Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Плацентаның жатыр қабырғасына сіресе жапсырылуы



бет40/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Плацентаның жатыр қабырғасына сіресе жапсырылуы
Бұл ауытқуда хорион түгі базальдық қабатқа енумен бірге,бұлшық ет қабатына да енеді.Кейде плацента түгелімен жатырдың қабырғасына сіресе жапсырылып қалады,оны толық сіресе жапсырылуы дейді,өте сирек кездеседі.Егер плацента жартылай ғана сіресе жапсырылса,оны плацентаның жартылай сіресе жапсырылуы дейді.
Плацента толық сіресе жапсырылғанда қан шығыны болмайды,ол өздігінен жатыр қабырғасынан бөлінбейді.Осыған байланысты әйел босанғаннан кейін плацента оздігінен 20-30минут аралығында бөлінбесе,қан шығыны болмаса,бұл жағдайда операция жасап,жатырды бала жолдасымен бірге алып тастайды.


Жатыр төменгі сегментінің жиырылуының бұзылуы және бала жолдасының қысылуы
Бұл асқыну көбінде босанудың үшінші кезеңін дұрыс жүргізбеуден жатырды жөнсіз қатты ұқалаудан;дәрілердің үлкен мөлшерін пайдаланудан;бала жолдасын жатырдан бөлу үшін Креде-Лазаревич әдістерін күш жұмсап қолданудан болады.
Бұл түрінде бала жолдасының жатыр қабырғасынан бөліну белгілері анықталады,бірақ қан шығыны артады.Сондықтан тез арада спазмолитиктер қолдана отырып,бірден қысқа уақытта әсер ететін наркоз беріп,Креде-Лазаревич әдісімен бала жолдасын тудырып алады.Егер бұл әдіс нәтижесіз болып,қан шығыны артса,бала жолдасын қолмен бөліп шығару операциясын қолданады.
Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету
Босанғаннан кейінгі кезең екіге бөлінеді-ерте және кеш.Ерте кезең екі сағатқа созылады,осы кезеңдегі қан шығынының себептері:
1.Жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері іркіліп қалған жағдайда,жатырдың жиырылу қабілеті төмендеп,қан шығыны артады.Бірден әйелге наркоз беріп,жатыр қуысын қолмен тексеріп,іркіліп қалған плацента бөліктерін алып тастайды.
2.Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуінен немесе жоқтығынан пайда болатын патологиялық қан шығынын гипо-атониялық қан шығыны дейді.Гипотония-жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуі;атония-жатырдың жиырылу қабілетінің жоқтығы.
3.Қан ұюының бұзылуы.
4.Босану жолдарының жарақаттануы.
Себептері:жатырдың қабыну аурулары,өзіндік және жасанды түсіктер,қағанақ суының көптігі,егіз жүктілік,гестоздар,тар жамбас,ірі салмақты нәресте,жатырдың ісік ауруы,босанудың ауытқулары,сонымен қатаркесар тілігінен кейін жатырды жөнсіз қолмен уқалап,дәрі-дәрмектерді орынсыз қолданса немесе плацента бөліктері жатыр қуысында қалса,гипоатониялық қан шығыны байқалады.
Клиникалық белгілері
Бұл асқынуда патологиялық қан шығыны үшінші кезеңде немесе әйел босанысымен бірден басталады.
Гипотониялық қан шығынында-қан шамалы,ұзақ ағады;жатырдың жиырылу қасиеті төмендейді.Қолмен жатырды уқалағанда ол әдеттегідей қатты,тығыз болмай жұмсақ болады;жатыр қуысында қан ұйып жинала бастайды,жатыр көлемі үлкейіп,кіндік түбінен жоғары тұрады.Дәрі-дәрмектер қолданған кезде,жатырдың жиырылу қабілеті жоғарылай бастайды.
Ал атониялық қан шығынында,жатырдың жиырылу қабілеті жоққа тән,дәрі-дәрмектер ешқандай нәтиже бермей,шамалы уақыттың ішінде әйелден көп қан кетеді.
Жатырдың жиырылу қабілеті бұзылғанда тез арада қанды тоқтату үшін қолданылатын шаралар:
1.Жұмсақ түтікшемен қуықтан зәрді шығарады.
2.Жатырды сыртынан қолмен уқалап,мұз немесе мұздай су құйылған грелканы жатырға қояды.
3.Жатырдың жиырылу қабілетін жоғарылату үшін,жиырылтқыш дәрілерді қолданады.
4.Қан шығыны тоқтамай 300-400мг жеткен жағдайда,жатыр қуысын қолмен тексеріп,оның қуысындағы(қағанақ қабықшаларын,қанды)алып тастағаннан кейін,жатырға сыртқы-ішкі массаж жасайды.Бір мезгілде венаға простагландинмен енгізеді.
5.Қан шығыны артып,(800-1000мл)жетсе әйелге бірден ампутация немесе экспиртация операциясын жасайды. Операцияға дайындық барысында төменгі шараларды қолданады:алдыңғы іш перде тұсында қолқаны смыртқаға қарай басады;Бакшеевтің әдісімен жатыр мойнына уақытша клеммалр салады.
6.Қан ұю жүйесі бұзылса ішкіі жамбас артериясын байлайды.
Қан шығынын тоқтату үшін қолданған барлық шаралар бір мезгілде инфузионды-трансфузионда терапиямен жүргізілді.
Перзентханаларда жүктілік,босану,босанғаннан кейінгі кезеңдердегі асқынудың ауыр түрлеріне жедел көмек көрсететін арнайы тәжірбиелі дәрігерлер тобы,сонымен қатар қан,қажетті дәрі-дәрмектер дайын болуы керек.
Бсанғаннан кейінгі кезеңде қан шығыны артуының тағы бір себебі-қан ұю жүйесінің бұзылуы.Бұл әйел өмірі үшін өте қауіпті жағдай,көбіне жүктілік гестозының ауыр түрінде нәресте жатырда шетінегенде;гипо-атониялық қан шығынында;кесар тілігінде және плацентаның жатыр қабырғасының бөлінуінің ауытқуында кездеседі.
Бұл жағдайда жатырдың жиырылу қабілеті бұзылмайды,бірақ жатырдан тоқтаусыз қан ағады және қан ұйымайды;жатырдан басқа кез-келген:тігіс салған,мұрыннан,дәрі еккен жердің бәрінен қан кетеді.Лабороториялық зерттеу жасағанда,қан ұю уақыты ұзарады,қанда фибриноген өте төмендейді.Жүкті әйелде фибриногеннің қанда төмендеп,жойылуы қан шығынын күшейтеді,гипо және афибриногендік қан кету байқалады.
ДВС-тің пайда болу себебі,ананың қан құрамына жатыр қуысынан,қан тамырларының ішкі қабынан,қанның ұю қабілетін бұзатын тромбопластиндік әртүрлі субстраттардың түсуі.
Осы жағдайда қанның фибриногені көп жұмсалып,қан қоюланып,қан іріктері пайда болады,сөйтіп бүкіл қан тамырларын бітейді.Осыған байланысты қан ағымы бәсеңдейді,әсіресе капилляр жүйесінде,бүкіл әйел организміндегі мүшелердің қан айналымы бұзылады.
Гипо және афибриногендік қан кетуді анықтау үшін:дені сау әйелдің венасынан 2мл қан алғанда,ол 2-3минутта ұйыйды,ал патологиялық қан шығыны болған әйелдің қаны ұйымайды;осы екі қанды қосқан кезде дені сау әйелдің қаны еріп кетеді.
Емдеу жолдары:
1.Біріншіден ДВС-тің пайда болуына себепкер болған жүктілік пен босанудың асқынуларын мезгілінде емдеу.
2. Организмнің гемодинамикалық және қан ұю өзгерістерін қалпына келтіру.
3. Жатырдан аққен қан тоқтамай,қан шығыны ұлғайса,бірден жатыр экстирпациясын жасайды; ішкі жамбас артериясын байлайды.
Қан ұю жүйесінің бұзылуының және ДВС синдромының диагнозы,емі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінің асқынуларында толық жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет