Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет13/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Жоспары:
1.Ұрық гипоксиясы және нәресте асфиксиясы
2. Ұрық гипоксиясы түрлері, себептері, диагностикасы.
3. Нәрестенің асфиксиясы, себептері, дәрежелері.
4. Нәресте реанимациясы, емі.
5. Ұрық гипоксиясының және нәресте асфиксиясының алдын- алу шаралары.
6. Аз сулы жүктілік
7.Көп сулы жүктілік
8.Плацентарлық жетіспеушілік
Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі. Допплер эффектісі зерттелініп отырған қан ағысының жылдамдығына дыбыс толқынының жиілігі өзгеріп отыруына негізделген. Шағылысқан сигнал жиілігінің өзгерісі қан ағысы жылдамдығының қисығы түрінде тіркеледі.
Жүктіліктің әр түрлі асқынулары кезінде ұрықтың жалпы жағдайы мен дамуы кезіндегі бұзылыстардың пайда болуының негізгі патогенетикалық механизмі, «ана – плацента – ұрық »функционалды жүйесіндегі гемодинамикалық өзгерістер болып табылады.Бұл кезде көпшілік зерттеулер көрсеткеніндей гемодинамикалық бұзылыстар ұрықтың жалпы жағдайына және этиопатогенетикалық факторға қарамастан, универсальділікпен және өзгерістердің біртиптілігімен сипатталады.
Қалыпты қан ағысы жағдайы қисығының көрсеткіщтерінің өзгеруі – бұл ұрықтың көптеген патологиялық жағдайының спецификалық емес көріністері, басымырық ол жүктіліктің негізгі патологиялық жағдайларына – ұрық дамуының артта қалу синдромы, ұрық гипоксиясы, гестоз және т.б. қатысты.Жүктіліктің 18-19 аптасынан бастап 26-26 аптасына дейін допплерометрия зерттеу әдісі қолданылады, себебі ұрықтың биофизикалық профилі 26 аптадан бастап мәлімет берсе, ал кардиотопография бұл кезде әлі мәлімет бермейді.Допплерометрия әдісі- ана плацента – ұрық қан тамырларындағы қан ағымы жылдамдығының қисығын жазып алады, қан тамырларындағы кедергіні есептеп шығарады, алынған нәтижлерді талдайды.
Дәрігерлер балаңызға мұндай диагноз қойған күннен бастап ем-дом жасату керек. Өйткені, оттегі жетіспеушілігі ағзаның тұтас қызметінің бұзылуына, зат алмасу үрдістерінің өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл жағдай жүктіліктің қай мерзімінде орын алса да ұрыққа зардабын тигізбей қоймайды.Мысалы жүктіліктің бастапқы кезінде эмбрионның дамуын
кешеуілдетеді. Ал оған тиісті ем қолданбаса, мұның соңы баланың кемтар боп тууына соқтырады. Егер гипоксия жүктіліктің соңғы айларында анықтасла, онда ол ұрықтың толық жетілуін тежеп, орталық жүйке жүйесін зақымдайды да, жаңа туған бала құрсақтан тыс тіршілікке бейімделе алмай, қиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет