Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет39/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Бүйректік жетіспеушілік
Бүйректік жетіспеушілік көп қан шығынан,гиповолемиядан кейін,бүйрек қан-тамырларының туйілуінен пайда болады.Ауыр жағдайларда бүйрек каналдарында жедел некроз пайда болуы мүмкін:
а).Клиникасы.Олигурия кейде анурия болады.Зәрдің жедел тоқтауынан ажырату үшін:қуықты катетерлейді.Олигурияда 1сағат ішінде бөлінген зәрдің мөлшері 20мл-ден аспайды.Ауыр жағдайда уремия болуы мүмкін;
ә)Диагнозы:Клиникалық белгілер мен лабороториялық көрсеткіштерге қарап қойылады:азотемия,гиперкалиемия,ацидоз:
б)Емі.Өне бойы әйелдің қан қысымын,жүрек соғысының жиілігін,орталық веноздық қысымын,қанның электролиттік құрамын,бөлінген зәр мөлшерін анықтап отыру керек.
Сонымен қатар:
1.Қан айналымының көлемін жедел толтыру;
2.Қан кетудің себебін анықтап,жедел тоқтату;
3.Глюкокартикоидтар енгізу:егер систолалық қан қысымы 80мл сынап бағанасынан төмен болмаса-эуфиллин және зәр айдатқыш препараттар;қанның микроциркуляциялық қасиетін жақсартатын реополиглюкин енгізеді.
4.А.В.Вишневскийдің паранфральді новокаин блокадасын қолдану.
5.Патогенетикалық терапия
6.Азотемия дамыса және жүргізілген ем нәтижесіз болса,гемодиализ жасайды.
Жүктіліктің екінші жартысында,босану кезеңдеріндегі қан кетудің басқа себептері:
1.Қабыққа жабысқан кіндік тамырларының үзілуі өте қауіпті асқыну,қан шығынынан ұрық шетінейді.Ұрық қанын ана қанынан ажырату үшін,қынап жағындысын зерттейді;ұрық эритроциттерінің ядросы бар.
2.жатырдың жыртылуы
3.Жатыр мойнының аурулары(қатерлі ісік,мойын эрозиясы,полипі).
4.Қынап қабырғаларындағы варикоз түйіндерінің жарылуы
Босанудың үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
Босанудың үшінші кезеңі-бал жолдасының жатыр қабырғасынан бөлініп туылуы.
Соңғы жылдары үшінші кезең ғылыми тұрғыдан тереңделіп зерттелуде.Бала жолдасының бөліну кезеңі үш дәуірден тұрады:
I дәуір-нәресте туылғаннан бастап,плацентаның жатыр қабырғасынан бөліне бастауы.
IIдәуір-плацентаның толық бөлінуі.
IIIдәуір-бала жолдасының босану жолдарынан өтіп туылуы.
Әдетте,үшінші кезеңде физиологиялық қан шығыны 250мл-ге дейін (дене салмағының 0,5%аспауы)егер қан шығыны 250мл-ден 400мл-ге дейін болса оны шекаралық,400мл-ден жоғары болса патологиялық қан шығыны дейді.
Бала жолдасының бөлінуі мен босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан шығынының жиілігі 4,1-38,2% аралығында.
Бұл кезеңдердегі қан шығынының негізгі себептері:
I.Босану жолдарының жарақаттануы.
II.Плацентаның жатыр қабырғасына жапсырылуы мен бөлінуінің ауытқуы.
III.Жатырдың жиырылу қасиеттерінің төмендеуі.
IV.Қан ұю жүйесінің бұзылуы.
I.Босану кезеңдерінде ананың босану жолдарының жарақаттануыжиі кездеседі.
Әдетте,ана босанысымен босану жолдарынан бірден қан аға бастайды,қан шығыны көп болмайды.Бала жолдасы жатырдан бөлініп түскеннен кейін,арнайы үлкен қынап айнасымен анасының босану жолдарын түгел қарап,жыртылған жерді тігіп,қан ағуые тоқтатады.
Үшінші кезеңде патологиялық қан шығынының себептерінің бірі-плацентаның жатыр қабырғасына жапсырылуы мен бөлінуінің ауытқуы.Жатыр қабырғасына жапсырылуының ауытқуы-плацентаның жатыр қабырғасына тығыз және сіресе жапсырылуы.

Плацентаның жатыр қабырғасына тығыз жапсырылуы.


Бұл ауытқуда хорион түгі тек қана жатырдың сылынып қалатын қабатына жабысып қана қоймай,одан да тереңірек базальдық қабатына ене бастайды.Плацентаның жатыр қабырғасына тығыз жапсырылуының толық және жартылай түрлерін ажыратады.Патологиялық қан шығыны байқалады,кейде қан көп кетіп,әйел тез арада қансырап қалуы мүмкін.Сондықтан бірден наркоз беріп,плацентаны қолмен алады;егер дәрігер қолмен плацентаны жатыр қабырғасынан бөлгенде,оның бірден бөлінбей,қиын бөлінуін сезсе,тез арада бұл операцияны тоқтатып,жатырды түгел алып тастау немесе экстирпация операциясын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет