Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет27/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Анықтау тәсілдері:
1.Бала жүрек соғысымен қозғалуының жоғалуы
2. Жатыр өсуінің тоқтауы. Іште өліп қалған бала туылуы кешіксе баланың қоршаған суы тартыла бастайды.Жатыр көлемі кішірейеді және қатаяды.
3. Емшек бездерінің ісінуі жоғалады.Әйелдің іші ауырлайды, тез шаршағыш болып келеді.
4. Жүкті әйел зәрінде эстроген гормонының мөлшері төмендейді. Іште өлген бала сыртқа шығуы керек.Кейбір жағдайларда көп не аз уақытқа өлген бала туылуы кешігеді.
5. Мацерация – бұл өлген бала денесінің ылғалды шіруі.Бала денесінің тіндеріне қен сұйықтығы мен баланы қоршағансу сіңеді.Терісінде ылғалды көпіршіктер пайда болады. Кейін түсіп қалады, бала денесі үлбіреп, бас сүйектері жұмсарып, қозғалғыш келеді, тіндері сарғыш тартады.
6. Мумификация- бала денесінің құрғақ шіруі, бұл патология сирек кездеседі. Көп жағдайда егіздің сыңары өлгенде кіндік аралығында байқалады. Баланы қоршаған су тартылады, өлген баланың денесі кебеді.Қағазды ұрық пайда болады.Өте сирек жағдайда птрификация - өлген бала денесінің тас сияқты қатып қалуы болады.Ол бала денесіне ізбес тұздарының жиналуына байланысты.
Алдын – алу шаралары:
1. Жүкті әйел тамақтану, демалу, гигиеналық режимдерін сақтау керек.
2. Жүкті әйелді жұқпалы аурудан сақтау
3. Жүкті әйел патологиясын жыныс мүшелерінен тыс ауруларын дер кезінде анықтау
4. Босану кезінде гипоксия жағдайларын анықтап ем қолдану
5. Босану асқынуларын мезгілінде анықтап, оперативтік шаралар қолдану.
Осы аталған шаралар сақталынса,іштегі бала өлімінің алдын – алуға болады.
Жүктіліктің ұзаққа созылуы.
Қалыпты физиологиялық жағдайда жүктіліктің орташа ұзақтығы: 280 күн, (40 апта), яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен, немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28 күндік цикл аралығы (Негель).
Жүктіліктің ұзаққа созылуы – жүктіліктің белгіленген физиологиялық мерзімінен 10 – 14 күн немесе 290 – 294 күннен асып кетуі. Барлық жүкті әйелдер арасында шамамен 10% - ының жүктілігі 42 аптадан асады, 14% - ы 43, кейде одан да асып кетеді. Жалпы жиілігі 1,4% - 14% аралығында, орта есеппен - 8%.
Жүктіліктің ұзаққа созылуын қазақтар «түйе буаз» деген. Жүктілік нағыз және жалған (пролонгацияланған) болып екіге бөлінеді. Жүктіліктің нағыз ұзаққа созылуында физиологиялық мерзімінен 10 – 14 күнге артыққа созылып, әйел мезгілінен кеш босанады, туылған нәрестеде және бала жолдасында тым жетілгендңктің «тозу» белгілері болады. Ал жалған (пролонгацияланған) ұзаққа созылған жүктілікте физиологиялық мерзімінен 10 – 14 күнге артық созылады, бірақ туылған нәрестеде, бала жолдасында «тозу» белгілері болмайды, бұл жағдайда әйелдің босануын мерзімді босану дейді.
Жүктіліктің мерзімінен артып, ұзаққа созылуының себептері өте күрделі және әлі толықтай аяқталмаған. Жүктіліктің белгіленген мерзімінде толғақтың басталмауы, әйел организмін босануға дайындайтын нейрогуморалдық механизмдердің тежелуінен деп есептейді. Бұл асқынуда жоғарғы және вегетивтік жүйке жүйелерінде, эндрокриндік жүйесінде функционалдық өзгерістер болады. Мысалы, гонадотропин гормондарының арақатынасы өзгереді, эстроген гормондарының мөлшері азаяды, ал прогестронның мөлшері көбейеді, микроэлементтердің (магний, калий, кальций т.б) мөлшері айтарлықтай азаяды.жүктіліктің ұзаққа созылуының негізгі себептері:

  1. Ананың, ұрықтың генетикалық факторларының бірлескен себептерінен;

  2. жүктіліктің соңғы мезгілінде гормондық баланстың бұзылуынан;

  3. зат алмасу құбылысының бұзылуынан;

  4. жатырішілік ұрықтың өсіп – қалыптаспауынан;

  5. жатырдың көк еттерінің кеш дамып жетілуінен.

Етеккір циклі бұзылған, балалық шағынан індет ауруларымен ауырған, жыныс мүшелерінен тыс сырқаты бар, бұрынғы жүктілігіде ұзаққа созылуы жиі кездеседі.
Жүктіліктің ұзаққа созылуы өзінің физиологиялық бағытын жиі өзгертіп, асқынуға ұшырап отырады, жүктілік көбінде гестозбен асқынады. Жүктіліктің ұзаққа созылуының ұрыққа терім әсері көп. Ұрық жүктілік ьосану кезінде, немесе босанғаннан кейінгі кезеңде шетінеуі мүмкін.
Ұрықтың шетінеу жиілігі:

  1. 40 – 41 аптада 1%;

  2. 43 аптада – 2,2%

  3. 44 және одан жоғары аптада - 6,6%

Жүктіліктің ұзаққа созылуының клиникасы, анықтау жолдары.
Жүктіліктің клиникалық сипаты өте аз. Нағыз ұзаққа созылған жүктілікте, яғни жүктілік 41 аптадан асқанда әйелде тоғақ болмайды, дене салмағы төмендейді, жатыр айналымы 10 -15 см кемиді (қағанақ суының азаюына байланысты). Жатыр деңгейі жоғары тұрады, нәресте салмағы іріленіп, оның жүрек соғуы нашарлайды, созылмалы гипоксия дамиды.
Анықтау. Жүктіліктің ұзаққа созылуын әйелден алған мәліметтер, обьектілік зерттеулер, лабораториялық және қосымша тәсілдер (УДЗ, амниоскопия, амниоцентез, КТГ, ЭКГ, допплеметриялық зерттеу) арқылы анықтайды (8 – ші кесте).
Сонымен қатар, әйел организмінің босануға биологиялық дайындығын (жатыр мойынның «пісіп» жетілгендігін анықтау өте қажет.)
Лабораториялық тәсілдер: қан және зәр құрамындағы эстроген гормондарының мөлшерін анықтайды, сүт бездерінің секретін микроскопиялық (уыз түйіршіктерін анықтайды), қынап жағындысына цитологиялық зерттеу жасайды (ұзаққа созылған жүктілікте қынап жағындысының IY типі тән бетіндегі клеткалар 40 – 80%, аралық клеткалар аз) . УДЗ – плацентаның қалындығын (қалыңдығы кішірейеді), қағанақ
суының көлемін (көлемі азаяды), нәрестенің бас сүйегінің қалыңдауын анықтайды.
Амниоскопия арқылы қағанақ суының түсін анықтайды. Жүктіліктің ұзаққа созылуында қағанақ суының түсі өзгеріп жақсыланады.
ФКГ, ЭКГ – фоно және электрокардиографияны ұрықтың жүрек соғуының патологиясын анықтау үшін қолданылады.

8 – кесте

Жүктіліктің ұзаққа созылуын анықтау



Әйелден мәліметтер алу (соңғы етеккірі, тұңғыш есепке тұрған мерзімі, нәрестенің алғашқы қимылды )






Клиникалық белгілері ( ана салмағының кемуі, жатыр деңгейінің төмендеуі, қағанақ суының азайып, түсінің өзгеруі, уыз сүтінің көп бөлінуі, нәресте қимылының нашарлауы)




Ультрадыбыстық амниоскопияны, ФКГ, ЭКГ – ны қолдану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет