Оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады



Дата20.11.2023
өлшемі14,36 Kb.
#192330
Байланысты:
«Жаңартылған білім берудегі қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің өзіндік ерекшеліктері.


Жаңа заман мұғалімі – кәсіби, кең білімді, мәдениетті, ізгілікті, зиялы, адал және жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мені қалыптасқан тұлға.
Менің ұстаздық жолымдағы алға қоятын мақсатым – жас ұрпақты заман талабына сай білім беру үрдісінде оқушылардың танымдылығын, функционалдық сауаттылығын, қисынды ойлауы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.
«Қазақ тілі» пәні жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне пән мазмұнының спиральділік қағидатқа құрылуын, оқу мақсаттарының Блум таксиономиясына негізделуін, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барасында «ортақ тақырыптар» қамтылуын, бөлімдер мен ұсынылған тақырыптардың мазмұны уақыт талабына сай негізделгенін айтуға болады. Осы ерекшеліктерге тоқталатын болсақ:
*Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген. Қазақ тілінде тыңдалым,
оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады;
*Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған;
* Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады;
* Бағдарлама мазмұны орыс тілі, әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Лексикалық тақырыптарды меңгерту осы пәндермен тығыз байланыста жүргізіледі;
* Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығынарттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді;
* Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшелігіне сай оларға қызықты болатын өмірмен байланысты тақырыптар ұсынылған. Бұндай тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Жалпы сабақ барысында ең бастысы төмендегідей мәселелерге көбірек көңіл аудару қажет:
* Оқытудағы басты ұстаным – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
* Тапсырмалар арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
* Оқу үрдісінде мұғалім емес, оқушы неғұрлым белсенді болуына назар аудару;
* Мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермей, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттау;
* Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру арқылы сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік беру, яғни қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерін әзірлеу;
* Әр кезеңде белгілі бір оқу мақсатын қоя отырып, оқушыларды мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талдауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге баулу;
* Интерактивті оқыту әдіс-тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету;
* Белсенді оқыта отырып, оқушыларды өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйрету;
* Ұжымдық оқыту технологиясы арқылы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет