Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет32/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Бастың бетімен орнығуы
Нәрестенің бірден бетімен орнығуы сирек кездеседі, көбіне маңдайымен орныққан бас, бетке ауысады.
Қынаптық зерттеуде: Мұрын, иек, қас үсті доғасы анықталады, бұл зерттеуді көзге, ерінге зақым келтірмей, ұқыпты жасау керек.Қазіргі кезде УДЗ жиі жүргізіледі.Нәресте иегінің бағытына қарай, бастың бетімен орналасуының екі түрін ажыратады .Егер иек алдына бағытталған болса, оны алдыңғы түрі, артқа бағытталған болса, артқы түрі дейді.Алдыңғы түрінде 90%-95%-да әйелдің өзі туады.
Нәрестенің бетімен орнығуының алдыңғы түріндегі биомеханизмі:
Бірінші кезең – бас қатты шалқаяды, бет жігі жамбастың көлденең не қиғаш өлшеміне орналасады.
Екінші кезең – Бас жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды, тек жамбас түбінде, бет жігі тік өлшемге сәйкес келеді.
Үшінші кезең – жамбас түбінде бас иегімен алға қарай бұрылады, жыныс ернеуінен нәрестенің еріндерімен иегі көрінеді.
Төртінші кезең – тілшік асты сүйегі шаттың төменгі жиегіне тіреледі бас бүгіледі, Жыныс ернеуінен маңдай, төбе және шүйде шығып, бас түгел туылады.
Бесінші кезең – бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап нәресте толық туылады.
Жетекші нүктесі иек, бекіту нүктесі – тілшік асты сүйек, бас жыныс ернеуінен вертикальді өлшемімен кесіп жарып өтеді.


Босану ағымы
Босану кезінде қағанақ суының ерте, мезгілінен бұрын кетуі жиі, осыған орай нәресте гипоксиясы жіне жарақаттануы, шетінеуі артады. Нәресте бетімен туғанда оның сырт пішіні – беті қатты ісініп, көгілдір түсті болады.
Бастың бетімен орнығуының артқы түрінде, қатты шалқайған бас және иық белдеуі бірігіп, жамбас қуысына орныға алмайды, әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.
Нәресте басының тік әрі биік орнығуы
Бастың тік әрі биік орнығуы – сагитальді жігінің жамбас қуысының кіреберіс жазықтығының тік өлшеміне орнығуы.Алдыңғы түрінде шүйде шатқа, артқы түрінде шүйде сегізкөз мүйісіне қарап орнығады.Мұндай жағдай өте сирек кездеседі, 0,92-1,2%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет