Байланысты: акушерия және гинекология емдеу ісі каз
Аралықтың жыртылуы, себептері, дәрежелері, емі Аралықтың жыртылуы – ең жиі кездесетін жарақат, босанған әйелдер арасында 10–12%, тұңғыш босанушыларда 2 – 3 есес жиі.
Себептері: 1. Жасы 30 – дан асқан тұңғыш босанушы, аралығы өте жоғары орналасқан; бұрын бірнеше рет аралығы жыртылған әйелдерде жиі кездеседі. 2. Нәресте басы жамбас жазықтықтарында дұрыс орнықпағанда (шалқая, маңдаймен, бетпен) үлкен өлшемдерімен туылғанда, бас үлкен және оның конфигурациясы жеткіліксіз болғанда. 3. Акушерия операциясында – қысқаш салудан кейін. 4. Жедел босанғанда. 5. Босану әрекетінде дұрыс жүргізбегенде, нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаюда.
Аралықтың жыртылуы қаупінің белгілері: аралық көгеріп, ісініп, терісі түссізденеді – аралықтың кеседі (перинеотомия). Аралықтың жыртылуының үш дәрежесі бар:
Бірінші дәрежесі. Тек артық жабысқақ (шамалы аралық терісі және қынап қабырғасы) жыртылады, аралықтың бұлшық еттері сау.
Екінші дәрежесі. Аралықтың терісі мен бұлшық еттері, қынаптың қабырғасы жыртылады.
Үшініші дәрежесі. Жоғарыда аталған ұлпалармен бірге, тік ішектің артқы сфинктері, кейде тік ішіектің қабырғасында жыртылады.
Сирек кездесетін жарақат – аралықтың орталық жыртылуы, артқы жабысқақ сау. Нәресте аралықтың орталық жыртылуынан туылады.
Аралықтың жыртылуында қан шығыны болады, үшінші дәрежесінде қан шығыны артады (әсіресе шүртекей жыртылғанад). Аралықтың жыртылу әсерінен жыныс мүшелерінің (қынаптың, жатырдың) төменгі түсуі байқалады (көбінесе тігіс дұрыс салынбаған). Үшінші дәрежесінде қынаптың, жатырдың төмен түмуімен бірге әйел үлкен дәретін ұстай алмайды.
Емі. Барлық асептика ережелерін қолдана отырып, аралықтың жыртылған жеріне тігіс салады. Бірінші және екінші дірежесінде новокайынмен ауырсыздандырады, үшінші дәрежесінде наркоз береді.
Тігіс салар алдында қынап айнасы арқылы жыртылған жерді анықтайды. Содан кейін бірінші тігісіті жыртылған жердің ең жоғарғы бұрышына салады, жіптің үштарын қысқыш арқылы жоғары тартып ұстап, жарақаттардың шеттеріне екі қысқыш салады, тампонмен құрғатады.
Бірінші дәрежесінде алдымен кетгут жібін қынаптың шырышты қабатына, содан кейін жібек жіпті аралықтың терісіне салады. Тігіс қашықтығы – 1см, тігісті бір – бірімен байлағанда жыртылған жердің шеттері бір – бірімен түйісуі қажет.
Екінші дәрежесінде – тігіс жарақаттың ең жоғарғы бұрышына, содан кейін жыртылған аралықтың бұлшық етіне, қынаптың шырышты қабатына салынады. Соңғы салын,ан кетгут жібін жоғары көтеріп тартып (аралықтың терісіне тңгңс салу ыңғайлы болады), аралыққа жібек жібін немесе косметикалық тігіс салып, жарақатқа иод ерітіндісін жағады.
Үшінші дәрежесінде алдымен тігісті тік ішек қабырғасына, содан кейін жыртылған сфинктерге салады, оларды тігіспен жалғастырады. Әрі қарай тігісті салу аралықтың жыртылуының екінші дәрежесіндегідей.
Жарақатқа асептикалық дәкені салады, тігіс орнын құрғатып, йод, спирт ерітінділерімен тазартып отырады, әйел арнайы диета сақтайды (сұйық тамақ ішеді).
Аралық жыртылуының I және II дәрежесінде тігісті бесінші күні алады, ал III дәрежесінде тігіс алынбайды үлкен дәретке тек 7 – 8 күндері отыруға болады. Сыртықы жыныс мүшелері жыртылған кезде, жарақатқа жіңішке кетгутпен тігіc салады.