Цовьянов әдісі, техникасы
Цовьянов әдісі нәресте мүшелерінің қалыпты жағдайда сақталуына негізделген және келесі асқынулардан бастың шалқаюынан, қрлдың орынсыз көтеріліп бүгілуінен алдын ала сақтандырады, Нәресте мүшелерін қалыпты жағдайда сақтау үшін босану кезеңінде оның аяқтарын дене тұлғасына жақындатып, басып ұстау керек.
Цовьянов әдісінің техникасы (нәресте бөксесімен келгенде)
Нәресте бөксесімен туылғаннан кейін, екі қолдың бас бармағы тұлғасында созылып жатқан нәрестенің аяқтарына, ал қалған төрт саусақты сегізкөздің қояды. Қолдың осылай орнығуы нәресте аяқтарының күні бұрын түсіп денесінің төмен салбырауынан сақтайды. Туылып келе жатқан нәресте тұлғасын жамбастың өткізгіш бағытына сәйкестендіріп жоғары көтереді. Кеудесі туылған сайын акушер қолдарын жыныс ернеулеріне қарай жылжытып, бас бармақпен аяқтарын ұстап, қалған төртсаусақтарын нәрестенің арқасына біртіндеп жылжытады.Нәрестенің иық белдеуі туылғанша, оның аяқтарын ұстап тұрған жөн.
Иық белдеуі туылғаннан кейін нәресте қолдары бірден туылады.Егер нәресте қолдары өз бетімен туылмаса, иық белдеуін жамбастың тік өлшеміне сәйкестендіріп, нәресте тұлғасын төмен және жоғары көтереді. Осыдан кейін нәрестенің иегімен бет бөлігі туылады. Егер толғақ қатты болса, нәрестенің басы өз бетінше туылады, бұл жағдайда нәресте кеудесін жоғары бағыттау керек. Егер нәресте қолдары бас өз бетінше туылмаса, қолмен жәрдем беру керек және Морисо – Левре әдісімен қолданады.
Цовьянов әдісі – нәресте аяқпен орныққанда.
Нәресте жамбас қуысында аяқпен жатқан кезде босану ағысы жиі асқынады. Бұның негізгі себебі - жамбас қуысындағы нәресте аяқтары, нәрестенің иық тұлғасы және басы кедергісіз өтетіндей босану жолдарын кеңейте алмайды. Осының салдарынан нәресте қолдары жоғары көтеріліп бөгіледі де, басы шалқайып, жатыр мойны қысылып қалуы мүмкін. Сондықтан босану ағысы асқынбау үшін, жатыр мойны түгел ашылғанға дейін, нәресте аяқтары қынап көлеміне жату керек. Қынаптық зерттеу арқылы нәрестенің аяқтарын анықтап, жатыр мойны толық ашылғанша, сыртқы жыныс мүшелерін салфеткамен алақанмен түгел жауып тұрады.
Жатыр мойны толық ашылған кезде, алақан астынан нәресте аяқтары тепкілеп, өздері шыға бастайды және нәресте бөксесі де анықталады.Қынаптан шыққан екі немесе бір аяқты екі қолмен бірдей ұстап, үлкен бармақты балтырдың алдыңғы жағына қойып, төмен қарай тартады. Аяқтар төмен түскен сайын, қолды жыныс ернеулеріне қарай жылжытады.
Алдымен алдыңғы жағдайы бөксе жыныс ернеуінен шығады, содан кейін артқы бөксе туылады. Бірден үлкен бармақты сегізкөзге қойып, қалған саусақтарды нәресте ішінің төменгі жағына орналастырады, сөйтіп жайлап төмен қарай тартады – нәресте арқасымен алға қарап, кіндік, иық белдеуіне дейін туылады, одан соң қолдары, басы шығарады.
Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер:
1. Асқынған акушерлік анамнез (бедеулік, нәрестенің жарақаттануы, т.б.), жатыр миомасы, тар жамбас, гестоз, ұзаққа созылған жүктілік, нәрестенің жамбаспен жатуымен бірлесіп келгенде.
2. Жатыр тыртығы,
3.Ірі нәресте
4. Кіндік бауының төмен орналасуы
5. Плацентаның төмен орналасуы
6. Жүктілік гестозының ауыр түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |