Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет10/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Босанудың клиникалық ағымы.
Босанудың клиникалық ағымын үш кезенге бөледі.

  • Бірінші кезең - жатыр мойының ашылуы

  • Екінші кезең – ұрықтын босану жолдарынан өтіп, туылуы.

  • Үшінші кезең – плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуы.

Бірінші кезеңінде ретті толғақ басталып, жатыр мойыны жайылып, толық ашылады (10-12 см) жатыр мойынын ашылуы толғақтың күшіне, жилігіне, узақтығына байланысты. Босанудың басында толғақтың ұзақтығы 10-15 сек; ортасында 30-40сек; сонында 45-50сек. толғақтың күші үш түрлі болады:

  1. Әлсіз (10-15сек)

  2. Орташа (30-40сек)

  3. Күшті (45-50 сек)

Босанудың басында толғақ 15-20мин сайын қайталанып, біртіндеп жилейді. Жатыр мойының ашылуында екі механизімнің әсері бар:

  1. Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуы

  2. Жатыр құыс қысымының ұлғаюына сәйкес, іштен жатыр мойының ашылуына қағанақ қуығы немесе ұрықтың төменгі бөлігі әсер етеді.

Әр бір толғақ сайын жатыр бұлшық еттерінде бір мезгілде үш процесс байқалады:

  1. Жатыр бұлшық ет талшықтарының жиырылуы (контракция)

  2. Бұлшық ет талшықтарының бір бірімен жанама жылжуы (ретракция)

  3. Бұлшық ет талшықтарының созылуы (дистракция)

Қағанақ суымен бірге жатыр мойын өзегіне енген ұрық қабыршағының төменгі полюсінің бөлігін қағанақ қуығы дейді. Толғақ кезінде қағанақ қуығы керіліп, жатыр мойын өзегіне қарай тартылып, жатыр мойнының ашылуына әсер етеді.
Босанудың бірінші кезенінің ағымында латентті, белсенді және бәсінкі фазаны ажыратады.
Латентті фаза – ретті толғақтан бастап, жатыр мойнының 3-4 см ашылғанға дейінгі аралығы. Бұл фазада жатыр фармакалогиялық дәрілердің әсеріне сезімтал болады.
Ұзақтығы: тұнғыш босанушыларда 4-8 сағат, босанып жүрген әйелдерде 4-6 сағат.
Латентті фазадан кейін бірден белсенді фаза басталады, бұл фазада жатыр мойны тез жайылып, 4 см-ден 8 см-ге дейін ашылады.
Осыдан кейін бірден нәресте басының төмен түсуімен – бәсінкі фаза басталады. Сонымен жатыр, мойнын ашылу қарқыны жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына, жатыр мойның резистентілігіне байланысты.
Жатыр мойыны ашылған сайын, оның жиектері жұқаланып, жатырдың төменгі сигменті пайда болады. Жұқаланған төменгі сегментпен жатыр денесінің аралығы жолақ тәрізді – оны контракциялы «сақина» дейді. Контракциялы сақинаның денгейі бойынша жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтайды. Жатыр мойнының ашылуы улғайған сайын, контракциялы сақинаның денгейі шаттан жоғарлайды.
Жатыр мойнының ашылу механизімі тұнғыш және бросанып жүрген әйелдерде бірдей емес. Тұнғыш босанушыларда алдымен жатыр мойнының ішкі ернеуі ашылып, жатыр моны жайылып жұқарады. Содан кейін сыртқы ернеуі ашылалды.
Босанып жүрген әйелдерде жатыр мойнының сыртқы ернеуі ішкі ернумен бір мезгілде ашылып, жатыр мойны қысқарады. Жатыр мойнының ашылу қарқыны: тұнғыш босанатындарда 1 cағ ішінде 1см, босанып жүрген әйелдерде 2 см.
Жатыр мойнының ашылумен қатар, бір мезгілде нәрестенің төменгі бөлігі біртіндеп босану жолдары арқылы жылжиды. Толғақ басталғанда нәресте басы жамбас қуысына түседі, ал жатыр мойны толық (10-12см) ашылғанда оның басы үлкен сегментімен жамбастың кіреберіс жазықтығында несесе жатыр қуысында орнығады.
Жатыр мойны толық ашылғанда, жатыр қуысы қысымының арту салдарынан, қағанақ қуығының қабықшасы жарылып, ққағанақ суының алдынғы бөлігі төгіледі ( қағанақ суының мезгілінде кетуі). Егер қағанақ қуығы өз бетімен жарылмаса оны арнайы құралмен жарады.
Қағанақ қабықшасы толғақ басталмай жарылса – қағанақ суының мезгілсіз кетуі.
Жатыр мойнының толық ашылып, қағанақ қуығының жарылып, судың ағуы босанудың бірінші кезенінің аяқталғанының кепілі.
Бірінші кезенің ұзақтығы: тұнғыш босанушыларда 10-12 сағ, босанып жүрген әйелдерде
7-8 сағ.
Екінші кезең - жатыр мойнының толық ашылып ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы.
Үшінші кезең – нәресте туылғаннан кейін басталады. Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп бала жолдасының туылуымен аяқталады. Ұзақтығы 5-30мин. Бала жолдасы туылғанан кейін босанушыны – босанған әйел дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет