Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-параграф. Әйелдер мен балаларды иммундау



бет24/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

4-параграф. Әйелдер мен балаларды иммундау




Әйелдер мен балалар арасындағы инфекциялық аурулардың теріс әсерін төмендету мақсатында бекітілген мерзімдерге сәйкес оңтайлы деңгейге (кемінде 95 %) жету үшін иммундаумен қамту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
Медицина қызметкерлерінің вакцинация профилактикасы мәселелері бойынша білімін жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады.
2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы халқының ұлттық иммундау жүйесін жетілдіру және АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу бойынша кешенді жоспар әзірленетін болады.
11 жастағы қыздарға АПВ қарсы вакцинацияны енгізу жоспарлануда, бұл АПВ онкогенді түрлерінен байланысты жатыр мойны обырының деңгейін төмендетеді.
ЖПД және ОМҚ үшін балаларды вакцинациялау және вакцинациядан бас тарту мәселелері бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізетін тренингтер дайындалады.



5-параграф. Балаларды тамақтандыру. Қауіпсіздік. Ұтымдылық.




Мектепте оқи отырып, әрбір баланың білім алу құқығы ауыз суға, лайықты санитария мен гигиенаға тең қолжетімділікті де қамтитынын есте ұстаған жөн. Санитарлық-техникалық құралдардың, дәретхана қағазының, қоқыс жәшіктерінің болуына, жеке өмірге қол сұғылмауына, оқу материалдарының болуына өндірістік бақылау күшейтілетін болады.
Дұрыс тамақтану әдеттерін, соның ішінде емшек сүтімен қоректендіруді ынталандыруды қоса алғанда популяциясы жастардың тамақтану жағдайын жақсартудың негізгі шарасы болып табылады, бұл ретте әрбір 1 еуро инвестицияның (ДДҰ) 16 еуроға есептелген экономикалық қайтарымы бар.
Емшек сүтімен қоректендіруді қолдау Еуропа өңірінде (ДДҰ) 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің 12 % алдын алады деп бағаланады.
Тиісті қаржыландыру есебінен емшек сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және көтермелеу жөніндегі Ұлттық топ құрылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші ғалымдары мен сарапшыларымен бірлесе отырып, медициналық ұйымдарда емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын енгізу мониторингі мен бағалау құралдары бар емшек сүтімен қоректендіру жөніндегі ұлттық нұсқаулық әзірленетін болады.
Пайдалы азық-түлік тағамдарын насихаттау және құрамында майы, қанты және тұзы жоғары тағамдарды тұтынуды қысқарту мақсатында «Жарнама туралы заңға» жалпыға ортақ БАҚ-тарда ғана емес, сонымен қатар цифрлық кеңістікте балаларға бағдарланған құрамында қант, май, тұзы жоғары тағамдарды жарнамалауға шектеулер енгізу мәселесі қаралады.
18 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қою мәселесі пысықталады.
Дұрыс тамақтануды, дұрыс дене белсенділігін және жүктілікке дейін және жүктілік кезінде салмақты бақылауды қамтамасыз ету шеңберінде әйелдердің жүктілікке дайындық кезінде, жүктілік кезінде, босанғаннан кейін және лактация кезінде тамақтануы мен дене белсенділігіне арналған нұсқаулықтар әзірленетін болады.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҚДҰО) балалар арасындағы артық салмақ пен семіздіктің профилактикасы бойынша медицина қызметкерлеріне арналған нұсқаулықтарды әзірлейтін болады.
Еліміздің жетекші ғалымдары семіздікке шалдыққан балаларды емдеуге арналған клиникалық хаттаманы тамақтану және физикалық белсенділік туралы тарауларды қосып, өзектілендіреді.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, салмақты бақылау, саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында оқытылатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 941 (20-тармақ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2023 жылы балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында зерттеулер жүргізілетін болады және оның нәтижелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің және ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың тамақтандыру нормалары мен рационы қайта қаралатын болады.
Балаларды тамақтандырудың жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік заттары мен энергияға жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерге сәйкес келетін мектептегі тамақтандыруды бақылау, ұтымды және теңгерімді тамақтандыруды бақылау жалғасады.
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында йодталмаған тұзды және құрамында темір дәрумендерімен байытылмаған (фортификацияланбаған), жоғары және бірінші сортты бидай ұнының минералдарын пайдаланудың алдын алу мақсатында білім беру объектілерінің ас блоктарында байытылған ұн мен йодталған тұзды пайдалану мониторингі ұйымдастырылады.
Осыған байланысты ас блоктарының қызметкерлері үшін, оның ішінде азық-түлік өнімдерін бақылау жүйесін бағалау құралдарын, тиісті GHP және GMP гигиеналық практикасының негіздерін түсіндіре отырып, ХАССП (қауіп-қатерді талдау және сыншыл бақылау нүктелері) жүйесін енгізу мәселелері бойынша тұрақты негізде оқыту семинарлары енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет