Пиелонефрит
Жүктілік ағымының ерекшеліктері
Пиелонефритпен ауыратын жүкті әйелдер тобы акушер мен урологтың бақылауында болуға тиіс. Босанар алдында екі жұма бұрын бұл топтағы әйелдерді перзентханаға жатқызады. Жүкті әйелдердің 80-85%-ы өз мезгілінде, ал 15-20%-ы мезгілінен бұрын босанады.
Жүктілікті үзу көрсеткіштері:
Пиелонефрит гестоздың ауыр түрлерімен бірлескенде;
Консервативті ем нәтижесіз болғанда;
Бүйректің жедел жетіспеушілігінде (БЖЖ);
Нәресте гипоксиясында;
Босану ерекшеліктері
Бүйрек қабынуларымен ауыратын әйелдердің өздері босанғаны утымды, себебі операциядан кейін бүйрек аурулары асқынып, қанның улануына душар етеді. Кесар тілігін қатал акушерлік көрсеткіштерде ана мен нәресте өміріне «қауіп-қатер» туғанда ғана қолданады.
Босанудың асқынулары: толғақ әлсіздігі, нәресте гипоксиясы, асфиксиясы; қан шығынының физиологиялық мөлшерден артуы, босану жолдарының зақымдалуы.
Гломерулонефрит
Босану ерекшеліктері:әйелдің өзін босандырып спазмолалық және ауырсыздандыру дәрі-дәрмектерін қолдану қажет.
Босанғанан кейінгі кезеңде әйелдің жалпы күй жағдайын, бүйрек қызметін анықтай отырып,ауырудың ағымы нашаарлаған жағдайда, әййелді арнайы ауруханаға көшіреді, содан кейін әйел диспансерлік есепке тұрып, терапевт пен нефрологтың бақылауында болады.
Бала дамуының аномалиясы
Жоспар:
1.Ұрықтың кемтарлығы
2. ұрық қабаттарының аурулары
3. Жаңа туған нәрестенің гемолиз ауруы
4. Баланың іште өліп қалуы
5.Алдын алу шаралары
6.Ұзаққа созылған жүктілік
Бала дамуының аномалиясы кемтарлығы не жетіспеушілігі іштен туа біткен баланың аурулары әр түрлі, әлі күнге дейін толық зерттелмеген.
Себептері:
1.Сыртқы ортаның зақымдау факторлары
2. генетикалық факторлар
3. Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын факторлардың қосарлана әсер етуі.
Сыртқы ортаның зақымдау факторлеріне ана организмінен балаға бала орны арқылы микробтар мен вирустардың өтуі жатады. Қызылша, тұмау, листериоз, безгек, мерез, токсоплазмоз, қызамық қоздырғыштарының әсері нәтежиесінде баланың аномалиясы және ауруларының дамуы байқалған. Бала дамуына әйелдің жұқпалы емес аурулары (диабет, тиреотоксикоз, жүрек ақауы, токсикоз) да қолайсыз әсер етеді. Сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне ұрықтың мүшелері пайда болу, оның даму кезеңдері өті қауіпті. Радиация, алкоголь, никотин, кейбір дәрілер, химиялық заттардың да ұрықты зақымдау әсері бар. Бала кемтарлығы өмір сүруге икемді және өмір сүруге икемсіз болып 2 топқа бөлінеді.
Ұрық дамуының кемтарлығы не аномалиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |