Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет29/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз
ата анажаднама, 10-11 ГК новый, «Жаңартылған білім берудегі қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің өзіндік ерекшеліктері.
Жамбас сүйектерінің ауытқуы
Жоспар:
1.Жамбас сүйектерінің ауытқу түрлері
2.Тар жамбасты анықтау
3.Нәресте басының шалқайып орналасуы
4.Нәресте басының көлденең және қиғаш орналасуы
5.Себептері, Клиникасы, диагностикасы
Гиппократтың теориясы бойынша XVIIIғасырға дейін жамбас сүйектері босану кезеңдерінде кеңиді деп келді.Тек 1543жылы Везалий тұңғыш рет жамбас сүйектерінің құрылысын жазып,оның кеңімейтінін анықтады.
Тар жамбас туралы ғылым 1701жылдан бастап өріс ала бастады,тұңғыш рет Голландия акушері Девентер жалпы бірқалыпты тарылған жамбас пен жалпақ жамбасты сипаттай отырып,оның босанудағы ерекшеліктеріне тоқталды.
Немістің акушері Редерер 1753жылы тар жамбастың босану бисмеханизмін,1774жылы Левре рахитты жамбасты сипаттаған.
1784-1788жылы Амбодик өз еңбектерінде тар жамбас биомеханизмінің ерекшеліктерін және босанудағы асқынуларын анықтаған.
Михаэлис 1848жылы жүкті әйелдерде жамбас өлшемдерін өлшеу керек екенін және сегізкөз ромбасын анықтады.
1880жылы Феноменов пен Литцман тар жамбастың тарылу дәрежелеріне байланысты оның түрлерін белгілеп жазған.
1935жылы Малиновский,Скробанский клиникалық тар жамбастың белгілерін толық сипаттаған.
Жамбас сүйектері ауытқуының түрлері.
Тар жамбас-бұл жамбас сүйектерінің ауытқуы.Жамбас сүйектері ауытқуының негізгі себептері:Қыз баланың сәбилік және жасөспірім кезінде рахит,сүйек-буын туберкулезімен ауруы,жыныс мүшелерінің өсіп-дамымауы,жамбас сүйектерінің жарақатқа ұшырауы.Ослардың салдарынан жамбас сүйектері дұрыс бекімей,жамбас тарылады.
Жамбастың тарылуы деп оның барлық өлшемдерінің немесе бір ғана өлшемінің қалыпты жамбас өлшемдерімен салыстырғанда 1,5-2см не одан жоғары қысқаруын айтады.
Тар жамбас екі түрге бөлінеді:
1.Анатомиялық тар жамбас-жамбастың қандай да бір өлшемінің 1,5-2см ге одан да жоғары қысқаруы.
2.Клиникалық тар жамбас – нәресте бас өлшемдерінің қалыпты жамбас өлшемдеріне сәйкес келмеуі.
Тар жамбастың жіктелуі:
А. Жиі кездесетін түрлері:
1.Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас.
2.Көлденең тарылған жамбас
3.Жалпақ жамбас.
-жай жалпақ жамбас.
-рахитты жалпақ жамбас.
4.Жалпы тарылған жалпақ жамбас.
Б.Сирек кездесетін түрлері:
1.Қисық тар жамбас.
2.Лордозды жамбас.
3.Воронкалы жамбас.
4.Кифотикалық жамбас.
5.Спондилолық жамбас.
6.Остеомалитикалық жамбас.
7.Ісік және сүйек өсінділерімен тарылған жамбас.
1)жалпы бір қалыпты тарылған жамбаста жамбастың барлық өлшемдері бірдей 1-2см-ге қысқарады.
2)Көдденең тарылған жамбаста –көлденең өлшемдері кемиді,қиғаш өлшемдері қалыпты жағдайда.
3)жалпақ жамбаста-барлық тік өлшемдері кемиді; ал көлденең, қиғаш өлшемдері қалыпты жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет