Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Себебі:жамбас өлшемдерінің тарылуы. Диагнозы



бет33/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Себебі:жамбас өлшемдерінің тарылуы.
Диагнозы: нәресте басының тік әрі биік орнығуын сыртқы және қынаптық зерттеу арқылы анықтайды.Сыртқы зерттеуде бастың анықталатын көлемі кішкентай, себебі тек бастың көлденең өлшемі, ейде шат үстінде нәрестенің шүйде немесе иегі анықталады.
Қынаптық зерттеуде:Сагитальді жік жамбастың кіре беріс жазықтығының тік өлшемінде, бас қатты бүгіліп, кіші еңбек шатқа немесе сегізкөзге бағытталады.
Әйелді тек кесар тілігі арқылы ғана босандырады.

Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы
Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы жалпы босанушылар арасында орта есеппен 0,5-0,7%.Ұрықтың көлденең орналасуында – оның ұзынша осі, жатырдың ұзынша осімен тік бұрыш, ал қиғаш орналасуында үшкір бұрыш жасайды, жамбастың кіреберіс жазықтығында ұрықтың ешқандай мүшелері анықталмайды.Ұрықтың қиғаш орналасуында – ең төмен
бөлігі мықын қырларының арасын қосатын сызықшадан төмен, ал көлденең орналасуында – ұрықтың барлық ірі бөліктері осы сызықшадан жоғары орналасады.Бұл орналасуда нәрестенің позициясы оның басы бойынша анықталады.Егер нәресте баы жатырдың сол жақ қабырғасына орнықса – I позиция, оң жақ қабырғасына орнықса – II позиция.
Нәрестенің түрі оның арқасы бойынша анықталады.Егер нәресте арқасы жатыр қабырғасының алдына бағытталса алдыңғы түрі, ал артқы қабырғасына бағытталса артқы түрі.
Нәрестенің көлденең немесе қиғаш орналасуы төменгі ебептерге байланысты:
1.Ұрықтың қатты қозғалғыштығы:көп сулы жүктілікте,шала нәрестеде, егіз жүктілікте, көп босанған әйелдердің іш пердесі бұлшық еттерінің әлсіздігінде.
2.Ұрықтың шамалы қозғалғыштығы: аз сулы жүктілікте, егіз жүктілікте, ірі нәрестеде, жатыр миомасында, жүктіліктің үзілу қаупінде.
3.Нәресте басының дұрыс орнықпауына әсерлі факторлар:тар жамбас, плацентаның төмен орналасуы, жатыр миомасы.
4.Жатыр ауытқулары:екі мүйізді жатыр, ер тәрізді жатыр.
5.Ұрықтың ауытқуында: Гидроцефалия, анэнцефалия.
Диагнозы. Жүкті әйелді қарағанда, жатырдың деңгейі төмен, пішіні көлденең – домалақ.Сыртқы акушерлік зерттеуде жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің ешқандай бөлігі анықталмайды.
Ұрықтың ірі бөліктері жатыр қабырғасының оң және сол жағында анықталады.
Нәрестенің жүрек соғуы кіндік тұсында жақсы естіледі. Қынаптық зерттеуде: ұрықтың ешқандай бөлігі анықталмайды. Нәресте дұрыс орналаспағанда УДЗ – зерттеудің диагностикалық көмегі үлкен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет