Ұрықтың жамбаспен жатуы
Жоспар:
1.Ұрықтың жамбаспен жатудың жіктелуі
2. Жамбаспен жатуға әкеп соғатын себептер
3. Жамбаспен жатудың диагностикалау әдістері
4. Жамбаспен жатудағы жүктіліктің ағымы
5. Жамбаспен жатудағы босанудың ағымы
6. Жамбаспен жатудағы босану кезіндегі бала мен анасының өміріне қауіп- қатерлері.
Нәресте жамбаспен жатқан кезде босану барысы көбінесе нәресте асфиксиясы, жарақаттануымен, шетінеуімен асқынады.Кейде босану қалыпты жағдайда өтуі мүмкін. Көп жағдайда кесар тілігін және қолымен көмектесу – Цовьянов әдістерін қоланады, Сондықтан нәрестенің жамбаспен туылуын қалыпты және патологиялық босану аралығындағы шекара деп есептейді. Жүктілер арасында нәрестенің жамбаспен жату жиілігі 2 – 3,5%, кейбір авторлардың мәліметі бойынша 2,7- 5,4% аралығында.
Жіктелуі:
1.Бөксемен (бүгілген)
2.Аяқпен(жазылған)
Нәрестенің жамбаспен жатуының екі түрі бар: жартылай түрі (тек бөксемн жатады); толық түрі (нәрестенің бөксесі аяқтармен бірге жатады).
1.Жартылай түрінде – жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек бөксесі орналасады, екі аяғы тұлға бойында созылып жатады.
2. Толық түрінде- жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің бөксесі аяқтарымен бірге орнығады.
Нәресте аяқпен жатқанда жамбас қуысында нәрестенің тек аяқтары анықталады. Бұның екі түрін ажыратады.(толық және жартылай):
1.Толық түрінде- жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас сан тізе буындарында сәл жазылып жатады;
2. Жартылай түрінде- жамбас қуысында нәрестефнің тек бір аяғы жамбас сан тәзе буындарында бүгіліп, екінші аяғы тұла бойында созылып жатады.
3.Нәрестенің жамбас пен орнығуының себептерін органикалық және функционалдық деп екіге бөлінеді.
1. Органикалық себептері:
Жамбас өлшемдерінің тарылуы және оның ауытқуы; жатырдың ақаулары; қағанақ суының көптігі; ұрық қимылының артуы, жатырдың төменгі сегменттерінің миоматозды түйіршіктері; егіз жүктілік;
2. Функционалдық себептері: ретсіз толғақ.
Диагноз: нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау үшін сыртқы, ішкі акушерия зерттеулерінің зерттеулеріне сүйенеді.Бұл жағдайда жатыр деңгейі жоғары тұрады.Себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді, осыған байланысты жамбас қуысының кіреберісіне біте орнықпайды.
Сыртқы зерттеулер кезінде Леопольд тәсілдерін қолданады, жамбастың кіреберіс жазықтығына жақын, нәрестенің көлемді жұмсақ шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Нәрестенің жүрек соғуы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғары естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |