Ерте және кеш дамитын гестоздарды емдеу принциптері, босандырып алу мерзімдері.
Жоспар:
Ерте гестоздар туралы түсінік. Клиникасы, емдеу принципі.
Кеш гестоздар туралы гестоздар туралы түсінік. Клиникасы және емдеу жоспары.
Ерте гестоздар жүктіліктің тұғыш айларында пайда болады.
Клиникалық көрінісі:
Жүкті әйелдің құсуы. Ерте гестоздар арасында ең жиі кездесетін науқас. Әйелдердің 80-85% жүктіліктің алғашқы айларында таңертең жүректері айнып, анда санда құсады, бірақ жалпы жағдайы өзгермейді. Бұл құбылыс гестозға жатпайды, тек жүктіліктің бір белгісі болып есептелінеді. Ал гестоз кезінде әйел таңертең ғана емес, тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, құсып, тәбеті төмендеп, жалпы күй жағдайы нашарлайды. Науқастың даму дәрежесіне қарай оның үш түрін ажыратады: жеңіл, орташа, ауыр түрі.
Жеңіл түрінде құсық күніне 3-4 рет қана болады, көбіне тамақ ішкеннен кейін, тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ащы-тұщы тағамдарды сүйсініп жейді, жалпы жағдайы өзгермейді. Жеңіл түрінде жүйке жүйесі тек функционалдық өзгерістерге ұшырайды.
Орташа түрінде әйелдің құсуы жиілене бастайды, тәулігіне 10 нан да астам болады, жүрегі айнып, тамқ ішуі нашарлайды, ал ішсе жедел құсып тастайды, әлсіреп жүдей бастайды. Сонымен бірге, жүйке жүйесінде вегатативтік бұзылыстар байқалады. Зат алмасуында, көміртегінің алмасуында өзгеріс болып, кетоацидоз пайда болады. Дене қызуы көтеріледі, жүрек тамыр соғуы жиілейді, тілі құрғайды, тәуліктік зәр мөлшері төмендейді, қан құрамында гемоглобин, қызыл түйіршіктер азаяды. Уақытында емделмесе келесі ең ауыр түріне өтеді.
Құсықтың ауыр түрін тоқтаусыз құсық деп атайды. Бұл науқастың ең ауыр түрі. Негізгі жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылады. Құсықтың саны 20 дан да асады, жүрегі айниды, бұған сілекей ағу қосылады. Ішкен тағаммен бірге сұйық затты да құсып тастайды, организм сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 10кг дейін кемиді. Организм де зат алмасудың ақырына дейін тотықпаған қалдықтары көбейіп, қанның мочевинасы, қалдық азот және креатиннің мөлшері молаяды, зәрде ацетон пайда болады, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы жиілейді (100-120) дейін жетеді. Тынысалғанда аузынан ацетонның иісі келіп тұрады. Бүйрек, бауырда дистрофиялық өзгерістер пайда болады, кейде әйелдің терісі сарғайып кетеді. Сонымен организм қатты уланып, әйел есінен танып-кома болуы мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты.
Емдеу жолдары:
Құсу науқастың орташа, ауыр түрлерімен ауырған әйелдер, тек емханада емделуі қажет. Ем жан жақты болуы керек.
Жүйке жүйесін қалыпқа келтіру: Ол үшін бром, кофеин дәрілерін, электроанальгезия, электросон, психотерапияны пайдаланады.
Құсықты басу үшін: аминозин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.
Организмнің улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйық заттар құйылады. Науқастардың ауыр кезінде, тәулігіне 2500 - 3000 мл дейін сұйықтықты тамшылатып венаға құяды; Гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, В-тобындағы витаминдер, желатиноль, белок препараттары, кейде гемоглобин азайғанда қан құяды. Физиотерпиялық әдістерде қолданады: кальций, бром мен мойынға электрофорез, эндоназалдық гальванизация. Әйелге әр түрлі құрамды жеңіл витаминдерді көп тағамды шамалы мөлшермен беру қажет ( жылы түрде ). Егер ем нәтижесіз болып, құсық тоқталмаса, дене қызуы төмендемесе, тамыр соғуы сиректемесе, қан мен зәрдің құрамы нашарласа ( ацетон пайда болса) жүктілікті бір жұма ішінде үзеді.
Сілекей ағу . Кейбір әйелден тәулігіне бір литрден де көп сілекей ағады. Аузы, ерні кеберсіп тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Емі – құсу науқасында қолданатын комплексті емдерді кеңінен қолданатын.
Жүкті әйелдің дерматоздары - жүктілік кезінде кездесетін тері аурулары. Әйел денесінің әр жері, әсіресе сыртқы жыныс мүшелері, қолы, аяғы, кеудесінің терілері қышып, қасынғаннан қотырлар, кейде денеде эритема, немесе бөртулер пайда болады. Дене қышуы әйелдің мазасын алады, ұйқысын бұзады. Бұл белгілерден әйел тек босанғаннан кейін ғана айығады.
Емі: кофеин, бром, пипольфен, димедрол, десенсибилизациялайтын дәрілерді, витамин, ультракүлгін сәулелері қолданады.
Жүкті әйелдердің сары ауруы. Бұл науқасты басқа аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек т.б.) айырып, анықтап алу қажет.
Нгізгі белгісі –құсу, дененің қышуы. Кейде бұл ауру жүктілік құсуымен, кеш
гестоздармен бірлесіп кездеседі. Сондықтан жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызып, клиникалық тексерулерден өткізіп, емін терапевпен бірлесіп жүргізеді.
Бауырдың сарғайып солуы. Бұл науқас көбіне құсудың асқынған түрлерімен бірге кездеседі. Бауыр клеткаларында алмасу процестерінің бұзыылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Жүкті әйел сарғайып, тез уақытта күй жағдайы нашарлап, жүкесі тозып, бауыр комасынан қайтыс болуы ықтимал. Сондықтан тез арада жүктілікті үзу керек.
Остеомаляция – сүйектің жұмсаруы. Бұл науқас фосфор-кальций алмасуының бұзылуы зардабынан пайда болады, сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектер тұлғасын өзгертіп, көк еттен ариды. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсандап, жүріс тұрысы қиындайды. Бұл ауру сирек кездеседі. Қазіргі кезде оның жеңіл түрі- остеопатия жиі кездеседі. Жүкті әйелдер сүйектің , әсіресе жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді.
Емі: витамин құрамдарын қолданады: Е ны витаминін (15-20 тамшыдан 3 рет) балық майын (бір қасықтан күніне үш рет). УФО және де фосфор кальцийі бар дәрілер мен тағамдарды жиі қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |