4-бөлім. Ана мен баланы қорғау жүйесінің пайымы
«Әрбір әйел ана болуға лайықты» бастамасын және Әйелдердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының жаһандық стратегиясын жүзеге асыру үшін медицина көмек көрсетудің инновациялық, дәлелді негізделген тәсілдерін іске асыру қажет.
Әйелдер денсаулығы медициналық көмек көрсетудің басты объектісі болады, жүктілікке дейін, жүктілік арасындағы бала көтеру және қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту балалар өмірінің жақсы жағдайда басталуына кепілдік береді.
Аналардың, жаңа туған нәрестелердің және балалардың денсаулық жағдайы арасында ажырамас байланыс бар, жаңа туған нәрестелер мен балалардың өмір сүру деңгейі, сондай-ақ олардың өсуі мен дамуы аналардың сырқаттанушылығы мен өлім деңгейіне байланысты. Бала көтеруден бастап өмірінің 24 айына дейін тұтастық тәсілі балалардың денсаулығы мен өмірін жақсарту үшін ерте әрекет ету шараларын қабылдау маңыздылығын көрсетеді.
Мемлекеттік органдар мен барлық мүдделі ұйымдар елдегі әйелдердің:
- толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатты болуын;
- соматикалық және репродуктивті жүйесінің аурулары мен келеңсіздіктерінің болмауын;
- жүктілік пен босану кезеңдерін сәтті өткізу мақсатында денсаулық сақтау аясындағы қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігінің болуын;
- отбасы құруды жоспарлау мен бала туудың қауіпсіз, нәтижелі, қол жетімді әдістеріне шектеу қойылмауын;
- психикалық және тәндік зорлық-зомбылықтан қорғанысын;
- жыныстық теңдікте болуын қамтамасыз ету қажет.
Қазақстанда туылып/өмір сүріп жатқан балалар мен жасөспірімдер:
– қалаулы бала болуына, отбасында және қоғамда қамқорлық мен күтімді қамтамасыз ететін дені сау анадан туған балалар болуға;
– кедейлік пен жоқшылықтан еркін болып өсуіне;
– күтім мен қамқорлықты қамтамасыз ететін анасымен, әкесімен және басқа жақын адамдармен тығыз байланысты тез және тиімді орнатуына;
– өмірінің алғашқы алты айында тек емшек сүтімен қоректенетін және одан кейін жақсы тамақтандырылатын;
– жоспарлы тиімді екпелердің толық кешенін алатын және қажетті медициналық қарап–тексерулерден өтетін;
– алдын алуға болатын аурулардан қорғалған және психикалық денсаулық қызметтерін қоса алғанда сапалы медициналық қызметтерге толық қол жетімділігі бар: ата-аналардың тиісті және сапалы қолдауы мен қамқорлығын алған;
– мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне барған, лайықты білім алған;
– дене шынықтырумен айналысу мүмкіндіктеріне тұрақты қол жеткізген;
– жынысына және жасына сәйкес ақпарат пен денсаулық және сексуалдық мәселелер бойынша қолдауға қол жеткізген;
– темекінің, алкогольдің және басқа улы заттардың қауіпті әсеріне ұшырамаған;
– үйде, мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде жергілікті қауымдастықтардағы саламатты және қауіпсіз ортаға қол жеткізген;
– оң үлес қосу және өнімді, саламатты және бақытты өмір сүру үшін қажетті дағдылар мен біліммен ересек өмірге сіңісіп кететін балалармен жасөспірімдердің болуына ұмтылыс жасайды.
Ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесінің жоғарыда аталған нәтижелеріне қол жеткізу әрбір өмір сүру немесе жас кезеңдерінде ең жоғары стандарттарға қол жеткізуге және сол арқылы әйелдер мен балалардың тәни, психикалық және әлеуметтік денсаулық пен әл-ауқатқа қол жеткізуге бағытталған «өмірлік цикл» тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
«Өмірлік цикл» тәсілінде ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесіне енгізілген төрт негізгі өмірлік кезең бар:
1) әйелдер денсаулығын сақтау;
2) жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі күтім;
3) 0 жастан 9 жасқа дейінгі баланың денсаулығы мен дамуы;
4) 10 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуы.
Әйелдердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету жыныстық және репродуктивті денсаулық саласындағы ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті қамтиды; дұрыс тамақтану үшін жағдай жасау; инфекциялы және инфекциялық емес ауруларды емдеу; жатыр мойны және сүт безі обырына скрининг және емдеу; гендерлік зорлық-зомбылықтың профилактикасы және онымен күресу; асқынған соматикалық патология жағдайларын анықтау және оны қадағалап қарау.
Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі күтім кезеңі босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтімді қамтамасыз етуді қамтиды; қауіпсіз түсік және түсіктен кейінгі медициналық күтім; АИТВ-ның анадан балаға берілуінің профилактикасы; акушерлік және перинаталдық асқынуларды анықтауда медициналық көмек көрсету; ана мен жаңа туған нәрестеге босанғаннан кейінгі күтімді қамтамасыз ету; шала туған, салмағы аз және науқас балаларға қосымша күтім көрсету.
Баланың денсаулығы мен дамуы баланың жасына сәйкес емшек сүтімен қоректендіру арқылы қамтамасыз етіледі; нәрестелер мен жас балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету; дамудың тежелуін ерте анықтауды және тиісті ерте араласуды қамтамасыз етуді қоса алғанда дамуды күту және ынталандыру; вакцинациялар; балалар аурулары мен тамақтанудың бұзылуның профилактикасы және емдеу; туа біткен даму кемістіктері бар балаларды емдеу және оңалту; мектеп денсаулығын жақсарту және саламатты өмір салтын насихаттау.
Жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуына мектеп денсаулық сақтау саласының күш-жігері және денсаулыққа деген саналы көзқарасты тәрбиелеу ықпал етеді; ата-аналар тарапынан қолдау; толыққанды тамақтану; вакцинация; психологиялық қолдау; жарақаттың, зорлық-зомбылықтың, зиянды әрекеттердің және нашақорлықтың профилактикасы; жыныстық және репродуктивті денсаулық саласындағы ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету; инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды емдеу.
Аналардың, жаңа туған нәрестелердің және балалардың денсаулығын сақтау іс-шараларының тиімділігінің кепілі сырқаттанушылық, өлім, мүгедектік деңгейі мен елдің қолда бар денсаулық сақтау, білім беру, экономика, көлік және ақпараттық инфрақұрылым, сондай-ақ құқықтық және қаржылық жүйесінің сапасы арасындағы тығыз байланысты назарға ала отырып, барлық деңгейдегі сектораралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |