Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Мезгілінен кеш босанудың ерекшеліктері



бет28/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Мезгілінен кеш босанудың ерекшеліктері.
Жүктілігі 41 – 42 аптадан асып, нәресте мен бала жолдасында тым жетілгендіктің, «тозу» белгілерінің болуын – мезгілінен кеш босану деп айтады. Мезгілінен кеш босанудың анаға, әсіресе ұрыққа әсері өте үлкен. Мезгілінен кеш босанудағы асқынулар: қағанақ суы мезгілінен бұрын немесе ерте кетуі мүмкін, толғақ күші әлсіреп, жатыр ішілік гипоксия пайда болады. Нәресте көбіне ірі салмақпен туылады, босанудың ІІ – кезеңі ұзаққа созылып, нәресте тұншығып, кейде шетінеуі де мүмкін. Босанудың ІІІ және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығыны артады.
Мезгілінен кеш туылған нәрестеде «тым жетілгендіктің» төмендегідей белгілері анықталады:
• үлпілдек түктерінің жоқтығы;
тері майларының жоқтығы;
• бас сүйектерінің қаттылығы;
• еңбек және бас жіктерінің тарлығы;
тырнақтарының ұзаруы;
• нәресте тері түсінің жеңілдеуі;
• нәрестетерісінің құрғақтануы және тері асты майларының мардымсыздығы;
• алақаны мен табаны «көп кір жуған» әйелдің қолындай.
Мезгілінен кеш босанғанда бала жолдасында (Плацента) паиоморфологиялық қзгерістер байқалады. Плацентада дегенеративті – квалификатты өзгерістер және плацента мен қағанақи қабықшалары сарғыш – жасыл түсті болады. Бала жолдасын патигистологиялық зерттеуге жібереді.
Жүктіліктің ұзаққа созылуының анық диагнозы нәресте мен бала жолдасында «тым жетілгендіктің» жоғарыдағыдай белгілері анықталған кезде қойылады.

Дәрігерлік амал.


Жүктіліктің ұзаққа созылуында – дәрігерлік амалдың өзіндік ерекшеліктері бар. Жүктіліктің мерзімі 38 – 39 апта болған кезде, әйелді перзентханаға жатқызып, лабораториялық, обьектілік зерттеулер жіне жоғарыда аталған қосымша тәсілдер арқылы жүктілік мерзімін, нәрестенің күн жағдайын анықтайды. Егер әйел организмі босануға дайын (жатыр мойны «пісіп - жетілген»), нәрестенің күй – жағдайы жақсы болса, әйелдің өзін босандырады. Ол үшін амниотомия (қағанақ суын жару) жасап, жатырды қоздырады (окситоцин, простагландин, простенонды венаға тамшылатып құю арқылы). Бір күн бұрын жатыр мойнына простагландинді гельді жапсырса, келесі күні жатырдың қозуын жақсартады.
Ал егер ананың босану жолдары дайын болмай, нәрестенің күй – жағдайы нашарлап, тұншығу белгілері пайда болса, әйелді, кесар тілігі бойынша босандырады.
Кесар тілігі: ұрық ірі болса тұңғыш босанатын әйелде ол жамбаспен немесе көлденең жатса; әйелдің жасы 30 – дан асса; жатырда тыртық болса жасалады.


Жүктіліктің ұзаққа созылуының алдын алу шаралары.
Алдын алу шараларын қыз баланың жасөспірім кезінен бастайды.

  1. Жүктілігі ұзаққа созылған аналар, «етеккір циклі бұзылған, балалық шақта түрлі жұқпалы аурулармен ауырған әйелдер «тобы» кеңес орнында айрықша есепке алынады.»

  2. Әйелдерге босану мезгілін түсіндіре отырып, жоғарыдағы аталған аналар «тобын» алдын – ала перзентханаға жатқызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет