Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет42/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Қағанақ суының эмболиясы
Қағанақ суының эмболиясы 1926жылы суреттелген.
Қағанақ суы ана қанына:қағанақ қуығы және плацента жарақаттанғанда,ұрық қуысы мен жатырдың веналық жүйесі аралығында тура қатынас байланысы болған жағдайда және қағанақ суы мезгілінен ерте кеткенде жиі енеді.
Ананың қан тамырына амниотикалық су трансплацентарлы (плацента ақауында),трансцервикалды (жатыр мойны қан тамырларының жарақаттануында),бүр арасы арқылы, (қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінде және оның төмен орналасуында,кесар тілігінде)жатырдың ке елген қан тамырлары арқылы енеді.
Амниотикалық судың ананың қан тамырына енуіне әсер ететін шарттың бірі-жатыр іші қуысы қысымының бүр арасы қысымынан жоғары болуы.Бұл жағдай көбінесе ретсіз толғақта байқалады,сондықтан қағанақ суының эмболиясы көбінесе шапшаң босануда,ұзаққа созылған жүктілікте, ірі нәрестеде, нәрестенің жамбаспен орнығуында, қағанақ қуығының мезгілсіз жарылуында кездеседі.
Қағанақ суының эмболиясы көбінде жедел дамиды (босанудың бірінші кезеңінің соңында және екінші кезеңде).Ана қаныны амниотикалық судың енуі бірден шоктың дамуына әсер етіп,жүрек-өкпе жетіспеушілігіне душар етеді(қан қысымы қатты төмендейді,орталық веноздық қысым көтеріледі);әйел көгеріп,аяқ-қолдары бүрісіп,өкпе ісінуі пайда болады.
Дамыған шок тромбогеморрагиялық синромның І сатысы.Егер шок кезінде әйелдің шетінеуі болмаса,30минуттан соң (көбінде 9сағаттан кейін)каогулопатия дамиды(қанның ұю қасиеті жойылады).Осы мезетте жатырдан патологиялық ұан шығыны артады.
Қорытынды диагнозы-патологоанатомиялық зерттеуден кейін қойылады(амниотикалық сұйықтық артериоласында,каппилярда анықталады).
Емі.Тыныс алу,жүрек-қан тамыр,қан ұю жүйелерінің(каогулопатия)бұзылуларын қалыптастыруға бағытталған.
Әйелге жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін,бірден босандыру қажет.
Босану жолдарының жарақаттануы
Жоспар:

  1. Жатырдың жыртылуы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы

  2. Жатыр жыртылуының жіктелуі

  3. Клиникалық белгілері:

  4. Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері

  5. Аралықтың жыртылуы, себептері, дәрежелері, емі

  6. Жатры мойнының жыртылуы, клиникалық белгілері, емі

  7. Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы

  8. Босанғаннан кейінгі жылан көз

  9. Босану кезінде нәрестенің жарақаттануы, клиникалық белгілері, емі

Босану жолдарының ұлпалары жұмсақ, босану кезінде едәуір керіліп созылады. Осының салдарынан аралықтың, қынаптың, жатыр мойнының ұлпалары шамалы сызаттанады, әдетте ол бірінші тәулікте жазылып кетеді. Көп жағдайларда босану жолы ұлпаларының дөрекі созылуынан, босанудың ауытқуынан, акушерия операцияларынан кейін аралық, қынап, жатыр мойны және жатырдың жыртылуы мүмкін. Жатырдың жыртылуы ең ауыр жарақат, оның жиілігі 0,1% - 0,005% (жалпы босанған әйелдер арасында). И.Ф.Жорданияның мәлеметі бойынша бұл көрсеткіш – 1000 босанушылар арасында бір жатыр жыртылуы кездеседі (1960). Бұл асқынуда ана және перинаталогия өлімі өте жоғары (3 – 4 және 40%).
Жатырдың жыртылуы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы
Жатыр қабырғалары бүтіндігінің жүктілік немесе босанукезінде бұзылып, жыртылуын жатырдың жыртылуы деп атайды. Егер жатырдың барлық қабаты жыртылса, оны жатырдың толық, ал тек екі қабаты (шырышты, бұлшық ет) жыртылса, жартылай жыртылуы деп аталады. Жатырдың жыртылуы ана мен нәресте өміріне өте қауіпті: қан шығыны артып, геморагиялық шок жиі кездеседі, оттегінің жедел жетіспеушілігінен нәресте тез шетінейді. Осыған байланысты анаға жедел хирургиялық жәрдем көрсетілуі керек.
Этиология және патогенезі
Жатырдың жыртылу себептерін акушер – гинекологтар көп зерттеген, себебтері әр түрлі. Бұл ауытқудың негізгі себебін түсіндіретін екі көз қарас бар. Бандаль (1875 ж) жатырдың жыртылу механизімін түсіндіру үшін, өзінің механикалық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша нәрестенің бас өлшемі әйелдің жамбас өлшемдеріне сай келмегендіктен, жатырдың жиырылу қасиеті бұзылып, оның төменгі сегменті қатты созылып, жұқаланып жыртылады. Бұл жағдайда көбінесе тар жамбаста, құрсақтағы нәресте ірі болса, көлденең немесе қиғаш жатса, нәресте басы шалқая орналасқанда кездеседі.
Я.Ф.Вербов (1911 ж) жатырдың жыртылу механизмінің себебін – жатыр қабырғаларының қабынып, дегенерауиялық – дистрофиялық өзгеріске ұшырауынан деп түсіндірді. Мұндай қабыну кесар тілігінен кейінгі тыртықта, сондай – ақ жасанды, жасырын түсіктерден кейін және жыныс мүшелерінің дамып –жетілмеуінде жиі кездеседі.
Бүгінгі күнде екі теорияны да мақұлдайды. Жатыр қабырғасы бүтінділігінің бұзылуы (жыртылуы) көбінесе кесар тілігінен кейінгі тыртықтың мардымсыздығындажиі кездеседі (тыртық мардымсыздығы жатыр қабырғасына тігісітң дұрыс салынбауынын немесе тігіс бетіне инфекцияның түсуінен болады). Осының салдарынан қабынған жаты тігісі біртіндеп жұқаланып, жүктілік немесе босану кезінде жыртылады (тыртық бойымен). Жатырдың жыртылуы негізінен көп босанған әйелдерде жиі кездеседі, ал тұңғыш босанушы әйелдер арасында өте сирек (Л.С.Персианинов, 1964 ж).
Жатыр жыртылуының жіктелуі

  1. Мезгіліне қарай жыртылуы:

  1. Жүктілік мезгілінде

  2. Босану мезгілінде

  1. Патогенетикалық белгілері бойынша:

  1. Өздігінен жыртылуы

  2. Күшпен жыртылуы

  3. Аралас жыртылуы

  1. Орнына қарай жыртылуы:

  1. Түбі

  2. Денесі

  3. Төменгі сегменті

  4. Жатыр мойнының III дәрежелі жыртылуы, жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі

  1. Көлеміне қарай жыртылуы:

  1. Толық жыртылуы (жатырдың барлық қабаты)

  2. Жартылай жыртылуы (шырышты және бұлшық етті қабаты)

  1. Клиникалық ағымына қарай;

  1. Жыртылу қауіпі

  2. Жыртылудың басталуы

  3. Жатырдың жыртылуы

  4. Кесар тілігінен кейінгі тыртықтың ажырауы

Жатырдың жыртылу қаупі
Жатырдың жыртылу қаупі Бандльдің механикалық теориясына сай мынадай клиникалық белгілірмен сипатталады.
Клиникалық белгілері:

  1. Толғақ қатты аурышаң; кейде «талмалы» түрде болады.



  1. Жатырдың сырт пішіні ұзынша, оның түбі бір жағына қарай қисаяды, төменгі сегменті созылып, жұқарып қолмен ұстағанда ауыртпалы.

  2. Контракциялы сақина өте жоғары (кіндікте), қисық тұрады

  3. Жатыр мойны, қынап қабырғалары, аралық, сыртқы жыныс мүшелері домбығып ісінеді.

  4. Жатырдың жұмыр байламы ауыртпалы

  5. Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды

  6. Нәрестенің жүрек соғуы нашарлайды

Жатырдың жыртылу қауіпінде анаға жедел жәрдем көрсетіліп, кесар тілігі арқылы босандырады.
Жатырдың жыртыла бастауы
Бұл ауытқуда жоғарыда жатырдың жыртылу қаупінде аталған белгілерге қосымша: босану жолдарынан қан аға бастайды; зәрге қан араласады; нәресте қысылып тұншығады, ауру сезімі қатты артып, әйелде қорқыныш үрей пайда болады. Егер әйелге жедел көмек көрсетілмесе, жатыр жыртылады.
Жатырдың жыртылуы
Жатыр толық жыртылғанда қатты айғайлап жатқан әйел тыныштанып, толғақ сап тоқтайды; босану жолдарынан қан кетеді; нәрестенің жүрек соғуы естілмейді; геометриялық шоктың белгілері пайда болады; жатырдың пішіні өзгереді; нәресте ішперде қуысында анықталады.
Босану ағымының кез келген кезеңінде жатыры жартылай жыртылуы мүмкін. Көбінесе жатырдың төменгі сегменті жыртылады, жамбас клетчаткасында немесе ішпереде астында гематома пайда болады.
Гематоманың пайда болу себебіне байланысты, әйелдің іші қатты ауырып кейде аяқтарына жайылады, сыртқа қан шығыны болмайды. Диагнозын көбінесе жатыр қуысын қолмен тексергенде ғана немесе УДЗ арқылы анықтауға болады.
Дәрігерлік көмек: жатырдың жыртыла бастауында және жатыр жыртылғанда бірден операция – ампутация немесе экстирпация жасайды.
Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері
Бұл ауытқу ана мен бала өміріне өте қауіпті, соңғы жылдары жатырдың жатыр тыртығынан кейінгі жыртылуы жиі кездеседі, себебі әйелді кесар тілігі арқылы босандыру жиіледі.
Жыртылу ерекшеліктері: клиникалық белгілері мардымсыз, өте аз; іштің төменгі жағы, тыртық тұсы ауырады; тыртықты сипап зерттегенде, ауырсынады; ауыртпалы толғақ пайда болады. Кесар тілігінен кейінгі тыртыққа УДЗ зерттеу жүргізеді, плацентаның орнын, тыртықтың қасиетін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет