Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-тарау. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жетілдіру



бет33/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

9-тарау. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жетілдіру

Патологиялық-анатомиялық қызметті дамыту шеңберінде патологиялық-анатомиялық қызметтің жұмысын үйлестіруші, патологиялық-анатомиялық зерттеулерді оқу-әдістемелік және консультациялық қамтамасыз ету функциялары бар республикалық патоморфология орталығын ұйымдастыру, сондай-ақ патоморфология бойынша республикалық орталық құру, иммундық-гистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді пайдалана отырып, онкологиялық ауруларды морфологиялық диагностикалау бойынша өңірлік референс зертханалар ашу жоспарлануда.


Клиникалық бейіндегі (емдеу ісі, мейіргер ісі) орта медициналық білімі бар мамандардан зертханашы-гистологтарды даярлау бағдарламалары әзірленетін болады. Медициналық ЖОО-ларда онкологиялық аурулардың патоморфологиялық диагностикасының өзекті мәселелері бойынша дәрігерлерді жетілдіру, ана мен нәресте өлімі жағдайында өлімге әкелетін асқынулардың себептерін диагностикалау бойынша циклдар өткізілетін болады.
Қалалық және аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымының патологиялық-анатомиялық бөлімшелері үшін ғимараттар салудың типтік жобасы әзірленетін болады. Жергілікті атқарушы органдар типтік жоба бойынша патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардың ғимараттарын жөндеуді және реконструкциялауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ұйымының патологиялық-анатомиялық бюролары мен патологиялық-анатомиялық бөлімшелерін мамандандырылған жабдықтармен жарақтандыру стандартына сәйкес келтірілетін болады.


10-тарау. Қаржылық орнықтылықты арттыру және босандыру және балалар ұйымдарына нысаналы қолдау көрсету

Нәрестенің, балалардың, жасөспірімдердің және фертильді жастағы әйелдердің денсаулық жағдайын бағалау үшін медициналық-статистикалық ақпарат жинауды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады;


Патронаждық бақылау қызметінің, балалардың пренаталдық және неонаталдық скринингін (есту, көру және психофизикалық даму бұзылушылықтарын ерте диагностикалау), сондай-ақ балалардың ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру және емдеу шараларын уақтылы жүргізудің бизнес-процестері автоматтандырылады.
Жас санаттары бөлінісінде профилактика, ерте диагностика, емдеу және медициналық оңалту бойынша медициналық қызметтерді тұтынуды талдау ХЖЖ және оңалту әлеуетін бағалау картасы негізінде бизнес-процестерді іске асырумен жүргізіледі.
Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін ресурстық қамтамасыз ету (төсек қоры, кадрлар, материалдық-техникалық жарақтандыру) әдістемесі әзірленетін болады.
Медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау және профилактиканы, ерте диагностиканы, емдеуді және медициналық оңалтуды қоса алғанда, ана мен бала денсаулығын сақтаудың жиынтық бюджетін қалыптастыру қағидалары қайта қаралатын болады.
Амбулаториялық жағдайда медициналық қызметтерді және жаңа технологияларды қамту ақы төлеу және тариф белгілеу әдістерін жетілдіру арқылы (болашақ ата-аналардың алдын ала дайындығы, мектеп медицинасы, жастар денсаулық орталықтары, мейіргердің кеңейтілген практикасын енгізу және дәрігерлердің өкілеттіктерін беру, патронаждық әмбебап прогрессивті моделін әзірлеу) көрсету, балалардағы I-II дәрежелі құлақ мүкістігін емдеу) кеңейеді.
Ана мен баланы қорғау қызметінің басымдығын ескере отырып, медициналық қызметтерді сатып алу тетіктерін жетілдіру жоспарлануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет