11-тарау. Ана мен баланы қорғау жүйесінің басымды мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту
Кең көлемді клиникалық-эпидемиологиялық зерттеулердің негізінде нәресте өлімінің себептерінің бірі ретінде мерзімінен бұрын босану дамуының ықтимал тетіктерін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылатын болады.
Антибиотиктерге резистенттілікті ескере отырып, шала туған нәрестелерді күту алгоритмдерін, оның ішінде ұтымды антибиотикалық терапияны әзірлеу мақсатында плацентаның иммундық-гистохимиялық зерттеулерін және бактериологиялық, молекулалық биологиялық зерттеулерді жүргізу арқылы ерте және кеш неонаталды инфекциялардың құрылымы мен себептері зерттелетін болады.
ТЖА бар жаңа туған нәрестелердің преморбидті фонын одан әрі зерделеу, операциядан кейінгі асқынулардың профилактикасы және емдеу тиімділігін арттыру үшін жаңа заманауи тәуекелді бағалау шкалаларын әзірлеу қажет.
ПЦФ бойынша 2023-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы нәрестелер өлімін төмендетудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу» ҰТБ-ға өтінім беру жоспарлануда.
Кейбір сирек кездесетін аурулармен, соның ішінде тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары бар балаларды диагностикалау әдістері мен көрсеткіштерін зерделеу және жетілдіру үшін ПЦФ бойынша 2024-2026 жылдарға арналған ҰТБ-ға өтінім әзірлеу және беру жоспарлануда.
Мукополисахаридоздың кейбір түрлерімен ауыратын балалардағы ферментті алмастыру терапиясы үшін препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу үшін ғылыми-клиникалық зерттеу жүргізу жоспарлануда.
Заманауи дәлелді практика негізінде амбулаториялық деңгейге баса назар аудара отырып, оңалтудың жаңа моделі енгізіледі.
Оңалту жүйесіне кеңінен енгізу үшін ХЖЖ құралдары зерделенеді және енгізіледі.
12-тарау. Мемлекеттік органдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынас
Нәрестенің, балалар мен жасөспірімдердің, фертильді жастағы әйелдердің денсаулық жағдайын бағалау үшін медициналық-статистикалық ақпаратты жинау жүйесі, медициналық ұйымдардың есептілік нысандарын, ақпараттық жүйелерде статистикалық есептілік нысандарын жүргізу жетілдірілетін болады. Халықаралық практика негізінде мүдделі тұлғаларға медициналық және статистикалық көрсеткіштерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Медициналық қызмет көрсетудің бизнес-процестері автоматтандырылады. Медициналық ақпараттық жүйелерді Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жалғасады, сондай-ақ бірыңғай деректерді қамтамасыз ету мақсатында басқа ведомстволардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары жүргізілетін болады.
Ведомствоаралық жұмыс шеңберінде жауапкершілік жоқ елді мекендерде коммуналдық және жеке жағажайлардың иелері үшін жауапкершілігі бекітілетін болады.
Балаларға жүзу дағдылары үйретіледі, қолайсыз отбасылардың (әлеуметтік осал топтар) балалары үшін бассейндерге қолжетімділік кеңейтіледі.
Білім беру ұйымдары каркастық-модульдік бассейндермен жарақтандырылады.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
|
Көрсеткіштер
|
2021 жыл
факт
|
2022 жыл
факт
|
2023
Жыл жоспар
|
2024
Жыл жоспар
|
2025 жыл жоспар
|
2026 жыл жоспар
|
2027 жыл жоспар
|
2028 жыл жоспар
|
2029 жыл жоспар
|
2030 жыл жоспар
|
1
|
тірі туған 100 мың әйелге шаққанда ана өлімі
|
44,7
|
17,0
|
16,5
|
16,0
|
15,5
|
15,0
|
14,5
|
14,0
|
13,5
|
13,0
|
2
|
тірі туған 1000 шаққанда нәресте өлімі
|
8,44
|
7,9
|
7,8
|
7,7
|
7,6
|
7,5
|
7,4
|
7,3
|
7,2
|
7,1
|
3
|
Жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және мультидисциплинарлы бақылаумен қамтамасыз етуді жоғарылату, %
|
75
|
80
|
83
|
86
|
88
|
90
|
92
|
94
|
96
|
98
|
4
|
1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтудың ұлғаюы, %
|
70
|
75
|
80
|
83
|
86
|
90
|
91
|
92
|
93
|
94
|
5
|
5 жасқа дейінгі балалар өлімін төмендету
|
10,04
|
-
|
10,0
|
9,9
|
9,8
|
9,7
|
9,6
|
9,5
|
9,4
|
9,3
|
6
|
Неонаталды өлім көрсеткішін төмендету
|
5,1
|
-
|
5,0
|
4,9
|
4,8
|
4,7
|
4,6
|
4,5
|
4,4
|
4,3
|
7
|
Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтудың ұлғаюы, %
|
25
|
30
|
35
|
45
|
55
|
60
|
64
|
68
|
70
|
75
|
8
|
Жасөспірімдердегі семіздік ауруының төмендеуі
|
94,3
|
93,2
|
92,5
|
91,3
|
90,0
|
89,5
|
89,0
|
88,5
|
88,0
|
87,5
|
9
|
Өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткішінің төмендеуі
|
4,1
|
3,4
|
4,0
|
3,9
|
3,8
|
3,7
|
3,6
|
3,5
|
3,4
|
3,3
|
Қосымша
Жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |