Жүкті әйелдер гигиенасы. Жүктілік кезінде әйелдің барлық мүшелері қалыпты жағдайда қызмет етеді, бірақ жаңа өсіп келе жатқан баланың талабының өсуіне байланысты жоғарғы салмақпен жұмыс істейді. Жүктілік кезінде режим сақталынса, жүктілік жеңіл асқынусыз өтеді. Дұрыс тамақтанбау, дене тазалығын сақтамау, шаршап, әлсіреу, ұйқы режимінің бұзылуы т.с.с. сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларында жүктілік әр түрлі асқынулармен өтеді. Сондықтан жүктілік кезінде гигиеналық ережелерді қатаң сақтау қажет, ол:
Әйел денсаулығын сақтауға, нығайтуға;
Баланың дұрыс дамуына;
Босану процесі мен босанудан кейінгі кезеңінің қалыпты жағдайда өтуіне;
Әйел организімін баланы емшекпен емізуге дайындауға ықпалын тигізеді.
Босану. Босанудың басталу себептері. Босанудың клиникалық ағымы. «Қауыпсіз ана». Қынап арқылы босанудың технологиясы.
Жоспар:
Босану туралы түсінік.
Босану әрекетінің себептері.
Босану механизмдері.
Қауіпсіз ана.
Босану ағымын жүргізу.
Босану – физиологиялық құбылыс, бұл кезеңде жатырдан ұрық, бала жолдасы қағанақ суымен бірге босану жолдарынан ығыстырылып шығарылады. Босану мерзімінде ( partus matures normalis ) жүктіліктің 37аптасына жетпей; мерзімінен кеш босану ( partus seretinus ) жүктіліктің 42 аптасынан жоғары болғанда кездеседі.
Босану әрекетінің себептері.
Гиппократтың гипотезасы бойынша, толғақтың басталу себебі, ашыққан ұрық жатыр қабырғаларын аяғымен тепкілеп, өзі жатыр қуысынан шығады деген. Сол сияқты механикалық, иммунологиялық, плацентарлық, химиялық, эндокриндік теориялар жарыққа шыққан.
Жүктіліктің соңында жатыр, ана және ұрық, қоршаған ортада болатын химиялық, механикалық қоздырғыштарға мезімтал болады.
Эндокринология ғылымының даму барысында, босану әрекетінің себептерін әйел организіміндегі гормондар қатынасының, мөлшерінің өзгеруіне байланысты деп түсіндіреді. Жүктіліктің соңында жатырдың қозуымен жиырылуына әсер ететін стероиттық және басқа гормондардың қатынасы өзгереді. Прогестеронның құрамы төмендеп, гонадотропиннін мөлшері азаяды, сонымен қатар бұл гормондардын жатырдың жиырылуын тоқтататын әсері жоғарлайды. Эстрогенің құрамы әсіресе, активті фракциясы – эстрадиол қанда көбейеді, жатырдын қозуы мен жиырылуына әсер ететін дәрі – дәрмектердің сезімталдығын күшейтеді. Сонымен қатар жатыр мойының жұмсарып қысқаруына, «пісіп – жетілуіне» көмектеседі.
Әсіресе окситоцин мен простогландинін жатырға әсері күшті. Окситоцин – жатырдың жиырылу қабілетін қалыптастырады.
3. Атцетилхолин – жүйке қозуының өткізгіштігінің, окситоцинің әсерін күшейтеді сонымен қатар серотонин,адреналин жатырдын жиырылуын ұлғайтады.
Босанар алдында жатырдын қозуы күшейеді және жүйке тармақшаларының химиялық, механикалық әсерленуі артады. Сонымен қортып айтқанда, толғақ басталар алдында жатырдың қозуының күшеюіне:
Жүке жүйесінін өзгеруі, прогестерон мөлшерінін төмендеуі, эстроген, атцетилхолин, адреналин, кальций, гликоген, креатинин құрамдарының жоғарлауы; жатырдың төменгі сегментімен, мойынымен ұштасқан нәресте бөлігі, оның қыимыл қозғалысы да осы бағытта әсер етеді. Сойтіп, жатырдың қозуы мен сезімталдық күші бір шарыққа жеткен кезде босану әрекеті басталады.
Босану әрекеті әйел организіміндегі көптеген жүйелердің жүйке, эндокрин, гипоталамус – гипофиз және жыныс жүйелерінің физиологиялық өзгерістерінің қарым қатынастық байланысынан пайда болатын құбылыс.
Дайындық кезеңі жүктіліктің 37-38 апталық мерзімінен басталады. Бұл кезенде әйел организімінде біраз өзгерістер болады. Бұл өзгерістердін пайда болуы жүкті әйел организімінің босануға дайындығының кепілі.
Өзгеріс белгілері:
Жүкті әйелдің «ішінің төмен түсуі», жатырдың төменгі сегментінің созылуы, нәресте басының жамбастың кіре беріс жазықтығына орнығуы, жатыр түбінің төмендеуі.
Кіндік бүртүюі байқалады.
Орталық және вегетативтік жүйке жүйелерінде өзгерістер болады ( әйел ұйқышыл, шаршағыш келеді).
Дене салмағы 1-2кг төмендейді (босанардан 2-3 бұрын).
Ұрық қыймылының төмендеуі байқалады.
Ішін төменгі жағында, сегізкөз аралығында ауру сезімі және жатырдың жиырылу қабілеті артады.
Жыныс жолдарынан «шырышты тығын» аға бастайды.
Босанар алдында жатыр мойыны «пісіп» жетіледі. Жатыр мойының «пісіп» жетілуін 4 белгі бойынша анықтайды: ұзындығы, консистенциясы, мойын өзегінің өткізгіштігі және оның жамбас құысының өткізгіш бағытына орналасу қатынасы. Әр бір белгіні бал бойынша бағалайды 0-2 дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |