2.Репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығы
Әйелдер денсаулығына әсер ететін көп факторлы тәуекелдерді ескере отырып, Министрлік бастапқы деңгейде профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда, ФЖӘ зерттеп-қарау алгоритмі әзірленді, ауыл тұрғындарын скринингтік зерттеп-қарау тәсілдері қайта қаралды, ауруларды ерте анықтауда зерттеп-қарау тізбесі кеңейтілді. Туғаннан 18 жасқа дейін «Балалар», 18 жастан бастап 29 жасқа дейінгі «Жастар», 30 жастан 44 жасқа дейінгі «Еңбек-1» профилактикалық қарап-тексерулердің жаңа пакеттері қалыптастырылды.
Медициналық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – МАЖ) деректері бойынша 2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша ФЖӘ саны 4 417 460 құрады, оның 40,6 %-ы (1 795 101) контрацепциямен қамтылған.
2 «В» тобындағы жүктілікке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын экстрагенитальды аурулары бар (бұдан әрі – ЭГА) ФЖӘ саны – 30 876 (барлық ФЖӘ санынан 0,7%), оның ішінде контрацепциямен қамту 80,1 % (24 727) құрайды.
«5-топ» әлеуметтік тәуекел тобы – 79 182 (барлық ФЖӘ-дің 1,8%), оның ішінде контрацепциямен қамту 69,0% (54 660) құрайды.
Соңғы жылдары ФЖӘ сырқаттанушылық тұрақты өсуде, ЭГА арасында бірінші орында темір тапшылық анемиясы (31,7%), екінші артериялық гипертензия – (29,2%), вирустық инфекциялар (21,6%),– несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары (16,03%), одан кейін қант диабеті (7,23%).
Қазіргі жағдайда жүкті әйелдердің шамамен 50%-ында әртүрлі патологиялық аурулар бар, олар көп жағдайда тек жүктілік кезінде диагностикаланады.
Әйелдер арасында онкологиялық аурулардың өсу аясында онкопатологиядан болатын өлім көрсеткішінің өсуі байқалды. Бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі, одан кейін жатыр мойны обыры, аналық без обыры және жатыр обыры тұр.
Әйелдерде онкопатологияның (жатыр мойнының, сүт безінің, аналық бездердің қатерлі ісігі) кеш анықтау байқалып отыр, обырдың асқынған жағдайларының себептері-онкологиялық патологияларға зерттеп-қараудың (скринингтің) төмен деңгейі және материалды жинау техникасының бұзылуынан қателер, сондай-ақ обыр алдындағы жағдайдағы пациенттерді емдеудің жеткіліксіз тактикасы, тәуекел факторларын дұрыс бағаламау болып табылады.
МСАК деңгейінде «Жатыр мойны патологиясының» небәрі 291 кабинеті ұйымдастырылған, көптеген аудандық ауруханаларда ресурстардың жеткіліксіздігінен жоғарыда аталған кабинеттер жоқ.
Сонымен қатар обырдың бастапқы профилактикасының мүмкіндіктері жеткілікті пайдаланылмайды. Жатыр мойны обыры профилкатикасы әдістерінің бірі–адам папиллома вирусына (HPV) қарсы вакцинация болып табылады, ол жатыр мойны обыры диагнозы қойылған жағдайлардың 99,7 %-да анықталады, алайда бұл әдіс Қазақстанда кеңінен қолданылмайды.
Бүгінгі күні әйелдің жай-күйінің бұзылушылығын анықтауға және сауығуды қамтамасыз етуге жүргізілген ФЖӘ профилактикалық қарап-тексерулер тиімді болып табылмайды.
ФЖӘ денсаулығының нашарлауы жүктіліктің және босанудың жиі асқынуы, сондай-ақ жүктілікті аяғына дейін көтермеу болып табылады.
Статистика бойынша әрбір алтыншы жүктілік өздігінен немесе мерзімінен бұрын босанумен үзіледі, бұл көп жағдайда қолайсыз соматикалық жағдай нәтижесі болып табылады.
Қазақстанда аборт бұрынғыдай бала тууды реттеудің кең таралған практикасы болып табылады. Ресми түрде тіркелген аборттардың көрсеткіші соңғы үш жылда динамикада төмендеу үрдісіне ие (1000 ФЖӘ шаққанда 2019 жылы – 17,2, 2020 жылы – 15,8, 2021 жылы – 15,7), алайда Еуропаның басқа елдеріндегі ұқсас көрсеткіштен (1000 ФЖӘ шаққанда 3-тен 7-ге дейін) жоғары.
Соңғы жылдары медициналық көрсетілімдер бойынша аборт саны ұлғайды, барлық аборттар құрылымында олардың үлесі 2021 жылы 75 %-ды құрады. Оның ішінде жағдайдың 60 %-ы әйел денсаулығымен және 40 %-ы нәресте дамуының туа пайда болған ауытқуларымен байланысты болды.
Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы әйелдердің арасында осы санаттағы адамдарды контрацепциямен қамтудың төмен болуына байланысты әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу саны азаймай отыр.
Жүктілікті үзудің ең көп тараған әдісі хирургиялық кюретаж болып қала береді, ол асқынулардың дамуы (жарақат, қан кету, іріңді-септикалық асқынулар) мен өлімнің жоғарғы қауіпін туғызады.
Әзірленген КХ, клиникалық-шығынды топ бойынша тарифтерге (бұдан әрі – КШТ) қарамастан, жүктілікті үзудің қауіпсіз тиімді технологиялары ел бойынша кеңінен қолдану практикасына енген жоқ (дәрі-дәрмектік әдіс – 3,7 %, мануалды вакуумдық аспирация – 5,0 %).
Сонымен қатар қылмыстық түсіктер санының 2,3 есеге (2019 жылғы 29 жағдайдан 2021 жылғы 69 жағдайға дейін) өсуі байқалады, бұл қылмыстық түсіктердің барлық жағдайларын тіркеудің жақсаруымен, медициналық ақпараттық жүйелердің жоғары болуымен, сондай-ақ дәрі-дәрмектік түсікке арналған дәрілік заттардың бақылаусыз еркін қолжетімділігімен байланысты.
Гинекологиялық патологиясы (етеккір циклінің бұзылуы, жатырдан қан кету, эндометриоз, ісіктер, қабыну аурулары және т.б.) бар ФЖӘ анықтау және сауықтыру деңгейінің төмендігі жүктіліктікті мерзіміне дейін көтере алмаудың, бедеуліктің, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде асқынулардың өсуіне әкеледі.
Бұл жағдай ФЖӘ гинекологиялық аурулармен, әсіресе шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызу деңгейінің айтарлықтай өсуіне әкелді, бұл асқынулар даму қатерін және операциялық араласуды арттырады. МАЖ деректері бойынша 2022 жылы гинекологиялық патологиясы бар 54162 әйел 2021 жылмен салыстырғанда 13 %-ға көп емделіп шықты (2021 ж. – 47822).
Жалпы ел бойынша жұмыс істеп тұрған гинекологиялық төсектердің саны – 3941-ді құрайды, бұл халықтың негізгі қажеттілігін жабады, алайда олардың көпшілігінің орналасқан жерінің санитарлық нормаларға сай келмейтіні анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |