6-параграф. Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдердің денсаулығын нығайту
Босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында тәуліктік бейнебақылау жүйесін орнату арқылы перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлімшелердегі акушерлардың қызметіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Босанған әйелдерге босанғаннан кейінгі күтім қағидалары, қауіп белгілері көрсетілген ақпараттық-тарату материалдар мен мобильді қосымшалар әзірленеді.
Ауыр акушерлік жағдайларды бастан өткерген пациенттерді психологиялық қолдау, сондай-ақ асқынған босанудан кейін ағзаны қалпына келтіру жақсарады.
Оңалту тарифін әзірлей отырып, ауыр акушерлік жағдайды бастан өткерген әйелдерді босанғаннан кейін сауықтыру үшін көп бейінді ауруханалар құрамында арнайы оңалту төсектерін ұйымдастыру жоспарланады.
Жергілікті бюджет есебінен емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және контрацепция құралдарымен қамтамасыз ету арқылы интергенетикалық аралықты сақтау мақсатында босанғаннан кейінгі кезеңде отбасын жоспарлау бойынша жұмыстар жетілдірілетін болады.
2-тарау. Балалардың денсаулығын сақтау қызметінің алғышарттары
1-параграф. Ерте анықтау. Ерте араласу
Емдеудің нәтижелілігін жақсарту үшін диагнозды ерте анықтап қоюдың маңыздылығы жоғары.
Осыған байланысты, неонаталды скрининг 5 міндетті нозологиялар (фенилкетонурия, туа біткен гипотиреоз, муковисцидоз, бүйрек үсті без қыртысының туа біткен дисфункциясы, омыртқа бұлшықет атрофиясы) бойынша кеңейтіледі.
Балалардағы біріншілік иммунтапшылық диагностикасын жетілдіруге іс-шаралар қолданылады.
Жаңа молекулярлы-генетикалық зерттеулер дамытылады. Балалардағы толық экзомалық реттілік тегін енгізіледі.
Балалардағы тұқым қуалайтын метоболикалық ауруларды диагностикалаудың клиникалық хаттамасы әзірленеді, одан кейін педиатр мамандарын оқыту жүргізіледі.
Бүгінгі МСАК үлгісінде аудандық қызмет пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты үйлестіретін маңызды буын-балаларды дамыту кабинеті (бұдан әрі БДК) болып табылады.
БДК ролін күшейту арқылы балалардағы мүгедектікке әкелетін ауруларды дер кезінде анықтау 10% жоғарылайды. Кадр тапшылық, БДК материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері шешіледі.
Дерігерлік амбулатория деңгейінде БДК жүйесі кеңейтіліп, қолжетімділік жоғарылайды.
Кешенді тәсілді қамтамасыз ететін және отбасы қағидатын іске-асыруды жалғастыра отырып, ерте араласу мен бала күтімін ұйымдастыруда жаңа тәсілдер әзірленетін және енгізілетін болады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балаларына, интернаттарда тұратын балаларға медициналық көмек көрсету реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |