Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет12/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Босану ағымын жүргізу.
Босану ағымын бағалау үшін партографиялық әдісті қолданады (босану ағымын графикалық тұрғыда бағалау).
Бірінші кезеңде нәрестенің күй жағдайын, жүрек соғуын бақылау өте қажет.
Босану ағымында тек сыртқы акушерия тәсілі арқылы жатыр мойнының ашылуын, нәресте басның жылжуын анықтау қиын. Сондықтан қынаптық зерттеу әдісін кенінен қолданады.
Босану кезендеріндегі қынаптық зертеуге көрсеткіштер:

  1. Жүкті әйел перзентханаға түскенде

  2. Қағанақ суы кеткенде

  3. Жыныс жолдарынан қан кеткенде

  4. Нәрестенін жүрек соғуы нашарлағанда

  5. Босану қарқының анықтау үшін

  6. Екінші кезеңін алдында

Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатынасы

  1. Жамбас қуысының кіре беріс жазықтығында бастың жоғары орнығуы

  2. Жамбас қуысының кіре беріс жазықтығында бастың кіші сегментімен орнығуы

  3. Жамбастың кіре беріс жазықтығында бастың үлкен сегментімен орнығуы

  4. Бас жамбас қуысының кең бөлігінде

  5. Бас жамбас қуысының тар бөлігінде

  6. Бас жамбастың шығаберіс жазықтығында

Босанудың физиологиялық ағымында нәресте басы босану жолдарынан біртіндеп жылжып, бір жазықтықта ұзақ тұрмайды.
Объектілік және қынаптық зерттеулерден кейін диагноз қойылады:жүктіліктің мерзімі, ұрықтың позициясы, түрі, төменде жатқан бөлігі, босанудың кезеңі, жүктіліктің –босанудың асқынуы, ұрықтң күй жағдайы, жүктілік ағымын асқындыратың (егер бар болса) ауруларды анықтап, босану жоспарын жжазады.
Екінші кезең – әйелдің күй жағдайын, толғақтың күшін, ұзақтығын, ұрықтың жүрек соғуын, оның жамбас қуысынан жылжу жылдамдығын анықтайды.
Акушерия көмегі. Нәресте бас жыныс қуысынан көрінгеннең бастап, акушерия көмегіне дайындалады. Акушерия көмегі (аралықты қорғау) бірнеше қол әрекеттерінең тұрады.

  1. Нәресте басының мезгілінең бұрын шалқаймауын қамтамасыз ету.

  2. Аралық ұлпасына түсетін күшті азайту.

  3. Әйелдің күшену күшін реттейді.

  4. Нәресте иығын босатып, оны тудырып алу.

Қауіпсіз ана дегеніміз – дені сау, әлеуметтік жағдайы жақсы болуы керек және тағыда басқа.
Ұрық гипоксиясы және нәресте асфисиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет