Жүктілік және босану кезеңдерінің ерекшеліктері.
Жүрек ақауымен ауыратын аналар жүктіліктің бастапқы кезінен әйелдер кеңес орнында диспансерлік бақылауда болып, перзентханаға алдын ала заңды түрде үш рет мына мерзімдерде жатуы тиіс:
Бірінші рет-үш айға дейінгі мерзімде ( 12 аптаға дейін ) жүрек ақауының түрін анықтап, жүктіліктің жалғастырылуын шешеді.
Екінші рет-26-32 апта аралығында, осы кезеңде жүрек қан тамырлар жүйесіне күш түседі, осыған байланысты қажетті емдерді жүргізеді.
Үшінші рет-босанар алдында екі үш апта бұрын. Бұл мезгілде тиісті жүрек ақауының емдерін жүргізіп, босану тәсілін анықтайды.
Босану ерекшеліктері.
Жүрек ақауымен ауыратын аналар босану кезеңдерінде терапевтің, кардиологтың, акушердің, тіпті қажетті жағдайда анестезиологтың бақылауында болуы тиіс. Осы кезде ананың тыныс алуын, тамыр соғысын, дем алысын бақылайды.
Босандыру тәсілдері төмендегі жағдайларға байланысты:
1) жүрек ақауының түрі мен ағымына.
2) Ревматизмнің белсенділігінің дәрежесіне.
3) жүктілік мерзіміне.
4) қан айналымының жетіспеушілігінің сатысына.
5) Босану кезеңдерінің ағымына.
Жүрек қан тамыр ауруы бар әйелдерді босандыру өте жауапты да қауіпті, өйткені кез келген сәттерде жүректің қан айналымы бұзылуы ықтимал. Бұл жағдайда: глюкоза 20% 40 мл + аскорбин қышқылы 5% 1мл + 0,05% 0,5 мл немесе корглюкон 0,06 % 0,5 сұйықтықтарын қолданады.
Ананы толғақтың бастапқы кезінен бастап ауырсыздандырады. Ол үшін: ввиадрил, платифиллин, баралгинді пайдаланылады. Егер босанудың бірінші кезеңінде жүрек қан айналымның жетіспеушілігі пайда болса, қағанақ қуығын жарады. Осының салдарынан диафрагма төмен түсіп, ананың жалпы жағдайы жақсарады. Жатырдағы нәресте гипоксиясын алдын алу үшін жан жақты емдерді қолданылады ( Николаев үштігі, АТФ, кокарбоксилаза).
Ал екінші кезеңде, жүрек ақауының ауыр түрлерімен ауыратын ананың жағдайын жеңілдету үшін наркоз беріп, акушерлік қысқаш арқылы босандырып алады. Әйел босанысымен, құсағының үстіне ауыр қапшықты қояды, себебі қан ішкі мүшелерге тез таралып , талықсуға ұрындыруы мүмкін.
Үшінші кезеңде бала жолдасының жатырдан бөлінуін дәрігер ұқыпты жүргізу тиіс. Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдерде қан шығыны физиологиялық мөлшерден артық кетсе, оның ана денсаулығына зияны үлкен.
Паталогиялық қан шығынының алдын алу үшін екінші кезеңнің соңында метилэргометрин сұйықтығын « глюкоза 40%-20,0мл+1,0 метилэргометрин) венаға енгізеді. Егер қан құрамында қанның қызыл түйіршіктері аз болса, қан шығыны әдеттегі физиологиялық мөлшерден асса, әйелге бірден қан құю өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |