Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет9/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

Бүгінгі күні перзентханаларда медициналық көмекті ұйымдастыруда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:
-босандыру мекемелерінде жұмыс істейтін медицина персоналының бірыңғай штаттық нормативтерінің болмауы;
-медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларының төмен деңгейі;
-аудандық ауруханалар деңгейінде тәулік бойы мамандандырылған акушерлік, оның ішінде операциялық көмекті ұйымдастыру үшін акушер-гинекологтардың жетіспеушілігі;
-жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуде командалық тәсілдің болмауы;
-жеке босандыру палаталар санының жеткіліксіздігі;
-босандыру кезінде нәрестеге мониторинг жүргізу құрылғысымен жарақтандырудың жеткіліксіздігі (доплер датчигі және феталді мониторы бар ультрадыбыстық құрылғылар);
-окситоцин мен магний сульфатын болюсті енгізуге арналған инфузоматтардың болмауы;
7.Босанудан кейінгі күтім
Туғаннан кейін қалпына келтіру - денсаулықтың кейінгі жағдайына әсер ететін маңызды процесс. Көп әйелдер үшін жүктіліктің физиологиялық аяқталуы - өмірдің жаңа кезеңінің басталуы ғана емес, сонымен қатар денсаулық үшін маңызды сынақ болып табылады. Баланың туылуы асқынусыз өтсе де, босанғаннан кейін ананың ағзасы қайта толық қалпына келтіруді талап етеді.
Босанғаннан кейін әйелдердің 17 %-ы жарақаттан кейінгі стресстік бұзылушылықтармен бетпе-бет келеді. Ауыр акушерлік жағдайларды бастан өткерген науқастарға психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ күрделі босанудан кейін ағзаны қалпына келтіру өткен жүктіліктің жағымсыз салдарын азайтып, болашақта қолайлы жағдайды қалыптастырады.
Елімізде ауыр акушерлік жағдайдан өткен босанған әйелдерді оңалту қызметі тиісті бөлімшелердің және қаржыландырудың болмауына байланысты тиісті деңгейде емес.
Жүктілікті жоспарлау кезінде әйелдердің хабардарлығы төмен болғандықтан, алдыңғы және кейінгі босанулар арасындағы интервал (интергенетикалық интервал) сақталмайды. Ана мен баланың денсаулығын сақтау мүддесінде интергенетикалық интервал кем дегенде 24+9 ай болуы керек.
Сондай-ақ, күрделі және операциялық араласумен босанғаннан кейін де интергентикалық интервалдың ұзақтығын сақтамайды. Жатырға хирургиялық араласудан кейін 3 немесе одан да көп тыртықтары бар әйелдер арасында жүктілік фактілері жиілеп, бұл жүктілік пен босанудың ағымына кері әсерін тигізеді.
Босану арасындағы оңтайлы аралықты кепілді сақтаудың жалғыз жолы -ұтымды контрацепция. ҚР-да халықты тегін контрацептивтермен қамтамасыз ету көзделмеген, соған байланысты босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдердің басым бөлігінің отбасын жоспарлау мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр.
8. Неонаталды көмек
Балалардың денсаулығын сақтаудағы басты жетістіктердің бірі неонатологиядағы жоғары мамандандырылған көмекті дамыту болып табылады.
Тиімді перинаталдық технологияларды, ДДҰ ұсынған ана болу қауіпсіздігі қағидаттарын, жаңа туған нәрестелерді реанимациялауды дамытудың арқасында 10 жылда оң нәтижелерге қол жеткізілді. Дене салмағы өте төмен балалардың өміршеңдігі ұлғайды, нәресте өлімі 2012 жылғы 13,6-дан 2022 жылы 7,9-ға дейін 1,7 есеге, бала өлімі 2012 жылғы 16,4-тен 2022 жылы 10,0-ге дейін 1,6 есеге төмендеді.
Баланың өлімінің ең жоғары қаупі өмірінің бірінші айында босану қауіпсіздігі және неонаталды кезеңде тиімді көмек шешуші мәнге ие болған кезеңде орын алады. Көп жағдайда жаңа туған нәрестелердің өлімінің себептері мерзімінен бұрын босану, инфекциялар және туған кезде нәресте асфиксиясы болып табылады.
Мәселен сырқаттанушылық пен өлім бойынша жоғары тәуекел тобына жататын дене салмағы өте төмен жаңа туған нәрестелердің 20 %-ға жуығы бірінші және екінші деңгейдегі акушерлік ұйымдарда туады, ал жаңа туған нәрестелердің бұл санаты өңірлендірудің 3-деңгейінде – тиісті жағдайлары бар облыстық перинаталдық орталықтарда босандырылуы тиіс.
Өлімнің таралу себептерінің бірі инфекциялық асқынулар болып табылады. Инфекциялық асқынулардан, атап айтқанда, әртүрлі елдерде ауруханаішілік сепсистен болатын өлім 17,5 %-дан 65 %-ға дейін құрайды.
Бұл перинаталдық өлімнің құпия аудиті кезінде анықталған көптеген басқа себептермен қатар, төмен және өте төмен дене салмағымен жаңа туған нәрестелер шығының жоғары болуы тиімді перинаталдық технологияларды ендірудің жетілдірілмеуімен айқындалады.
Дене салмағы 1500 г-ден аз болып туған нәрестелер сырқаттанушылық пен өлім бойынша жоғары тәуекел тобына жатады және перинаталдық көмекті (ПК) өңірлендірудің 3-деңгейінде стационарда жоғары технологиялық және мамандандырылған көмек көрсетуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет