Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет27/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O






9-параграф. Балалар кардиологиясы

Балаларға кардиологиялық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында 2024-2026 жылдарға арналған балалар кардиологиясын жетілдіру Жол картасы жасалып бекітіледі.


ҚР екінші арнайы балалар кардиологиясы бөлімшесінің (оңтүстік өңір-Шымкент) ашылу сұрақтары пысықталады.
Балалардағы жүрек ырғағының бұзылысы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, жүректің туа пайда болған ақаулары бар балаларды жүргізуге арналған дипломнан кейінгі оқыту жұмыс бағдарламалары жасалынады.


10-параграф. Орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру


Үйлестіру, жоспарлау және республика ауқымын басқару мақсатында тиісті жабдығы және білікті кадрлары бар балаларға арналған орфандық аурулар орталығы құрылады.


Балалардағы орфандық ауруларды диагностикалаудың морфологиялық әдістері (биопсия, иммуногистохимия), сондай-ақ генетикалық, көру арқылы және нейрофизиологиялық зерттеу әдістері ендіріледі және жақсартылады.
Тамақтану бағдарламаларын әзірлеу және мониторингтеу (диета терапиясы), физикалық оңалту (соның ішінде респираторлық, ортопедиялық), дәрі-дәрмек әдістері (гендік алмастыру, ферменттік алмастыру және т.б.) тұрғысынан емдеу тәсілдерін жетілдіру.
Пациенттердің өмір сүру ұзақтығының ұлғаятынына байланысты орфандық неврологиялық аурулары бар, соның ішінде паллиативтік күтімді дамытумен пацеинттерді қадағалап қарау әдістері әзірленетін болады.

11-параграф. Балалардағы психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар




Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында балалар халқына арналған хабардарлықты арттыру, стигманы төмендету, профилактиканы ұйымдастыру, анықтау, көмек көрсету және қауіпсіз ортаны (үйде, мектепте, интернет ортада) құру бөлігінде белсенді ведомствоаралық өзара іс-қимылды реттеу үшін нормативтік құқықтық база жетілдірілетін болады.
Денсаулық сақтау және білім беру саласы мамандарының психикалық денсаулығын нығайту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді диагностикалау, емдеу және оңалту бойынша біліктілігін арттыру бағдарламалары іске асырылатын болады.
Балалардың психикалық денсаулығы бұзылушылықтарының дамуын болдырмау мақсатында мақсатты профилактиканың дәлелді әдістері енгізіледі, балалар халқына мамандандырылған көмек көрсету жетілдіріледі.
Психологиялық көмек пен қолдауды онлайн форматта көрсету дамиды, осыған байланысты балалардың мұндай көмекке өз бетінше жүгінуі үшін балалар жасын айқындап, психологиялық қолдау және психикалық түзету көмегін көрсету бойынша психологтардың қызметін регламенттеу жоспарлануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет