6-параграф. Неонаталдық көмек.
Ана, перинаталдық және жаңа туған нәрестелер өлімінің құпия аудитін жүргізуге қолдау жүзеге асырылады.
Қарқынды терапия бөлімшесін мейіргерлермен 1 пациентке 1 мейіргер арақатынасын кезең кезеңмен арттыру арқылы жасақтау шаралары қабылданатын болады.
Перинаталдық орталықтардың жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшелерін медициналық жабдықтармен (неонаталдық датчиктері бар ЭхоКГ, емдік гипотермияға арналған құрылғы, Т-жүйелер, амплитудалық ЭЭГ, тері арқылы қан газын анықтауға арналған аппарат және т.б.) жарақтандыру арттырылатын болады.
Медицина колледждерінде базалық даярлықтан өткеннен кейін «Неонаталдық мейіргер», «Патронаждық мейіргер» мамандықтары бойынша орта медицина қызметкерлерін (ОМҚ) даярлаудың мамандандырылған бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
«Педиатрия» мамандығы бойынша дәрігерлердің базалық даярлықтан өткенінен кейін «Неонатология» мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлау жүйесі қамтамасыз етіледі.
Неонатология бойынша резидентурада оқу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту мәселесі пысықталатын болады.
Босанушы әйелдің картасы мен жаңа туған нәрестенің картасын біріктіру пысықталады.
Туған кезде өте төмен дене салмағымен аман қалған балалардағы артта қалған салдарларын қоса алғанда өліммен немесе ауыр мүгедектікпен байланысты қолайсыз нәтижелер зерделенеді. Алынған нәтижелердің негізінде одан әрі әзірлеме дайындау үшін көрсетілген балалар контингентінде реанимациялық іс-шаралар жүргізуге көрсетілімдер, босандыру залында жаңа туған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсету көлемін реттейтін Республикалық Әдеп жөніндегі комитетті құруға негіз болады.
7-параграф. Хирургиялық көмек
Балалар хирургиясы педиатрлар, неонатологтармен қатар негізгі мамандықтардың бірі болып табылады және әр ауданда көрсетілуі керек. Сонымен қатар медициналық ұйымдарды жарақтандыру және кадрлармен қамтамасыз ету деңгейінің айырмашылығына байланысты бүгінгі таңда мамандандырылған және жоғары технологиялық хирургиялық көмектің қолжетімсіздігі мәселелері орын алып отыр.
ТБА, ТЖА және хирургиялық патологиясы бар балалар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сабақтастығын, қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында облыстық балалар стационарларының базасында жарақтандыруды жасқарту, кадрларды даярлау және қаржыландырудың тиісті тетіктерін енгізу арқылы өңіраралық орталықтар құрылатын болады.
Перинаталдық орталықтар құрамында неонаталдық хирургиялық төсектерді ашу есебінен жаңа туған нәрестелерге уақтылы хирургиялық көмек көрсетіліп, күтім жақсарады және өміршеңдік артады.
Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында балалар хирургиялық көмегін көрсетуді ұйымдастыру стандарты (операциялық араласулар, жабдық көлемінің, пациенттер бағдарының және қаржыландыру тәртібінің бірыңғай қағидаттары) әзірленеді және бекітіледі.
Хирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен және құралдармен жарақтандыру жақсарады.
Балаларға хирургиялық (соның ішінде неонаталдық) және кардиохирургиялық көмек көрсету тарифтері қайта қаралады.
Әлемдегі балалар хирургиясының даму деңгейі қан тамырлары ісіктерін, трахеобронхиальды тармақ патологиясын және өкпені емдеуде балаларға ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Біздің елде өкінішке орай мұндай операцияларды жасай алатын мамандар жоқ. Осыған байланысты Қазақстанда одан әрі қазіргі заманғы әдістерді енгізу үшін дәрігерлерді шетелде оқыту қажет.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту, медициналық көмек бейіндерін кеңейту жүргізілетін болады.
Балаларға асқазан-ішек жолдары ағзаларына, кеуде қуысының ағзаларына және тамырларына реконструктивті операциялық араласулар дамытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |