырғасын да қамтиды.
Ісіну бүкіл денені қамтиды.
Жүктілік шеменінде зәрде белок болмайды, қан қысымы физиологиялық қалыптан аспайды. Жүрек, бүйрек, бауырда т.б мүшелерде патологиялық өзгерістер болмайды.
Сақина сынауы саусаққа киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде сыймай қалуы. Жүктілік шеменінің диагнозын қою оңай, бірақ оны жасырын ісіну пайда болғаннан бастап перзентханаға жатқызып емдеу кажет.
Емдеу: жүктілік шеменін тек перзентханада емдейді, негізгі мақсаты тұзды тамақты, сұйықтықты мөлшерлі тұрғыда тәулігіне 700-800 мл сұйықтық, 3-5 гр ғана тұзды қолдану.
Жүкті әйелге жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, валериан, элениум таблеткасын береді. Емдеу кезінде салмағы мен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор.
Жүктілік нефропатиясының клиникалық белгілері: қан қысымның жоғарылауы (гипертензия); зәрде белоетың пайда болуы (протеинурия); ісіну.
Нефропатияның І дәрежесі:
Қан қысымы 130/80 сынап бағанасынан 150/90 ға дейін көтерілуі.
Зәрдегі белоктың мөлшері құрттай ізден бастап -1г/л ге дейін.
Ісіну тек қана сирақта , балтырда болады.
Нефропатияның І Ідәрежесі:
Қан қысымы 150/90 сынап бағанасынан 170/110 ға дейін көтерілуі.
Зәрдегі белоктың мөлшері 1г/л-ден 3г/л- ге дейін көбейеді, зәр тұнбасын микроскоппен зертегенде эритроциттер, цилиндрлер анықталады.
Ісіну тек қана сирақта , балтырда ғана емес, құрсақ қуысының алдыңғы
Нефропатияның ІІІ дәрежесі:
1.Қан қысымы 170/110 сынап бағанасынан 200 -ге дейін көтеріледі.
2.Зәрдегі белоктың мөлшері 3г/л-ден оан да жоғары; зәр тұнбасында цилиндірдің әр түрлері пайда болып, эритроциттердің саны көбейеді.
3.Ісіну бүкіл денеге тарайды- «Анасарка»
Емі:
Жүкті әйел төсек тәртібін сақтауы керек, жататын бөлмесі кең, ауасы таза, тыныш болуға тиіс.
Тамақтану тәртібі: жүкті әйелдердің тамағы жеңіл, тез сінетін жұғымды, организімге керекті витаминдерге, микроэлементтерге, ферменттерге, құнды белоктармен, көмірсуларға бай болуы керек. Сонымен бірге сүт, ірімшік, қаймақ, айран, сиыр етін, балық түрлі жемістерді қабылдауы қажет.
Жүктілік нефропатиясы тез арада проэклампсияға көшуі мүмкін.
Клиникалық белгілері: гипертензия, протеинурия, ісіну. Әдетте нефропатиядан проэклампсияға көшкенде жоғарыдағы клиникалық белгілер асқынып, оған жаңа белгілер қосылады.
Орталық жүйке жүйесі,ми қан айналымы бұзылады; көру нашарлайды;жүрегі айныйды; құсады, асқазан тұсы ауырады.
Емі: жүкті әйелді тез арада перзентханаға реанимация бөлмесіне жатқызады. Тез арада көмек көрсету керек бірден эфир оттегі, не болмаса азот фторынан наркозын беріп, венаға мынандай ертінділер құяды: дроперидол, седуксен, димедрол,промедол, ауру әйелді «нейролепсия» қалрына жеткізеді.
Эклампсия – гестозың ең жоғары сатысы, әйел организімінде барлық жүйелер мен мүшелер патологиялық өзгерістерге ұшырап, ми ұлпалары ісініп, әйел есінен танып, бүкіл денесі бұлшық еттері құрысып, эклампсия талмасы басталады.
Емі: Әйелге бірден наркоз беріп, тез арада реанимация бөлмесіне жатқызады. Егер әйел экламсиялық комада болса интубация жасап, оған жедел операция жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |