2-параграф. Фертильді жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту. Отбасын жоспарлау. Жүктілік алды дайындық.
Әйелдерге көрсетілетін көмектің қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында әйел халқына медициналық көмек көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар (Стандарттар, бұйрықтар және КХ) жаңартылатын болады.
Қажетті медициналық жабдықтарды (допплерометриялық датчигі бар УДЗ, феталды мониторлар, АДТМ және т.б.) қажеттілігін айқындау және сатып алу үшін АЕК акушерлік-гинекологиялық бөлімшелеріне инвентаризация жүргізіледі.
Перинаталдық нәтижелерді жақсарту мақсатында амбулаторлық-емханалық көмектің әрбір учаскесі бөлінісінде жүргізілетін қарап-тексерулерді алдын-ала жоспарлау және белсенді мониторинг жүргізу арқылы фертильді жастағы әйелдерді профилактикалық қарап-тексерулермен қамту ұлғайтылатын болады.
Профилактикалық қарап-тексеру кезінде соматикалық және гинекологиялық аурулардың алғашқы белгілерін анықтау үшін чек-парақшалары әзірленеді.
АЕК бірінші басшыларына ФЖӘ профилактикалық қарап-тексерумен қамту, жүктілікке дейінгі соматикалық ауруларды анықтау және жақсарту, жүктілікке дейінгі дайындық бойынша индикаторлар әзірленеді.
Жүктіліктің ағымын және дені сау баланың туылуына септігін тигізетін арнайы «Жоспарланған жүктілік» бағдарламасы іске қосылады. Аталған бағдарлама аясында жүктілікті жоспарлағанға дейін әйел мен ерлердің денсаулығын диагностикалау мақсатында кешенді зерттеуге арналған «Болашақ ата-аналарға арналған Check-up» (чек-ап) әзірленеді.
Қазақтанда алғаш рет жас жұбайлардың репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында «Отбасы жұптарының денсаулық құжаты» жаңа жобасы енгізіледі. Оның аясында генетикалық, соматикалық және жұқпалы ауруларды, жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау және жүктілікті жоспарлау алдында емдеу мақсатында қыздар мен ұлдарды некеге тұрғанға дейін міндетті профилактикалық тексерулер жүргізеді. Алғаш рет «Қазақстандағы әйелдердің репродуктивті әлеуетін сақтайық» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылатын болады, оның аясында бала туу жасындағы әйелдердің гинекологиялық ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары енгізіледі.
Алдыңғы қатарлы отандық және шетел мамандарымен гинекологиялық аурулардың емдеудің инновациялық әдістерін енгізу бойынша тренингтер мен шеберлік сағаттары жүргізілетін болады.
Мамандардың біліктілігі мен тәжірибелік дағдыларын жоғарылату арқылы ауыр гинекологиялық хирургиялық араласуларды орындау мақсатында кіші инвазивті эндовидеохирургия жетілдірілетін болады.
Әртүрлі себептерге байланысты бала тууға мүмкіндіктері жоқ науқастардың өмір сапасын арттырып, елдегі демографиялық ақуалды жақсарту мақсатында «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламаны жүзеге асыру жалғастырылады. Оның аясында 2030 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған.
Медицина қызметкерлері онкологиялық скрининг сапасын арттыру мақсатында биоматериалдарды алу және оның нәтижелерін интерпретациялау әдістемесіне үйретіледі.
Контрацепцияның жаңа баламалы әдістерін енгізе отырып, отбасын жоспарлау, контрацепциямен қамту бойынша шаралар кешені іске асырылатын болады.
Жұмыс істеп тұрған отбасын жоспарлау кабинеттерінің қызметіне, оның ішінде жұмыстың тиімділігін, ФЖӘ контрацепцияны қамту деңгейін бағалаумен мониторинг жүргізілетін болады.
МСАК деңгейінде қауіпсіз түсікке жаңа қолжетімділікті қамтамасыз ету, қауіпсіз технологияларды ендіру мониторингі және хирургиялық түсіктерді дәрі-дәрмекпен үзуге немесе вакуум-аспирациямен алмастыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Ауыр акушерлік анамнезі және созылмалы ЭГА бар ФЖӘ жергілікті бюджет есебінен контрацептивтермен қамтамасыз етіледі.
Халықпен репродуктивті денсаулықты қорғау және бірлескен жауапкершілік мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары, цифрлық технологиялар арқылы оларды жыл сайынғы профилактикалық қарап-тексерулер мен зерттеулерге шақыру бойынша ақпараттық жұмыс күшейтілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |