Геморрагиялық шок
Әйел организмінде патологиялық қан шығынына қарсы пайда болған,патофизиологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді.Бұл өзгеріс қан айналымы көлемінің кенет төмендеуінен,мүшелердің,жүйелердің қызметінің бұзылуынан пайда болады.Бұл құбылыстың негізгі салдарының бірі-қан айналым көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі.
Геморрагиялық шоктың себептері:қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінде,плацентаның төмен орнығуында,жатырдың жыртылуында,плацентаның тығыз немесе сіресе жапсырылуында,қағанақ суының эмболиясында,гипоатониялық қан шығынында геморрагиялық дамиды.
Қан шығынына қарсы әйел организміндегі реакция екі түрлі:физиологиялық және патологиялық.Әдетте физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3-0,5%-ты (250-350мл).Бұл мөлшердегі қан шығынында әйел организмінде ешқандай патологиялық өзгеріс болмайды.
Ал патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-0,8%-ынан асады.Бұл мөлшердегі қан шығынында әйел организмінде әр түрлі патологиялық өзгерістер бақалады.
Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді.
Компенсациялы қан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан айналымының (10%-450-500мл)болып есептелінеді.
Әйел организмі мұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бәйімделу қабілеттерімен қалпына келтіреді.
Негізгі бейімдеуші қабілеттер:
1.Қан тамырларының түйілуі,бұл бейімдеуші қабілет организмде қан кысымын көпке дейін ұстап тұрады.
2.Ұлпа және ұлпа аралық сұйықтықтар,деподағы қандар тез арада қан тамырларына ауысып,қан көлемің толықтырға көмектеседі.
3.Жүрек соғуы жиіленіп оның минуттық көлемі үлкейеді,осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.
4.Жоғарғы жүйке жүйесінің,гипоталамус-ипофиздің,бүйрек бездерінің қызметтері өседі.
Осы бейімдеуші қабілеттер организмнің гемостазын сақтайды,сондықтан компенсаторлық қан шығынында әйел организмі айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.
Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлмінен 10%дан артық болса,оны декомпенсациялық қан шығыны дейді.Бұ жағдайда организм өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды;әйел организміде әртүрлі патологиялық құбылыстар және геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады.
Геморрагиялық шок төрт сатыдан тұрады.Әйелдің күй-жағдайын анықтауда шоктық индексті пайдаланады.Шоктық индекс-тамыр жиілігінің систолалық қан қысымына қатысы ,әдетте бұл көрсеткіш 0,5ке тең.
ҚАК-20-30%болған жағдайда шоктық индекс-1,0-ге тең.Егер ҚАК-30-35%болса,шоктық индекс-1,5-ке тең болады.
Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
Геморрагиялық шокты емдеу көп құрамды болуы керек.Шоктың негізгі себебін анықтап,тез арада қан шығынын тоқтатумен бірге,шокқа қарсы шараларды жүргізеді.Бір мезгілде жүргізілетін шаралар:тыныс алу жетіспеушілігін коррекциялау;Қан айналым көлемін өалыпқа келтіру-инфузия-трансфузия терапиясын жүргізу;Қан ұю жүйесінің бұзылуын қалпына келтіру-плазма,жылы қан құю;қанның микроциркуляциясын жақсарту.
ҚАК-қалыпқа келгеннен кейін,тәуліктік зәрдің мөлшеріне қарай диуретиктер (лазикс,манитол)енгізеді.Зат алмасу процестерінің бұзылуын қалыпқа келтіру үшін:гидролизат,аминокровин,нативті плазма,глюкоза+4ЕДинсулин+витаминдерді пайдаланады.Жүрек жұмысын жақсартуда кардиотоникалық дәрілер (строфантин,коргликон,норадреналин)және глюкокортикоидтарды(преднизалон,гидрокортизон т.б)пайдаланады.
Геморрагиялық шокпен күресуде инфузиялық терапияның жылдамдығы көлемі және енгізген ерітінділердің құрамының маңызы зор.
Декомпенсациялы шокта инфузияның жылдамдығы жоғары болуы керек,ол үшін перифериялық екі немесе орталық венаны пайдаланады.Алдымен коллондты содан кейін кристаллоидты ерітінділерді құяды.
Геморрагиялық шокта қанның құрамын қолдану қажет(плазма,эритромасса).
Кейінгі кезде мұздатылған плазманы 37ºC жылытып венаға құяды.
Геморрагиялық шоктың емінде:полиглюкин,реополиглюкин,реоглюман,желатинолды және жаңа препарат оксиэтилкрахмалды кеңінен қолданылады.Оксиэтилкрахмал қанның реологиялық қасиетін және майда тамырлардың қан ағымын жақсартады.
Тәуліктің инфузияның көлемі 1500мл,артық болмауы керек.Геморрагиялық шоктің емінде ерітінділердің жеткіліксіз немесе артық құйылуы ең ауыр асқынуларға душар етеді-өкпе ісінуі;б8йрек дектранасы геморрагиялық шоктың ауыр сатысында ИВЛ-ді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |