Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі кан кетулер



бет37/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі кан кетулер.
Жоспар:
1.Боасну кезіндегі қан кетулер
2.Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетулер
3.Геморрагиялық шок
4.ДТҚУ синдромы
5.Қағанақ суының эмболиясы
6.Себептері
7.Клиникалық белгілері
8.Диагностикасы, Дәрігердің тактикасы
Жүтілік және босану кезеңдеріндегі қан кету,ана мен нәресте өміріне ең қауіпті асқыну, перинаталдық және ана өлімі жоғары.Жиілігі 0,2-0,9%.
Әдетте жүктіліктің қалыпты жағдайында босанудың бірінші,екінші кезеңдерінде ешқандай қан шығыны болмайды.Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезеңдеріндегі қан кетудің себептері:плацентаның төмен орнығуы;қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;қабыққа жабысқан кіндік тамырларының үзілуі;жатыр мойнының аурулары(қатерлі ісік,мойын жарасы),қынап қабырғасындағы варикоз түйіндерінің жарылуы.
Плацентаның төмен орнығуы
Плацентаның төмен орнығуы-плацентаның орнығуының ауытқуы.Әдетте плацента жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына,ішкі жатыр мойын тесігінен 5-7смжоғары орнығады.
Плацентаның төмен орнығуында плацента жатырдың төменгі полюсінде орнығып,оның ішкі мойын тесігін жартылай немесе толық жауып жатады.
Плацентаның төмен орнығуының екі түрі бар:
1.Толық төмен орнығуы
2.Жартылай иөмен орнығуы
Толық төмен орналасуында плацента ұлпасы жатырдың ішкі мойын тесігін түгелімен жауып жатады,бұл плацентаның роталық орнығуы деп аталады.
Плацентаның жартылай орнығуында,жатырдың ішкі мойын тесігі жартылай жабылып,тек қана бір іргелес жағынан плацента анықталады.Плацентаның төмен орнығуының бір сирек кездесетін түрі-плацента ішкі мойын тесігіне жақын орнығады,бірақ оның жиегі 6-7см жетпейді.
Бұл ауытқу көп босанған аналар арасында,көп түсік тастаған,жатыры қабынып ауырған,жатырында ісігі бар,медициналық түсікті көп жасатқан әйелдерде және кесар тілігінен кейін жиі кездеседі(80-85%).Жоғарыда аталған асқынулардан кейін жатырдың шырышты қабаты қабынып,анайналымы бұзылып дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды.Осының салдарынан қабынған жатыр қабырғаларына ұрық ене алмай өзіне ыңғайлы орын іздеп,жатырдың төменгі полюсіне(бөлігіне0қарай жылжып жабысады.
Соңғы жылдары УДЗ(льтродыбысты зерттеуден)кейін жүктілік кезінде плацентаның жылжымалылығы дәлелденді.
Жүктіліктің II-III жартысында жатыр мойнынан жоғары жатыр,денесіне қарай жылжитындығы анықталды әсіресе жүктіліктің екінші жартысында 8-10есе жиі байқалады.
Клиникалық белгілері
Бұлт ауытқудың ең негізгі белгісі-жатырдан қанның кетуі;әйелде ешқандай ауру сезімі болмайды;көбінесе жүктіліктің екінші жартысында,27-28апталарында кездеседі.
Жүктіліктің соңғы айларында,босану кезінде қан кету жатырдың төменгі сегментінің пайда болуына және плацента ұлпасының жатырдың төменгі полюсіне бөлінуіне байланысты.Белгілі нәрсе –жүктілік кезінде жатыр бұлшық еттері әрдайым жайымен оқтын-оқтын жиырылып-тарқап тұрады,сонымен қатар төменгі сегмент тұсында жатыр бұлшық еттері созылып тартылады(дистракция),ал плацента ұлпасының созылып тартылу қасиеті жоқ,сондықтан бір бірімен қиылыспаған екі жазықтық (төменгі сегмент және плацента)жылжып,плацента бүрлері жатыр қабырғасынан ажырап,екі ара ашылып,жатыр қан тамырларынан қан кетеді.Егер қан тамыры түйіліп,тромб пайда болса қан тоқтайды,біраз уақыттан кейін тағы қайталанады.Екіншіден,қағанақ суын жарған кезде,плацента төменгі сегментпен бірлесіп,әрі қарай ажырамайды.
Босану кезінде қағанақ суын жарғанда қан тоқтайды,себебі төмен түскен нәресте басы плацентаны басып,қанды тоқтатады.
Плацентаның төмен орнығуындағы қан кетудің ерекшелігі:қан шығыны кенеттен пайда болып,тез тоқтап,тез қайталанады;мөлшері етеккір сияқты немесе 1-2л-ге дейін болуы мүмкін.
Екінші белгісі-жүктіліктің үзілуі қаупі.нәрестенің жүрек соғуы нашарлайды,оның дұрыс орналаспауы байқалады.(көлденең,қиғаш орналасуы).
Диагностикасы
1.Нәресте басы жамбастың кіреберіс жазықтығынан жоғары тұрады.
2.Шат сүйегінің жоғары жағынан жұмсақ-томпақшаны анықтауға болады.
3.Қынаптық зерттеу арқылы плацента ұлпасын анықтпйды.Қынаптық зерттеуді тек перзентхенада ,операцияға дайындау бөлмесінде жүргізеді.
4.УДЗ-зерттеуде нақты мәлімет алуға болады.
Дәрігердің тактикасы
Плацентаның төмен орнығуында-жүктілік тактикасын анықтауда дәрігер үш факторды ескеруі тиіс.
Жүктілік кезіндегі қан шығынының қайталау жиілігін,оның мөлшерін.
Қынаптық зерттеу қан шығынының артуына әсер ететінін.
Шала туылған нәресте перинаталдық өлімнің негізгі себебі екенін.
Егер жүктілік мерзімі және нәресте өсіп жетілмесе,оның күй жағдайы жақсы болса,қан шығыны шамалы болған жағдайда әйелге перзентханада клиникалық-лабороториялық зерттеулер жургізіп,төмендегі емдерді қолданады.
1.Қатаң төсектік тәртіп.
2.Жатырдың қозуын бәсеңдететін дәрілер қолданады.(но-шпа,папаверин,магнезия терапиясы т.б.).
3.Ұрық өкпесінің жетілуі үшін-дексаметазонды пайдаланады.
4.,тобындағы витаминдерді енгізеді.
5.Әйелдің күй-жағдайы нашарлап,қан шығыны артса;жедел кесар тілігі бойынша босандырады.
6.Егер жүктілік мерзімі 37апталық болып,ұрық салмағы 2500г және оның өкпесі өсіп жетілген болса,кесар тілігін жоспарлы түрде жасайды.
7.Плацентаның төмен орнығуының толық-орталық түрінде;жартылай түрінде-қан шығыны артып,босану жолдары дайын болмаса,әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.
8.Босану кезеңінде,әйелдің күй-жағдайы жақсы болып,қан шығыны шамалы болса,амниотомия жасауға болады.Осыдан кейін нәрестенің басы төмен түсіпүқанаған қан тамырларын басады.Әйелдің өзі босанған жағдайда жатыр қуысын қолмен тексеріп,гипо-атониялық қан шығынының профилактикасын жасайды.
9.Егер кесар тілігінен кейін немесе босану кезеңдерінде гипоатониялық қан шығыны байқалса,жатырды қосалқы мүшесімен,жатыр мойнын ,тек жатыр мойнын қалдырып, немесе жатырды қосалқы мүшесімен,жатыр мойнын толық алып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет