Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет35/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Қынаптық зерттеу кезінде: бөксе аралық сызығы жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, сегізкөз, құймышақ, сүйектерін анықтауға болады. Егер бөксе аяқпен аралас жатса, оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте бөксемен орналасқанда, көбіне оны бетпен шатастырады, сондықтан сегізкөз, құймышақ және өкшені табу қажет; Нәресте бетпен жатқан жағдайда анықтағанда - ультродыбыс, амниоскопия зерттеулерін қолданады.УДЗ- деп ұрықтың жамбаспен жатуын анықтаумен бірге, оның жынысын, салмағын, басының бағытын, плайентаның орнын, қағанақ суының көлемін және ұрықтың ауытқуларын анықтауға болады.


Жүктілік және босанудың ағымы:
Нәресте жатырда жамбаспен жатқанда жүктілікпен босану ағымындағы асқынуларды ескере отырып, көптеген акушерлер нәрестенің жату қалпын өзгертуді ұсынған. Бірақ бұл операцияда көптеген асқынулар болып, жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі т.б;операция нәтежиесіз болады.
Көптеген авторлар Гришенко және Шулешова, Дикань түрлі гимнастикалар көмегімен жатырда нәрестенің жату қаупін өзгертуді ұсынды.
Диканьнің гимнастикасы бойынша жүкті әйел қатты төсекте кезекпен оң және сол бүйіріне 10- минуттан жатады.Гимнастиканы күніне 3 рет тамақ алдында жасайды.1- апта аралығында нәрестенің жату қалпы өзгеруі мүмкін.


Босану ерекшкліктері:
Босанудың бірінші кезеңінде – қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсіздігі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.
баудың кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсуі, босанудың асқынуына кезеңде сақтайдың маңызы зор; Ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жаққа қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет ыдысына отырғызады.Бириншиі кезенде нәрестенін журек согуына жане толгак сипатын коніл болу керек. Нәресте гипоксиясынын алдын- алу ушин;оттегі 40%, 20,0 мл глюкозаны метионинді, 0,02г фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.
Босанудың екінші кезенін ұқыпты жургізу керек,Әрбір толғақтан кейін екінші кезеңнін басында толғақтың әлсізденуінің алдын алу үшін окситоцин сұйықтығын венага тамшылатып құяды. Нәресте бөксесі жыныс ернеуінен туылған кезде оның басы жамбас қуысына түседі, жатыр мойын өзегі тарылып, наресте басын қыспау үшін 2%- 2,0 мл но-шпа немесе 2%-4 мл паповерин,1 мл атропин сұйықтығын бұлшық етке енгізеді.
Нәресте бөксесімен туылғанда босану жолдарының, нәрестенің жарақаттануы жиі кездеседі.
Биомеханизм ерекшеліктері

Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизмін 5 кезеңге бөледі:


1 – кезең жамбастың кіреберіс жазықтығына нәресте бөксесі бөксе аралық сызығымен сол не оң киғаш өлшеміне сәйкес орнығады. Бірінші позицияда, алдыңғы түрінде бөксеаралық сызық сол қиғаш өлшемінде өтеді.Осы қиғаш өлшемде нәресте бөксесімен жамбас қуысына жылжиды, алдыңгы жағына бағытталған нәресте бөксесі жетекші нүкте артқа бағытталған нәресте бөксесі жетекші нүкте артқа бағытталған бөксесімен салыстырғанда төмен орныкқан.
2 - кезең нәресте бөксесі ішкі бұрылыс жасап біртіндеп жылжып, жамбас қуысының түбіне түседі, бөксе аралық сызық жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Нәрестенің алдыңғы бөксесі қасағаға, артқы бөксесі сегізкөзге тіркеледі. 3 - кезең бірінші нәрестенің касағаға бағытталған бөксесі туылады, оның мықын сүйегі қасаға доғасына тіреліп, бекіту нүктесін кұрайды.Осы бекіту нүктесінің аймағында нәресте тұлғасымен бір бүйіріне карай қатты бүгіледі.Нәресте тұлғасы бүгілген кезде, артқа бағытталган нәресте бәксесі туылып, содан кейін оның жамбасы түгел туылады.Осыдан кейін нәресте тұлғасы түгелімен түзіледі де, әйел бірнеше рет күшенгенен кейін,ол кіндік түбіне, содан кейін жауырынның төменгі бұрышына дейн, арқасымен шамалы алға бұрылып туылады.
4 – кезең нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшеміне сәйкес келеді.Ал жамбастың шығаберіс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді.Бұл жағдайда алдыңғы иық қасағының астына орнығады, артқы иық жамбас қуысына шығады, нәрестенің екі қолы өзі туылады. 5 - кезең нәресте басы бүгілген күйінде жамбастың қиғаш өлшеміне өтеді. Жамбас қуысында нәресте басы ішке бұрылыс жасап, желкесімен қасағаға, бетімен сегізкөзге қарай бұрылады, сөйтіп шүйде ойығы қасаға доғасына тіреледі, жыныс еренуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке көріне бастайды. Сонымен нәресте жатқан кезде оның басы жамбас қуысына кіші қиғаш өлшемнің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні еш өзгермейді. Нәресте аяқтарымен жатқанда биомеханизм ерекшеліктері оның жамбаспен жатқандай. Айырмашылығы: жыныс ернеуінен бірінші 1 немесе 2 аяғы көрінеді. Шатқа бағытталған аяғы, алдыңғы аяғы, аяқ тізеге дейін туылғанда нәресте бөксесі жамбас қуысына туседі. Ары қарай босану ағымы нәресте жамбаспен жатқандай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет