Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Босанғаннан кейінгі кезеңнің ерекшеліктері



бет22/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Босанғаннан кейінгі кезеңнің ерекшеліктері

Босанғаннан кейінгі кезеңді өте ұқыпты жүргізу керек, себебі ревматизмнің


өршуі, қанайналымның жетіспеушілігі айқындалады. Осыған орай бірден ревматизм және жүрек ақауларына тиісті емдерді толық жүргізіп, ұзартылған төсектік тәртіпті ссақтау қажет (12-14 күн).
Нәрестені емізу әйелдің күй-жағдайына байланысты, қан айналым
жетіспеушілігінің ІІ-А және ІІ-Б сатыларында нәрестені емізуге болмайды.
Егер әйел кесар тілігі арқылы босанса, оның тігіс жібін 1-2 күн кешіктіріп (9-10 күн )алады.
Перзентханадан үйге шығару мезгілі әйелдің күйжағдайына, жүрек ақауының түріне, қан
айналым жүйесінің жетіспеушілігінің сатысына байланысты.

Гипертония ауруындағы ерекшеліктері
Босану ерекшеліктері:
Босанудың І кезеңінде: қан қысымын мұқият бақылау, босануды ауырсыздандыру, қағанақ суын ерте жару.
Босанудың ІІ кезеңінде: қан қысымын бақылай отырып, оны төмендететін басқармалы гипотонияны (ганглиоблокаторлар) қолданылады. Нәрестенің күй-жағдайына байланысты босанудың ІІ кезеңін тездету үшін перинеотомия жасайдыы, қажет болса акушерлік қысқашты қолданады.
ІІІ кезеңнің және босанғаннан кейінгі қан шығынының алдын алу үшін, 1 мл метилэргометринді+40%-20 мл глюкоза ертіндісімен венаға енгізеді.
Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде, қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді кеңінен қолданады; себебі көбінесе босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан қысымы көтеріліп, гипертониялық криз байқалады.
Перзентханадан шыққаннан кейін, әйел терапевтің қарауында диспансерлік бақылауда болуға тиіс.
Бүйрек аурулары және жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердің ерекшеліктері
Жүктілік кезіндегі бүйрек қызметінің ерекшеліктері
Жүктілік кезінде бүйректің қызметінде ерекше өзгерістер болады. Несеп жолдары, бүйректік астаушылары кеңейіп, кейде 20-30см-ге дейін ұлғаяды. Бүйрек астаушыларының көлемі 5-10-нан 500-100 мл-ге дейін кеңейеді. Бұндай жағдай тұнғыш босанатын әйелдің оң жақ бүрегінде байқалады. Осының салдарынан несеп жолдарының жиырылуқасиеті бұзылады. Кейбір жүкті әйелдің бүйрегі төмен түседі (нефроктоз) . жоғарыда аталған функционалдық өзгерістер пиелонефриттің дамуына әсер етеді. Несеп жолдарының кеңеюі- босанғаннан кейін біртіндеп қалпына келеді. Сонымен қатар, жүктілік кезенде бүйрек қан айналымы да өзгерістерге ұшырайды, жүктіліктің І-триместірінде ұлғаяды, жүктіліктің соңғы триместірінде төмендейді.
Жүкті әйелдер арасында глюкозурия байқалады. Бірақ бұл құбылыс – жүктіліктің І жартысында, не босанғаннан кейін бірден жойылады.
Бүйрек организмде судың мөлшері мен зат алмасу процесін реттеумен қатар, қан қысымының бір қалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Несеп жолдары- түтік тәрізді, бүйрек астаушыларықуықпен жалғастыратын, жоғарыдан төмен қарай іш қуысының артқы жағын орағытып жататын зәр шығару жүйесі.
Белоктар – күрделі заттар, олардын құрамында көқміртегі, сутегі, оттегіден басқа азот, күкірт, фосфор және басқада элементтер болады. Белоктар денеде ыдырап тотыққан кезде, көмір қышқыл газы мен судан басқа, азот қосылған заттар, ең алдымен мочевина мен несеп қышқылы, күкірт пен фосфор қышқылдарының тұздары және әртүрлі басқа да қосылыстар пайда болады. Ыдыраудан пайда болған өнімдер клеткада жиналып, оған зиянды әсерін тигізеді. Ал бұл өнімдерді организмнен уақытында шығарып отырса, онда организмнің бір қалыпты тіршілік етуіне қалыпты жағдай туады. Ыдырау өнімдерін клетка өзінің айналасына, яғни ұлпа лимфасына шығарып отырады, лимфадан қанға келіп түседі. Қанда жиналаған алмасу өнімдері бірте – бірте организмнен несеп мүшелері арқылы сыртқа шығады.
Бүйрек – организмнің барлық жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауына өте қажетті ферменттер мен катализаторларды күшейтетін биологиялық заттар бөліп шығаратын мүше. Егер несеп мүшелерінің қызметі жеткіліксіз болса, онда организмде зиянды заттардың мөлшері көбейіп, зат алмасу процесінде елеулі патологиялық өзгерістер болады. Бұл жағдайда адам өз денесіндегі зиянды заттармен улана бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет