Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі



бет44/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі


Себептері: көбінде қынап қабырғаларының жеткілікті созылмауынан, дамып жетілмеуінен, бастың шалқая туылуынан, ірі нәрестеде, шапшаң босануда және аралықжыртылғанда қынап қабырғалары да жиі жарақаттанады.
Қынаптың жыртылған жерін қынап айналары арқылы анықтап, тігіс салады.
Аралық, сыртқы жыныс мүшелерінің, қынаптың жарақаттануының алдын алу шін: босану ағымын (екінші кезеңде) дұрыс жүргізу; акушерия операцияларын дұрыс қолдану (босану билмеханизміне сәйкестендіріп); аралықтың жыртылу қаупінде перинео немесе эпизиотомия жасау қажет.
Сыртқы жыныс мүшелерінің және қынаптың гематомасы
Гематома (қанды ісік) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап қабырғасының қан тамырларының жарақаттануы салдарынан пайда болады; ол көбінесе үлкен жыныс ернеуінде, аралықта, қынап қабырғасының астында (қынап шелінде) кездеседі. Гематоманың мөлшері кейде нәрестенің басындай болады. Гематома (қанды ісік) босану ағымында (акушерлік созылуында) пайда болады.
Клиникалық белгілері. Гематома – көкшіл – қара қоңыр қанды ісік. Көлемі үлкен гематомаларда қанның қызыл түйіршіктері төмендеп, кейде іріңдейді. Әйелдің ыстығы көтеріліп, денесі түшігеді, ауырғаны артып, қанның құрамы өзгереді.
Емі. Көлемі кішкентай гематомаларда консервативті жолмен (витаминдер, антибиотиктер), ал көлемі тез арада үлкейген гематоманы тек – хирургиялық жолмен емдейді. Қанды ісікті кесіп, жиналған қанды тазалап алып тастайды, қан тамырларын байлайлы. Қуысты тігіп, дренаж қалдырады.


Жатры мойнының жыртылуы, клиникалық белгілері, емі
Босану ағыында жатыр мойны жайылып, қатты созылып жүұарады, осыған байланысты оның шеттері шамлаы ыдырайды. Босанудың патологиялық ағымында жатыр мойны жыртылып, қан шығыны артады. Жатыр мойны жыртылуының (ж.м.ж) үш дәрежесін ажыратады.
I дәрежесінде ж.м.ж – 2 см
II дәрежеінде – 2 см – ден артық
III жәрежесінде ж.м.ж қынап күмбезіне дейін жетеді
Клиникалық белгілері. Негізгі белгісі қан шығынының артуы, қалыпты жағдайдв (ж.и.ж) нәресте туысыменмбірден қан кетеді, екінші кезеңде қан тамырлары нәресте денесімен басылып, қан шығыны болмайды (нәресте денесі, басы тулған кезде қанды болады). Бала жолдасы бөлініп туылмай, қан шығынының қай жерден екенінін анықтау қиын, бірақ қан шығыны ж.м.ж салдарынан болғанда, жатыр қатты жиырылады. Айнаны қынап қуысына орнықтырып, жатыр мойнын қарайды.
Емі. Жыртылған жерге тігіс салу. Жатыр мойнын арнайы жалпақ қысқышпен ұстап, оны жыртылған жерге қарама – қарсы жанына тартады. Бірінші тігісті жоғары бұрышына жыртылған жерден (1 – 2 см ) жоғары салады және тігісті салғанда жатыр мойнының шырышты қабатын тікпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет