Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет24/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Гидроцефалиябас миына судың жиналуы, ми қарыншаларына судың көп жиналуынан пайда болады. Су мөлшері кейде 2-3 литрге дейін жетеді. Бала басы судың жиналуына байланысты үлкейеді, бас жіктері сөгіле бастайды, еңбегі үлкейеді, бас сүйектері нәзік және жұмсақ болады, миы атрофияға ұшырайды. Босану процессі кезінде ана жамбасы мен бала басының өлшемдері сәйкес келмеуінен асқынулар болады. Диагноз сыртқы және қынап зерттеулері кезінде анықталады.қынап зерттеулері кезінде бала басының үлкенділігі анықталынады, керек жағдайда УДЗ қолданылады.
Диагноз қойылып, жатыр мойыны жеткілікті ашылған кезде троакар не ұзын инемен тесіп, ссуын жібереді. Егер босану процесін әйел жағдайына
байланысты жедел түрде аяқтау керектігі байқалса, баланы краниокласт құралын салып алып шығады.
Микроцефалия - бала басы өлшемдерінін кішіреюі, мидың барлық бөлігінің жетіспеушілігі.
Анэнцефалия - бала ми күмбезінің және бас миының көп бөліктерінің жоқтылығы. Бет сүйегі жетілмеген, кішкентай бас бала иығынада орналасады, көзі ұясынан шығып кетеді. Олар өлі туылады, не туылғаннан кейін көп ұзамай өліп калады, өйткені өмір сүруге бейімсіз. Босану процессі қиыншылықсыз өтеді.
Ми тесігі - үлкен еңбек тұсында бала миының шығып кетуі. Бала тірі туылуы мүмкін, бірақ туылғаннан кейін өліп қалады.
Аранды ауыз - үстіңгі ерін, үстіңгі жақ жане қатты таңдайдың ажырауы. Оны кейде жарық таңдай деп атайды. Ауыз жане мұрын қуыстары бір - бірімен жалғасады. Сондықтан емген сүт мұрыннан шығады. Бала емгенде сүттің өңешке түсуі үшін баланы тігінен ұстау керек.
Қоян ерін - үстінгі ерін ажырауы. Бұл аномалия бала еміне және дамуына кедергі болмайды. Коян ерін және аранды ауыз пластикалық операциялар арқылы қалпына келтіріледі. Операцияның туылғаннан кейін бірнеше айлардын не одан кешірек жасайды.
Омыртқа ажырауы - кез келген жерінде, көп жағдайда бел омыртқасы тұсында кездеседі. Жарық арқылы жұлын каналынан жұлын шығып кетеді. Босану процесінде кедергі болмайды.
Кіндік жарығы - әр түрлі көлемді болуы мүмкін.Өте үлкен кіндік жарығында жарық қапшығына ішектердің көп бөлігі, тіпті бауыр, іш майы кіруі мүмкін.Үлкен кіндік жарығында бала өліп қалады. Кіндік жарығы босану процесінде кедергі жасамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет