Жай жалпақ жамбаста – барлық тік өлшемдері қысқарады.
Рахитты жалпақ жамбаста-кіреберіс жазықтықтың тек тік өлшемі қысқарады.
4)Жалпы тарылған жалпақ жамбаста-барлық өлшемдері,әсіресе тік өлшемдері көп қысқарады.
Тар жамбастың тарылу дәрежесіне қарай жіктелуі:
I дәрежесі - нағыз коньюгата 11см-ден кем,9см-ден артық.
II дәрежесі - нағыз коньюгата 9-7,5см.
IIIдәрежесі – нағыз коньюгата 7,5-6,5см.
IV дәрежесі – нағыз коньюгата 6см-ден кем.
Тар жамбасты анықтау
Тар жамбасты анықтау үшін, тиісті мәліметтер жинап, әйелдің сырт пішінін зерттеп, жамбасты өлшеу және қынаптық зерттеу тәсілдерін қолданады. Мәлімет жинаған кезде – балалық шағында ауырған инфекциялық аурулардың түріне, етеккірдің басталу сипатына, алдыңғы жүктіліктің және босану ағысына ерекше көңіл бөлу керек.
Сонымен қатар,жүкті әйелдің бойына, дене салмағына және жатыр пішініне, сегізкөз ромбасына, сүйек- буын қозғалыстарына назар аударады.
Егер жүкті әйелдің бойы 145-150см, жатыр пішіні үшкір, салбыраңқы, сегізкөз ромбасының пішіні өзгерген болса, бұл белгілер тар жамбасты әйелдерге тән.
Әдетте, сегізкөз ромбасының көлденең және қзынша өлшемдері бірдей, сырт пішіні квадратқа жақын.
Рахитты жалпақ жамбаста сегізкөз ромбасы үшбұрышқа жақын,көлденеңінен созылыңқы, жоғарғы және төменгі бұрыштары үшкір болып келеді.
Әйелдердің сырт пішінін зерттеп болғаннан кейін,жамбастың сыртқы көлденең, тік, қиғаш және білезік өлшемдерін өлшейді.
Қынаптық зерттеу арқылы диагоналдық өлшемді анықтайды.Егер диагоналдық өлшемнен 1,5-2см-ді, немесе сыртқы тік өлшемнен 9см санын алып тастаса, нағыз коньюгата өлшемі шығады.Нағыз коньюгата өлшемі бойынша жамбастың тарылу дәрежелерін анықтайды.Мысалы: сыртқы тік өлшем – 20см-ге тең болса, одан 9 см алынса, 11см – бұл I дәреже.
Тар жамбасты қазіргі уақытта көбіне УДЗ арқылы анықтайды.
Нәресте басының шалқайып орнығуы
Нәресте басының шалқая орнығуына: төбемен, маңдаймен, бетпен орнығу жатады. Бұл қолайсыз жағдай 0,5%-1% аралығында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |