4-тарау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сапаны басқаруды жетілдіру
Инфекциялық аурулардан аурушаңдық пен өлім-жітімді азайту мақсатында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау құралдары әзірленеді және енгізіледі.
Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделген жұқпалы аурулардың профилактикасы мен инфекциялық бақылау (бұдан әрі-ПИИК) бағдарламалының негізгі сегіз құрамдас бөлігі бойынша ДДҰ нұсқаулары кезең-кезеңімен енгізіледі.
Мультимодальді тәсіл енгізіліп, медициналық көмек көрсетудегі әдеттегі тәжірибе ретінде МКБИ таралуының стандартты сақтық шараларын барлық мекемелерге енгізуге ықпал ететін болады.
Жер жерлерде МКБИ негізгі типтерінің алдын алу іс-шаралары іске асырылатын болады: хирургиялық араласу саласының инфекциялары, тамырішілік катетерлерді қоюмен байланысты қан кету инфекциялары, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (ӨЖЖ-ассоцияциаланған, госпиталдық пневмония және т.б.) несеп шығару жүйесінің катетер-ассоцияланған инфекциялары, гемобайланысты инфекциялар;
БҰҰ қорларымен (ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА) бірлесіп командалық жұмысты жақсарту бойынша халықаралық ғылыми-негізделген бағдарламаларды ендіру және клиникалар қызметінің тиімділігін және пациенттердің қауіпсіздігін арттыру құралдары (TeamSTEPPS, екі жүгіну қағидалары және т.б.) пысықталатын болады.
Клиникалық аудит бағдарламалары негізінде жүйелі түрде өзін-өзі бағалау әдістемесі енгізіліп, акушерлік және антенаталды көмек көрсету сапасын ішкі бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.
Әдіснаманы ендіру, клиникалық аудит бағдарламалары негізінде өзін-өзі бағалауды тұрақты жүргізу арқылы босандыру қызметі және антенаталдық күтім қызметтерін көрсету сапасын ішкі бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.
Кері байланыс механизмін жетілдіру арқылы клиникалық басқаруды жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Сараптамалық топтардың таңдалған медициналық ұйымдарға баруымен өзін-өзі бағалаудың тиімділігін және МКБИ тіркеу сенімділігінің мониторингі жақсарады.