Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы



бет45/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы
Бұл асқыну акушерия операцияларынан кейін, нәресте салмағы ірі болса, тар жамбаста кездеседі. Кейде босанудың патология операциясын жасағанда қасаға буынының ажырауы (0,5 см артық), жыртылуы мүмкін бір мезгілде қуық, үрпі зақымдалады.
Клиникалық белгілері. Әйел қасаға үстінің ауырғанына шаңымданады, әсіресе аяқтарымен қимыл жасағанада. Сипап зерттегенде ұлпаның ісініп, ауырсызданғаны және қасаға буыны арасының алшақтығы анықталады (УДЗ жүргізіледі)
Емі. Ортопедиялық «гамак» жасалады (3 – 5 жұмаға). Қосымша емдер – антибиотиктер, витамин, кальций препараттарын кеңінен қолданады. Содан кейін әйел гимнастика жасайды.


Босанғаннан кейінгі жылан көз

Босанғаннан кейінгі ең ауыр жарақат қуық және тікішек – қынап жылан көзі. Бұл асқыну әйелдің етеккір, генеративтң, еңбек қызметтерінің бұзылуына әсер етеді.


Босанғаннан кейінгі жыланкөз босану ауытқуларынан кейін кездеседі (тар жамбаста, нәрете салмағының ірілігінде, нәресте басының орнығуының ауытқуында, ұзаққа созылған босануда, акушерия операцияларында)
Белгілері: зәрдің тоқтамауы, қынап арқылы шығуы (қуық – жыныс жыланкөзінде), үлкен дәреттің қынап арқылы шығуы (тікішек – қынап жыланкөзінде). Арнайы айнамен зерттегенде жыланкөз оңай байқалады. Керек кезде цистокопияны қолданады.
Емі. Хирургиялық, операция босанғаннан соң 4 – 6 айдан кейін жасалады.
Босану кезінде нәрестенің жарақаттануы, клиникалық белгілері, емі
Босану жарақаты – нәретенің мүшелері мен ұлпаларының босану аймағында жарақаттануы нәрестенің бейімделу қаблетіне байланысты.
Антенатальды факторлар – жүктілік гестозы, қан – тамыр жүрек, эндокрин аурулары, зат алмасудың бұзылуы, резусқайшылық, жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, ұзаққа созылуы – нәрестенің бейімделу қаблетін төмендетеді, осыған орай босанудың қалыпты (физиологиялық) ағымында да нәресте жарақаттанады.
Механикалық босану жарақаты – нәресте басының және жамбас өлшемдерінің сәйкес келмеуінен (клиникалық және анатомиялық тар жамбаста т.б), акушерия операцияларының әдістерін дұрыс қолданбағандықтан.
Бұғананың сынуы – өте жиі кездесетін жарақаттың бірі, нәресте туылғана кейін бірден анықтауға болады (бұғана сықырлап, нәрете қолы қатты қимыл жасай алмайды). Иық белдеуіне таңғыш байлайды (екі жұмаға).
Жүйке жүйесінің зақымдалуы
Үшкіл, шынтақ, иық жүйкелері жиі зақымдалады (акушерлік қысқыштан кейін).
Бас сүйектің зақымдалуы. Бұл асқынуда орталық дүйке жүйесі зақымдалып, бас сүйекке қан құйылып дәне ми ісінеді. Бас сүйекке қанның құйыылуы субдуральді субарахноидальді болады және миға да құйылады (мөлшері әртүрлі болады – кішкентай нүктеден, үлкен гематомаға дейін).
Клиникалық белгілері. Сәби мазасызданып, дем алу, жүоек соғуы жиіленіп, аяқ – қолдары құрысып, үйықыдан қалады.
Емі. Бірінші – төсектік тәртіп (анасына емізуге болмайды), сәбиді төсекте зонд арқылы тамақтандырады; кувезге жатқызып, оттегімен қамтамасыз етеді, бас жағына (20 см қашықтықта) мұз қояды. Нейролептикалық препараттарды, инфузия терапиясын, краниоцеребральді гипотермияны кеңінен қолданады.

Қолданылған әдебиет





  1. Р.С. Бейсембаева, Ә.Т. Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова «АКУШЕРИЯ»

Алматы «Білім» 2006ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет